Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі | |||||||||||||
Мектеп: | Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина | ||||||||||||
Уақыты: 1 сабақ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | О1. Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар:
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері: |
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - бір-біріне құрмет, ынтымақтастық,жауапкершілік | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша... | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар: | экономика, қоғам, тарих | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | «Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп,талдайды. | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 10минут | І. Қызығушылықты ояту.Сынып оқушыларына 5 елдің мемлекеттік туының суреті таратылып, топтарға бөлінеді. Әр топ қай мемлекеттің туы екендігін анықтайды. Аталған мемлекеттердің сабақ тақырыбына қандай қатысы бар? -деген сұраққа топта ойланып, жауап береді. (Қазақстан, Ресей, Белорусия, Армения, Қырғызстан) Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Біле жүріңіз.(ЕЭО) Евразиялық экономикалық одаққа 29 мамырда 2014жылы қол қойылды. ІІ. Үй тапсырмасын қадағалау: әр топтан, бір спикер мақаланың жазу ережесін оқиды. Сыныптың өзге оқушылары мұқият тыңдап, ортақ талаптан мақала жазудың ережесін құрастырады. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өтеді.1-2-3-4-1 ІІІ.Топпен жұмыс.Оқылым. (мәтін Қосымша 1) Мәтін. Экономикалық одақ мүше мемлекеттеріндегі табиғи монополиялар салалары
Тапсырма: (барлық оқушыларға) 1.таңдаған мемлекет бойынша мәтін кестесінен ақпараттарды іріктеп, Ойлан, Бірік, Бөлісәдісі арқылы талдаңыз. 2.мәтіндегі мәселеге сыни тұрғыда өзіндік пікіріңізді білдіріңіз. Жетістік критерийі:
Саралау тапсырмасы. А2-деңгейіндегі тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Аталған мемлекетте қандай сала дамыған? 2. Аталған мемлекетте не өндіріледі, ал қандай өнім өзге елден әкелінеді? В1-деңгейіндегі тапсырма. Берілген сұрақтарға толық талдап жауап беріңіз. 1. Неліктен осы мемлекетте аталған салалар дамыған? 2. Аталған өнімнің өзге елден тасымалдануының себебі неде? С-деңгейіндегі тапсырма. Мәтіндегі көрсетілген мәселеге өзіндік көзқарасыңызды, білдіріп, сараптап, баға беріңіз. Пікіріңізді 100 сөз көлемінде жазыңыз. Экономикалық одаққа кіру осы мемлекетке тиімді ме, әлде тиімсіз бе соны саралап, баға бере отыра дәлелді түсіндіріңіз. | Қосымша1 Оқылым материалдары | |||||||||||
Сабақтың соңы: 5мин | Рефлексия | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау тапсырмасы үш деңгейді ескеріп беріледі. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?