Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі | |||||||||
Мектеп: | Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина | ||||||||
Уақыты: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ. | Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. | ||||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар:
| ||||||||
Жетістік критерийлері: |
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | - сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілік | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша... | ||||||||
Пәнаралық байланыстар: | экономика, қоғам, әдебиет | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||
Бастапқы білім | «Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп, талдады. | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 10 минут | І. Қызығушылықты ояту. Оқушылар ортаға шығады. «Соңғы жаңалықтар» әдісін қолданып, 3 адамнан шағын топ құрып тұрады. «Экономикалық интеграция» жайлы естіген әлемдегі соңғы жаңалықтарымен бөліседі. Онда БАҚ мәліметтерді, пәнаралық байланыстағы естіген ақпараттарды және үйге берілген « Экономикалық интеграция елге қалай әсер етеді?» атты жұмысынан да қолдануы қажет. Мақсаты: өз ойын еркін, өмірмен нақты байланыстыра жеткізу. Бағалау: өзара ауызша мадақтау, қолдау білдіру. Креативті пікір. Мұғалім оқушылардың арасында жүріп, олардың қандай жаңалық айтып жатқанын бақылайды. -Оқушыларға: «Бұл жаңалықтарды қайдан естідіңіздер?» – деген сұрақ қояды. Оқушылар 1,2,3,4 сандары арқылы 4 топқа бөлінеді. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын, жетістік критерийін айтады. | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Сабағымыздың мақсаты сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызының әдістерімен таныстыру. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне жағдай жасау, мүмкіндік беру. ІІ. Топпен жұмыс. Проблемалық тапсырма тақырыбы: «Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері» атты постер құрастыру
Әр топ аталған сұрақтарға креативті жауап беріп, ақпаратты зерттеп, топ алдында қорғайды. Бағалау жетістік критерийі бойынша 1-2-3-4-1 ретінде жүреді. Ортақ жетістік критерийін топтар өзара бірігіп, құрастырады. Мұғалім сөзі: көпшілік алдындағы сөйлеу ережелерін анықтағаннан кейін, әркім өз бетінше жағдаятқа байланысты өзінің сөйлеу сөзін дайындайды. Жағдаят. Бір өндіріс орнында саясаткердің: «Экономикалық интеграция елге тиімді әсер етеді» деген тұжырымына күмән туындап, қызметкерлер арасында дау болды. Сіздің міндетіңіз-осы күмәнді дәлелді сөзіңізбен сейілту. Тапсырма: жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап мәтін құрастыру. Сыныптастарының алдында өзіндік пікірін дәлелді жеткізу. Көлемі 100-150 сөз. Жетістік критерийі:
Бағалау жұпта ЖК бойынша жүргізіледі. (сұранысы бойынша әр жұптан 1 баланы тыңдау) | А3 форматындағы ақ қағаз және түсті маркерлер Оқылым материалдары | |||||||
Сабақтың соңы: 5 мин | Үй тапсырмасы: Ел жаңалықтарынан тақырыпқа сай 1 бейнематериал жүктеп әкелу, оған жан-жақты талдау жасау.2-3 м. Рефлексия | Бүгінгі сабақтағы мәліметтер | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
ҚОСЫМША
ІІ. Топпен жұмыс. Проблемалық тапсырма тақырыбы:
«Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері» атты постер құрастыру
1.топ:Көпшілік алдында өзін-өзі ұстау ережелері
2. топ:Қызықтыра білу, тартымды сөйлеу әдістері
3. топ:Талдаудың логикалық тәсілдері
4. топ:Баяндаудың түсіндіру тәсілдері
5. топ:Сөйлеуші баяндамасына деген сұраныстың пайда болу себептері
Әр топ аталған сұрақтарға креативті жауап беріп, ақпаратты зерттеп, топ алдында қорғайды.
Бағалау жетістік критерийі бойынша 1-2-3-4-1 ретінде жүреді.
Ортақ жетістік критерийін топтар өзара бірігіп, құрастырады.
Ескеру. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде сөйлеушінің сөздерді байланыстыра отырып, маңызды ой шығаруы үшін үш тәсіл – дедукция, индукция, аналогия керек деген.
Талдаудың логикалық тәсілдері | Баяндаудың түсіндіру тәсілдері |
Анализ. Зетттеу, талдау арқылы негізгі белгілерін саралау. | Дедукция. Жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке ауысуы |
Синтез. Пікірлерін біріктіру арқылы негізгі ойының бүтін болмысын таныту. | Индукция. Жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі. |
Салыстыру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау. | Аналогия. Салыстыра отырып, нақты бір затқа тән қасиеттерді ашу. |
Жинақтау. Қорытындылау, негіздеу, айтылған ойдың бас-аяғын жинап, түйін жасау. | Дәлелдеме. Ой өзектілігін нығайтатын қажетті дәлелдемелерді пайдалана білу шешеннің сөз құндылығын арттырады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?