Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
Суреттер көтерген мәселелер
Суреттер көтерген мәселелер
Суреттер көтерген мәселелер сізге таныс па?
Ол сізге қандай ақапарат береді?
Суреттер арасында қандай байланыс бар?
Суреттер көтерген мәселелердің шешілу жолдары бар ма?
Сұрақтарға жауап бере отырып, мәселенің шешілу жолдарын ұсынып көріңіз.
Сабақтың тақырыбы
Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.
Сабақтың мақсаты
10.Т/А5. Сөйлеу мәдениетін дамыту
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.
10.ӘТН2. Орфоэпиялық норма
Сөйлеу ағымындағы құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
Бағалау критерийлері:
коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлейді;
көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап сөйлейді;
сөйлеу ағымындағы құрамдас бөліктерді сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Тыңдалымалды тапсырмасы.
Ауаның ластану себептері туралы өз пікіріңізді білдіре отырып, талқылауға қатысыңыз.
Тыңдалым және айтылым.
«РАФТ» стратегиясы1. «Ауаның ластануы» мәтінін мұқият тыңдаңыз.
2. Мәтіндегі ғаламдық экологиялық проблемаларды туындататын ақпаратты анықтаңыз.
3. Тыңдалымдағы ақпаратты пайдаланып, әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлеңіз.
Р-рөл (бір рөлді таңдаңыз: эколог, саясаткер, дипломат, мұғалім т.с.с)
А-аудитория (мектеп оқушылары, студенттер, табиғат қорғаушылары, халықаралық ұйым мүшелері, табиғатты қорғау бойынша еріктілер)
Ф – форма (оқушылар өз сөздерін белгілі бір форманы таңдап ұсынады: үндеу, ақпараттық хабарлама, баяндама т.с.с)
Т- тақырып «Ғаламдық экологиялық проблемаларды бірге шешейік»
Тыңдалым.
топтық тапсырма«Астана өркениет қиылысы» мәтінінен үзіндіні мұқият тыңдаңыз, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтіндегі мазмұн мен көтерілген мәселеге қатысты 3 түрлі сұрақ құрастырып, өз пікіріңізді білдіре отырып, талқылауға қатысыңыз.
«Үш қадамды сұхбат»
Көзқарас. Ислам өркениетіне көзқарасыңызды білдіріңіз.
Анықтау. Мәтінде көтерілген қоғамдық-саяси құндылықтарды анықтаңыз.
Салыстыру. Мәтінде көтерілген құндылықтарды жаһандық мәселелермен байланыстырып салыстырыңыз.
«ПОПС» формуласы
Жеке тапсырма«Экология- адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Сол экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау экологиялық құқықтық сана деңгейін көтеруге байланысты» -деген пікірдің бағасын беріп, түсіндіріп, фактілермен дәлелдеп, тұжырымыңызды қорытындылап, нақты жеткізіңіз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».
Бағалау.
Кері байланыс
«Плюс, минус, қызықты» әдісі
Үйге тапсырма:
Парникті эффекті, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттың ластануы, шөлейттену туралы қосымша ізденіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?