Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, негізгі идеяны анықтаңыз. Маңызды болып табылатын 2 сұрақ қойыңыз.
1. Облыстық «Метро» ойын-сауық орталығында ҚР-ның мәдениет қайраткері, облыстық филармония әншісі Жанат Алпысбаеваның жеке концерті өтті.
Кеш барысында жергілікті әртістер мен қатар елордалық қонақтар да өнер көрсетті. Опера әншісі Жанат Алпысбаева өнер жолын 1990 жылы бастаған. Сол жылы бойжеткен Алматы қаласы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға түсіп, күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенованың сыныбына қабылданады. КСРО халық әртісінің шәкірті қазақ, орыс, шет ел композиторларының шығармалары – классикалық және ұлттық туындыларды орындайды.
Жанат Алпысбаеваның өнерде жүргеніне 25 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында ол өнердің, мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін «ҚР Мәдениет Қайраткері» атағына ие болды. Өңіріміздегі бірде-бір шара опера әншісінің қатысуынсыз өтпейді. Дегенмен, әдеттегі кештерге қарағанда жеке шығармашылық концерттің жүгі ауыр болары хақ. Жанат Әнуарбекқызы бұл күнге бірнеше ай дайындалса да, сахнаға шығар алдындағы қобалжуын жасыра алмады.
Опера әншісі 2004 жылдан бері 20-дан астам шәкірт тәрбиелеген. Қазіргі таңда, оқушыларының барлығы ЖОО-ның түлектері, театр қызметкерлері. Қос шәкірті Гүлсара Жазитова мен Азамат Бектемісов елордадағы «Астана-Опера» театрының әртістері. Гүлсара итальяндық әріптестерінің арнайы шақыртуымен Итальяда өнер көрсетіп жүрсе, Азамат ұстазының жеке концертіне келіп, солтүстікқазақстандықтар алдында өнер көрсетті.
Жанат Алпысбаеваның кеші облыстық эстрадалық-симфониялық және «Сегіз сері» атындағы қазақ халық аспаптар оркестрлерінің сүйемелдеуімен өтті. Сондай-ақ, облыстық филармонияның басқа да әншілері өнер көрсетті.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, негізгі идеяны анықтаңыз. Маңызды болып табылатын 2 сұрақ қойыңыз.
Қуыршақ театрында жаңа маусым басталды
Облыстық қуыршақ театры өзінің 28-ші маусымын Адам Карасайдың «Әуеле, домбыра» пьесасымен ашты. Қойылымды өнер ұжымы ел тәуеслсіздігінің 25 жылдығына арнапты. Кішкентай көрермендермен шытырманға толы ертегіні біздің арна тобыда тамашалап қайтты. Бүгін «Әуеле, домбыра» спектаклінің премьерасы. Адам Карасайдың пьсесасы бойынша қойылған туындыны театр ұжымы мамыр айынан дайындаған екен. Тәрбиелік мәні зор спектакльді қоюға труппаның барлық актерлары жұмылдырылыпты.
Жалпы қуыршақ театрының мақсаты: балаларды әсемдікті көре білуге баулу және рухани тұрғыда өсуіне септігін тигізу. Балалардың көңілін аулайтын әдемі көріністер қою. «Әуеле Домбыра» спектаклінде Айдар деген батыл да, ақылды жігіт зұлымдықпен күреседі. Бұл істе оған ай, жел, күн сәулесі көмекші.
Балаларға үлкенге – құрмет, кішіге – ізет жолын сілтейтін де ертегілер. Бүгінгі қойылым балақайлардың көңілінен шықты.
Қуыршақ театрында «Әуеле, домбыра» пьесасының қойылымы 3 күнге жоспарланған. Кейін труппа көріністі қаланың мектептерінде қоймақ.
Лаура ТӘЛІПОВА
http://petropavltv.kz/kz/news/culture/kuyrshak-teatrynda-zhana-mausym-bastaldy#
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, негізгі идеяны анықтаңыз. Маңызды болып табылатын 2 сұрақ қойыңыз.
Петропавға ресейлік «Империал» шапито циркі келді
Кішкентай көрермендердің көңілін көтеру үшін шаһарымызға Ресейлік «Империал» циркі келді. Әртістер жергілікті жұртшылық назарына кеңейтілген және жаңартылған бағдарламаларын ұсынды. Қойылым түрлі қауіпті трюктерге толы болды.
Петропавлда Санкт-Петерборлық «Империал» шапито циркінің ұжымы өнер көрсетуде.Ресейліктер өнерпаздардың бұл Қызылжар өңіріне алғашқы сапары емес, бұған дейін облыс орталығында бірнеше рет өнер көрсеткен. Бұл жолы олар жаңа бағдарлама ұсынып отыр. «Империал» цирк құрамында 40 адам еңбек етеді. Оның 16-сы әртістер.
Цирк бұған дейін Қазақстанның барлық қалаларында өнер көрсетіп үлгеріпті. Сондықтан, шаһарымыздағы қойылым қорытынды болып табылады. Айта кеткен жөн, биыл «Империал» шапито циркіне 10 жылтолыпты. Олардың бағдарламасында жан түршіктіретін: «Ғашықтар», «Жұлдыз», «Өлімдоңғалағы» атты нөмірлер бар. Сахнаға ең бірінші болып, Хасан Мирсаидов атты даршы шықты. Ол сақтандырусыз 15 метрлік арқанды бағындырды.
«Империал» шапито циркінде 14 үйретілген жануар бар. Африкалық арыстандар қойылымның басты жыртқыштары. 8, 6 және 5 жастағы Бала, Дуся және Зита, бір қарағанда, өте мейірімді болып көрінеді. Бірақ, жаттықтырушының айтуынша, жыртқыш аң қауіпті болып қала береді. Сол себепті, оларға сыпайлық көрсетіп, жақсы жағдайлар жасау қажет.
«Жастар» стадионында бой көтерген Цирк қаламыздың кішкентай көрермендеріне толы болды. Қойылым барысында олардың көңілін, Моня атты, клоун көтерді.
Түрлі аңдардың қатысуымен жүргізілген қойылымдар балақайлардың жүрегіне жол тапты. Ал түйелер мен аң патшасы арыстандар көрермендердің көзайымына айналды.
Шытырманға толы Сант-Петербургтік «Империал» шапито циркі ұжымының өнерін қала тұрғындары мен қонақтары қыркүйектің 25 дейін тамашалай алады.
http://petropavltv.kz/kz/news/culture/petropavlga-reseilik-imperial-shapito-cirki-keldi
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?