Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : 3

Мектеп:

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

3-бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

10.О3. Көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Сабақ мақсаты:

Оқылған мәтіннің жанрлық ерекшелігін түсіну, құрылымы мен рәсімделуін меңгеру

Пәнаралық байланыс:

әдебиет,тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал

Бағалау критерийлері:

  • Мәтін жанрын анықтайды;
  • Интервью құрылымын сақтайды;
  • Жанрына сай рәсімдейді ;
  • Мәтіндегі түрлі көзқарастарға баға береді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды.

Пән лексикасы және терминология:

құндылық, мәдениет, өркениет, жәдігер, даму, бәсекелестік ...

Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша, ...................................,

Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәдениет – өркениет көрсеткіші

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин.

«Жағажайдағы доп» стратегиясы арқылы оқушыларды тақырып аясында тілдесімге түсіру.

Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы топтарға бөлу,талқылау

1-топ: Мұражай

2-топ: Кітапхана

3-топ: Театр

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин + 10 мин

10 мин

Қызығушылықты ояту.

Қызығушылықты ояту. Сұрақ-жауап.

«Мәдени ойын - сауық» орталықтарына нелер жатады?

-театр, мұражай, цирк және т.б.

«Мұражай» ассоц-қ карта толтыру (сөздіктегі түсініктемесін тауып оқу)

  • Зат есімдер:экпонат ...
  • Сын есімдер:тартымды, қызықты,...
  • Етістіктер: жабдықталған, көруге болады ...

ҚР «Ұлттық мұражайы» қашан ашылды?

2. ҚР Ұлттық мұражайы туралы сөз қозғап, Ұлыбритания мұражайына онлайн виртуалды экскурсия жасау. (көптілділік – ағылшын тіліндегі білімдерін қолдану)

1-тапсырма. ЖЖ. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, мәтіндегі мағлұматтарды пайдалана отырып «Адам өміріндегі мұражайдың ролі» тақырыбында интервью құраңыз.

Теориялық материал: (танысу, басшылыққа алу)

Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.

  • Хабарламалы интервью түріне — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалог интервью тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.
  • Түсіндірмелі интервью түрлеріне — интервью суреттеме, баспасөз маслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі.

Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.[1]

Астанада ҚР Ұлттық мұражайы ашылды

Ел тарихы туралы сан рет жазылады, айтылады да. Десе де, бабалар жүрген жолды көзбен көріп, болашақ ұрпаққа қалдырар мұраны құнттау өте үлкен игі іс. Сондықтан архив сөрелерінде том-том болған тарихқа мұражайды қосуға болады. Еліміздің рухани мұрасы тағы бір мекемемен толықты. Астана төрінде аумағы 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ұлттық мұражайды бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп ашты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Қазақстан тарихы келешекке тек қана бейбіт бастамалармен, жарқын істермен жалғасатын болады. Бүгін есігін айқара ашып отырған тарих музейі сан мың жылдар жасаған жасампаздық жәдігерлермен толыға береді».

7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражайдан Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын көре аласыз. Атап айтар болсақ, Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы бар. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға берді.

Ирина Лебедева, Мемлекеттік Третьяков галереясының бас директоры:

«Осындай мұражайдың ашылу салтанатының куәсі болғаныма өте қуаныштымын. Заманауи, ауқымды, жаңа. Мұражай алдағы уақытта сіздердің елдеріңіздің тарихынан сыр шертіп, бүгінгісінен хабардар ететін бірегей өнер ордасы болады деп сенемін».

Мұражай халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Экспозицияларды сақтап, климатты бақылайтын жарықтық-биологиялық қондырғылар жұмыс істейді.

Мырзатай Жолдасбеков, мұражайдың алдындағы тұрған сақ патшасы, сақ көсемдері экспозициясының авторы, мемлекет және қоғам қайраткері:

«Бұл тарих аңызға айналатын тарих, әлем таңғалатын тарих. Осы мұражайжың алдында тұрған сақ патшасы, сақ көсемдері ерекше тұлғалар». Расында да, олардың мүсіндері ел азаматына керемет күш бергендей болады.

Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жоба саналады. Еске салсақ, Президент 2008 жылы елордада халықаралық деңгейдегі мұражай салуды тапсырған еді. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары музейді 3- 6 шілде аралығында тегін аралай алады. 

02.07.2014, http://astana.gov.kz

Жазылған жұмыстарын басқа топтармен орындау, шағын зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесін хабарлау.

Бағалау, кері байланыс білдіру: топтар бірін – бірі бағалау критерийлері арқылы бағалайды, сындарлы кері байланыс береді.

2.http://astana.gov.kz/kk/modules/material/5409 ҚР «Ұлттық мұражайы

2. Онлайн виртуалды мұражай – Ұлыбритания мысалы www.nationalgallery.org.uk/visiting/virtualtour/?gclid=CPvQtMzHr7gCFSGWtAodbiQAkA#/central-hall/

https://kk.wikipedia.org/wiki/Интервью

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

  • сабақта нені сәтті орындадым?
  • сабақта маған не қызықты болды?
  • сабақта маған не қиындық туғызды?

Үй тапсырмасы: Мәдениет, құндылықтар жайлы 2 адамнан иетервью алып, жазып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу