Жаһандық экономикалық интеграция. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.


http://www.history-state.kz/?ELEMENT_ID=764

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҒылым Комитеті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ № 1

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты Сіздерді 2016 жылдың 2 маусымында Назарбаев Орталығында (Астана қ., Еңбекшілер к., 10) өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫ: ТАБЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ, ТАБЫСТЫ ЕЛ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысады.

Конференция секциялары:

1 секция – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және оның қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы рөлі»; 2 секция – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және отандық тарих ғылымын жаңғырту».

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайтудағы рөлі;2. Қазақстандықтардың тарихи санасын қалыптастыру;3. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты (1991-2016 жж.);4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және еліміздің интеллектуалды әлеуетінің қалыптасуы: идея және оны іске асыру;5. Президент Н.Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасының мемлекеттік геральдикасы;6. «Мәңгілік Ел» – Қазақстанның ұлттық идеясы; 7. Қазіргі кезеңдегі тарихи зерттеулердің теориясы мен методологиясы;8. Отандық тарихты дәуірлеу проблемалары;9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық тарих ғылымын жаңғыртудағы рөлі;10. Қазіргі замандағы ұлттық тарихнаманың маңызды мәселелері; 11. Жоғары және орта мектептерде тарихты оқытудың проблемалары. Жаңа типтік оқулықтар жазу методологиясы.

Конференция жұмысына қатысу үшін Ұйымдастыру Комитетіне Сұраныс және баяндаманың тезисін жіберу қажет:1. Өтініш, үлгі бойынша толтыру (төменде);2. Баяндама тезистері. Мәліметтер электрондық нұсқада файлға бекітілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.Жинақ материалдарын конференцияға дейін баспадан шығару жоспарлануда.Баяндама тезистерін конференция жинағында жариялау тегін.

Байланыс телефондары және ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Мемлекет тарихы институты: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс, 11 қабат, тел. 74-01-68, 74-10-38, e-mail: zhaz-nur@mail.ru

ТЕЗИСТЕРДІ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ – 20 мамыр 2016 жыл.

ТЕЗИСТЕРДІ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:Көлемі 3 бетке дейін, редактор MS WORD, версия*.doc, *.rtf.Файлдың атауы мақаланың бірінші авторының фамилиясымен аталу қажет.Шрифт «Times New Roman», кегль 12; немесе «KZ Times New Roman», кегль 12.Жиек: жоғары – 2, төмен – 2, сол – 2, оң – 2 см.; интервал – 1.Мақаланың атауы – кіші әріптермен, жартылай қою, беттің ортасында. Интервал арқылы, оң жағынан, тегі және автор инициалы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақша ішінде қаланың және елдің атауы).Пайдаланылған әдебиеттер бойынша сілтемені мәтін ішінде көрсету [7, 99 б.]. Кестелерді MSWORD редакторында беру. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі.

Конференцияға қатысушылардың жол және тұрғын-жай ақысы жіберуші жақ есебінен.

Қатысушының өтініші«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫ: ТАБЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ – ТАБЫСТЫ ЕЛ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ТАӘ (толық) ______________________________________________Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ___________________________Қызметі: _________________________________________________Ұйымның толық атауы: ____________________________________Байланыс телефоны: _______________________________________Автордың мекен-жайы:_____________________________________Факс, E-mail ______________________________________________

ТЕЗИСТЕРДІ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандықтардың тарихи санасын қалыптастыру көрсеткіші

Жұманов Д.Н.тарих ғылымдарының кандидаты, Мемлекет тарихы институты(Астана қ., Қазақстан)

Мәтін... [1, 25 б.]. Мәтін… [2, 47 б.].Әдебиет:

1. Сметова А.Т. Историческая наука и историческое сознание // Қазақ тарихшыларының Үшінші конгресі: ғылыми мақалалар жинағы / Жалпы ред. Басқарған Е.Б. Сыдықов. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2015. – С. 408-412.2. Smetova А.Т., Tabys Y. Historical policy in Kazakhstan since independence // The Fourth International conference on development of historical and political sciences in Eurasia. Proceedings of the Conference. Vienna, OR: «East West» Association for Advanced Studies and Higher Education GmbH, Vienna. – P. 39-433. Табыс Е. Елбасы және «Мәдени мұра» // Веб-портал «История Казахстана». URL: http://e-history.kz/kz/contents/view/2686 (дата доступа 20.07.2015). 4. Лапин Н.С. Устойчивость исторического сознания и укрепление национальной идентичности // История государства. – 2015. – № 2. – С.36-43.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу