Жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдары. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Жаһандық мәселелер талқыланады

 Жаһандық мәселелерді талқылауға, шешімін іздеуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы − Астана экономикалық форумы аясында әлемдік көшбасшылар мен ойшылдар, саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, іскерлік орта өкілдері бас қосады.

 Биыл жаһандық мәселелерді қамтитын 11 тақырып ортаға салынады. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық өзгерістер мәселесі де кеңінен сөз болмақ.

 Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары GlobalRisksReport-2017 баяндамасында 30 жаһандық сын-тегеурінді анықтады. Олар 5 санатқа бөлініп қарастырылады: экономикалық, экологиялық, геосая­си, әлеуметтік және технологиялық. Дүниежүзілік экономикалық форум осы сын-тегеуріндерді күшейтетін және олардың арасындағы арақатынасты өзгертуі мүмкін процестерді де анықтады. Олар: халықтың қартаюы, халықаралық құрылымдар рөлінің өзгеруі, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның бұзылуы, созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар санының өсуі, цифрлы технологияларға тәуелділіктің артуы, кедейлер мен байлар арасындағы табыстар айырмасының ұлғаюы, күш орталықтарының жылжуы, сондай-ақ урбандалудың күшеюі және т.б. Осындай жаһандық мәселелер туындаған тұста Астана экономикалық форумы сынды алқалы жиынның да бағасы арта түседі. Бұл форумның мақсаты – дүниежүзілік сарапшылар қоғамдастығына, технологиялық элитаға, мемлекеттік басқару өкілде­ріне, ірі корпорациялардың визионер­­лері мен көшбасшыларына мағыналы жауаптар мен жаһандық ауқымдағы шешімдерді іздестіру алаңын ұсыну.

 Бүгінгі күні әлем жұртының алаң­дауына климаттың өзгеруі, қор­шаған ортаның ластануы, дамушы елдердегі орта таптың өсімі, қоғамдағы барған сайын тереңдеп бара жатқан полярлану көрінісі, созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар санының өсуі, кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықтың ұлғаюы, урбанизацияның күшеюі басты себеп болып отыр. Бұл мәселелер биылғы Астана экономикалық форумында толықтай қамтылып, жан-жақты талқыланады деп күтілуде. Әрбір тақырып аясында жеке сессиялар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, мәселені егжей-тегжейлі саралауға, көптеген түйткілдердің жауабын табуға мүмкіндік берілмек. Global Challenges Summit-2018 Астана экономикалық форумында талқыланар 11 тақырыптың ішінде – «Біртұтас экономика әлемі» шеңберінде қандай мәселелерге басымдық берілетіні анықталды. Алдымен жаһандық экономиканың дамуын тежейтін мәселелер назарға алынбақ.

 Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, сондай-ақ әлемдік экономикалық сараптамалық ұйымдардың басым бөлігі 2019 жылдан кейін әлемдік экономика өсімінің төмендеуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Бұрын әлемдік экономиканың басты қозғаушы күші болған дамушы елдердегі құрылымдық реформа­лар­дың тұралап қалуы, АҚШ, Еуроодақ және Қытай арасындағы сауда-саттық саласындағы келіспеушіліктер және де бүкіл әлемде геосаяси шиеленістің артуы оның негізгі себебіне айналып отыр.

 Қазақстан да әлемдік экономикада болып жатқан өзгерістерден қалыс қала алмайды. Мемлекет басшысы экономикалық және әлеу­меттік дамудың жаңа үлгісін құрып, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыруға үнемі басымдық беріп келеді. Соның негізінде өткен жылы елімізде ІЖӨ 4 пайызға жетіп, 2014-2016 жылдардағы 2,2 пайыздық көрсеткішті еселеді. Соңғы 20 жылда Қазақстан халқының жан басына шақ­қандағы орташа ақшалай табысы 39 есе өскен. Ал күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 25 жыл ішінде 15,6 есеге азайған. Десе де, соңғы жылдары елдегі ауыл мен қала арасындағы күнкөріс деңгейінің алшақтығы алаңдатады. Бұл мәселені шешу жолдары АЭФ аясында шетелдік тәжірибелерді ескере отырып қарастырылмақ.

 Астана экономикалық форумы негізінде Global Challenges Summit-2018 жаһанды сын-тегеуріндер саммиті барысында болашақта адамзат өмірін сан түрлі дерттен аман алып қалудың жолдарын қарастыру - басты міндеттердің бірі.

  http://anatili.kazgazeta.kz/?p=48117

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу