Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 1 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Сабақ мақсаты

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуге,

сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

  • Тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлей алады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: кітаби тіл, сөйлеу тілі, ғылыми-көпшілік стиль, терминдер т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын, ғылыми-көпшілік стильдің тілдік бірліктері ... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық «мәдениет», «өркениет» ұғымдарымен байланысады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, саясаттану

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

Мұғалім сөйлеу әдебі туралы, тіл тазалығын сақтап, дұрыс сөйлеу туралы оқушылармен пікір алмасады.

«Бүгінгі Ана тіліміздің жағдайын жаһандық мәселелермен байланыстыруға бола ма?» деген сараққа жауап іздейді.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады.

МД слайд

Кестелер

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

7 минут

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

ТЖ. Тыңдалым алдындағы тапсырма. Сөзжасам туралы, синтаксистік норма туралы мәлімет жинақтайды. Білімдерін ортаға салады.

Ж. Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар «Сөйлеу өнері» тақырыбындағы видеоны тамашалайды.

1-тапсырма.

  • Сленг сөздер, диалект сөздер дегеніміз не?

________________________________________________________________________________________________

  • Дұрыс сөйлеу үшін не істеу керек?

________________________________________________________________________________________________

  • Сөйлеу әдебін сақтауға не кедергі?

________________________________________________________________________________________________

  • Баланы дұрыс сөйлеуге қалай үйретуге болады?

________________________________________________________________________________________________

  • Жастарға әдеби тілде сөйлеу үшін қандай кеңес берілді?

________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. ЖЖ. «Иә/Жоқ» әдісі арқылы берілген сұрақ төңірегіндегі ойларын қорғайды.

«Бүгінгі жастардың сөйлеу әдебіне көңіліңіз тола ма?»

Дескриптор

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Дұрыс тыңдайды;
  • Қорғау барысында сөйлеу әдібін сақтайды, дұрыс сөйлейді.
  • Ойын жүйелі, еркін жеткізеді.

Бағалау.Оқушылар бір-бірінің жауабын критерийлер мен дескрипторларға сай бағалайды. Мұғалім кері байланыс береді.

Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Ыстық орындық» әдісі.

«Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білудің маңызы неде?» деген сұраққа оқушы жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=UE_Y5jwaJew

Слайд

Сабақтың аяғы

3 минут

6. Рефлексия «Менің пирамидам» Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.

Мен ... білдім;

Мен үшін ... қызықты болды;

Менің ... білгім келеді.

стикерлер

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу