Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : 2 | Мектеп: | |||||||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 3-бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 10.Т/А5. Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау | |||||||||||
Сабақ мақсаты: | Берілген мәтіндердегі мәселелерге өз көзқарасын білдіру, сұрақтар құрастырып, сауатты бағалау | |||||||||||
Пәнаралық байланыс: | әдебиет,тарих | |||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал | |||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды. Пән лексикасы және терминология: құндылық, мәдениет, өркениет, жәдігер, даму, бәсекелестік ... Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, ..................................., Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________. | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Мәдениет – өркениет көрсеткіші | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин. | Топтастыру: мақал – мәтелдерді құрастыру арқылы 4 топқа топтасады, нақыл сөздердің мәнін ашып пікірлерін ортаға салады
Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин. + 5 мин 10 мин 5 мин | Қызығушылықты ояту. Отбасылық салт-дәстүр туралы бейнематериал көріп, термин сөздерді іріктеп жазады. Негізгі ойын атайды. Бейнебаянның мақсатын анықтайды. Тапсырма 1: Бірқатар оқу әрекеттері арқылы оқушылардың терминдердің мағынасын түсіну және ойын еркін жеткізу қабілетін бағалайды. Мұғалім оқушыларға мерекелер мен салт-дәстүрлерге байланысты мәтінді тыңдатып, негізгі ойды анықтауды ұсынады. Ол үшін мына кестені толтыртуға болады:
Оқушылар әрбір сұраққа өз беттерімен жауап беру арқылы парақты толтырады. Олар бір-бірінің жұмыстарын көрмеулері тиіс. Оқушылар жұмыс жасап жатқанда мұғалім сыныпты аралап жүріп, олардың жұмыстарын бақылайды. Тапсырма 2: «Бұрыш» стратегиясы арқылы пікірталасқа шақыру. Пікірталастың тақырыбы: «Отбасында мәдениетті адам барлық ортада мәдениеті» Пікірді жақтаушылар бір бұрышқа, даттаушылар екінші бұрышқа жиналып, өз көзқарастарын аргументтер келтіре отырып дәлелдейді. Бағалау, кері байланыс білдіру: топтар бірін – бірі бағалау критерийлері арқылы бағалайды, сындарлы кері байланыс береді. | https://www.youtube.com/watch?v=uGcn5kipsoI Online http://wwБ.youtube.com/watch?v=TWSV9tzttxs | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды? Сабақтан алған әсерлерін 2 жұлдыз, 1тілек әдісімен бағалайды. Үй тапсырмасы: Наурыз мейрамына байланысты бата, тілек сөздерін дайындап келу. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | ||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?