Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1 ЖМБ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-тарау: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.Т/А5. Сөйлеу мәдениетін дамыту

10.ӘТН2. Орфоэпиялық норма

Сабақтың мақсаттары

Т/А5.Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

ӘТН2.Сөйлеу ағымындағы құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Бағалау критерийлері

  • коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап сөйлейді;
  • сөйлеу ағымындағы құрамдас бөліктерді сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: стиль, ауызекі сөйлеу стилі, т.б

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: мәдениет, өркениет, жаһандану, құндылық, ислам өркениеті, ислам қауымдастығы т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылықты ояту.

С.

Суреттер көтерген мәселелер

  • Суреттер көтерген мәселелер сізге таныс па?
  • Ол сізге қандай ақапарат береді?
  • Суреттер арасында қандай байланыс бар?
  • Суреттер көтерген мәселелердің шешілу жолдары бар ма?
  • Сұрақтарға жауап бере отырып, мәселенің шешілу жолдарын ұсынып көріңіз.

Сабақта қандай мәселелер қарастырылуы мүмкін? Бұл мәселелердің сабақ тақырыбына қандай қатысы бар деп ойлайсыз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақтың ортасы

28 минут

Тыңдалымалды тапсырма

ЖЖ

Ауаның ластану себептері туралы өз пікіріңізді білдіре отырып, талқылауға қатысыңыз.

Т

Тыңдалым және айтылым тапсырмасы

«РАФТ» стратегиясы

1. «Ауаның ластануы» мәтінін мұқият тыңдаңыз.

2. Мәтіндегі ғаламдық экологиялық проблемаларды туындататын ақпаратты анықтаңыз.

3. Тыңдалымдағы ақпаратты пайдаланып, әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлеңіз.

Р-рөл (бір рөлді таңдаңыз: эколог, саясаткер, дипломат, мұғалім т.с.с)

А-аудитория (мектеп оқушылары, студенттер, табиғат қорғаушылары, халықаралық ұйым мүшелері, табиғатты қорғау бойынша еріктілер)

Ф – форма (оқушылар өз сөздерін белгілі бір форманы таңдап ұсынады: үндеу, ақпараттық хабарлама, баяндама т.с.с)

Т- тақырып «Ғаламдық экологиялық проблемаларды бірге шешейік»

Топтық бағалау.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Ж

«ПОПС» формуласы.

«Экология- адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Сол экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау экологиялық құқықтық сана деңгейін көтеруге байланысты» -деген пікірдің бағасын беріп, түсіндіріп, фактілермен дәлелдеп, тұжырымыңызды қорытындылап, нақты жеткізіңіз.

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Өздік бағалау.

Бағалау критерийлері

тапсырма

дескрипторлар

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап сөйлейді;

сөйлеу ағымындағы құрамдас бөліктерді сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

1

мәтінді мұқият тыңдайды

проблемаларды туындататын ақпаратты анықтайды

2

мәтіндегі ақпаратты пайдаланады

рөлді таңдайды

белгілі бір аудиторияға бағыттап сөйлейді

сөйлеу формасын таңдап ұсынады

тақырыпқа сай сөйлейді

әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып сөйлейді

3

ұсынылған пікірге қатысты өз ойын білдіреді.

Ауаның ластану себептері

https://www.youtube.com/watch?v=m5f-_AS7TZk

0.55.

Ауаның ластануы

https://www.youtube.com/watch?v=JUD4xnyoD1s

1.04.

Парникті эффекті

Озон қабатының жұқаруы

Әлемдік мұхиттың ластануы

Шөлдену

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс.

«Плюс, минус, қызықты» әдісі

+

оң әсер

-

түсініксіз болып тұр

мені қызықтырады

Үйге тапсырма:

Парникті эффекті, озон қабатының жұқаруы,

әлемдік мұхиттың ластануы, шөлейттену туралы қосымша ізденіңіз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу