Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : 4

Мектеп:

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

3-бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

10.О7. БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Сабақ мақсаты:

Әртүрлі дереккөздерден тақырыпқа сай мағлұматтар алып, қолдана білу

Пәнаралық байланыс:

әдебиет,тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал

Бағалау критерийлері:

  • Әртүрлі дереккөздерді пайдаланады;
  • Тақырыпқа сай материалдарды сұрыптайды;
  • Тақырыпқа сай көтерілген мәселені талқылайды ;
  • Мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды.

Пән лексикасы және терминология:

құндылық, мәдениет, өркениет, жәдігер, даму, бәсекелестік ...

Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша, ...................................,

Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәдениет – өркениет көрсеткіші

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин.

Аудиовизуалды материалдардың қызметі қандай?

Радионың қызметі қандай?

Телеарналардың рөлдері мен мақсаттары қандай?

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

Сабақтың ортасы

10+5 мин

5 мин + 10 мин

5 мин

10 мин

Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, негізгі идеяны анықтаңыз. Маңызды болып табылатын 2 сұрақ қойыңыз.

1. Облыстық «Метро» ойын-сауық орталығында ҚР-ның мәдениет қайраткері, облыстық филармония әншісі Жанат Алпысбаеваның жеке концерті өтті.

Кеш барысында жергілікті әртістер мен қатар елордалық қонақтар да өнер көрсетті. Опера әншісі Жанат Алпысбаева өнер жолын 1990 жылы бастаған. Сол жылы бойжеткен Алматы қаласы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға түсіп, күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенованың сыныбына қабылданады. КСРО халық әртісінің шәкірті қазақ, орыс, шет ел композиторларының шығармалары – классикалық және ұлттық туындыларды орындайды.

Жанат Алпысбаеваның өнерде жүргеніне 25 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында ол өнердің, мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін «ҚР Мәдениет Қайраткері» атағына ие болды. Өңіріміздегі бірде-бір шара опера әншісінің қатысуынсыз өтпейді. Дегенмен, әдеттегі кештерге қарағанда жеке шығармашылық концерттің жүгі ауыр болары хақ. Жанат Әнуарбекқызы бұл күнге бірнеше ай дайындалса да, сахнаға шығар алдындағы қобалжуын жасыра алмады.

Опера әншісі 2004 жылдан бері  20-дан астам шәкірт тәрбиелеген. Қазіргі таңда, оқушыларының барлығы ЖОО-ның түлектері, театр қызметкерлері. Қос шәкірті Гүлсара Жазитова мен Азамат Бектемісов елордадағы «Астана-Опера» театрының әртістері. Гүлсара итальяндық әріптестерінің арнайы шақыртуымен Итальяда өнер көрсетіп жүрсе, Азамат ұстазының жеке концертіне келіп, солтүстікқазақстандықтар алдында өнер көрсетті.

Жанат Алпысбаеваның кеші облыстық эстрадалық-симфониялық және «Сегіз сері» атындағы қазақ халық аспаптар оркестрлерінің сүйемелдеуімен өтті. Сондай-ақ,  облыстық филармонияның басқа да әншілері өнер көрсетті.

http://petropavltv.kz/kz/news/culture/oblystyk-metro-oiyn-sauyk-ortalygynda-kr-nyn-medeniet-kairatkeri-oblystyk-filarmoniya-enshisi-zhanat-alpysbaevanyn-zheke-koncerti-otti#

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, негізгі идеяны анықтаңыз. Маңызды болып табылатын 2 сұрақ қойыңыз.

Қуыршақ театрында жаңа маусым басталды

Облыстық қуыршақ театры өзінің 28-ші маусымын Адам Карасайдың «Әуеле, домбыра» пьесасымен ашты. Қойылымды өнер ұжымы ел тәуеслсіздігінің 25 жылдығына арнапты. Кішкентай көрермендермен шытырманға толы ертегіні біздің арна тобыда тамашалап қайтты. Бүгін «Әуеле, домбыра» спектаклінің  премьерасы. Адам Карасайдың  пьсесасы бойынша қойылған туындыны театр ұжымы мамыр айынан дайындаған екен. Тәрбиелік мәні зор спектакльді қоюға труппаның барлық актерлары жұмылдырылыпты.

Жалпы қуыршақ театрының мақсаты: балаларды әсемдікті көре білуге баулу және рухани тұрғыда өсуіне септігін тигізу. Балалардың көңілін аулайтын әдемі көріністер қою. «Әуеле Домбыра» спектаклінде Айдар деген батыл да, ақылды жігіт зұлымдықпен күреседі. Бұл істе оған ай, жел, күн сәулесі көмекші.

Балаларға үлкенге – құрмет, кішіге – ізет жолын сілтейтін де ертегілер. Бүгінгі қойылым балақайлардың көңілінен шықты.

Қуыршақ театрында «Әуеле, домбыра» пьесасының қойылымы 3 күнге жоспарланған. Кейін труппа көріністі қаланың мектептерінде қоймақ.

Лаура ТӘЛІПОВА

http://petropavltv.kz/kz/news/culture/kuyrshak-teatrynda-zhana-mausym-bastaldy#

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, негізгі идеяны анықтаңыз. Маңызды болып табылатын 2 сұрақ қойыңыз.

Петропавға ресейлік «Империал» шапито циркі келді

Кішкентай көрермендердің көңілін көтеру үшін шаһарымызға Ресейлік «Империал» циркі келді. Әртістер жергілікті жұртшылық назарына кеңейтілген және жаңартылған бағдарламаларын ұсынды. Қойылым түрлі қауіпті трюктерге толы болды.

Петропавлда Санкт-Петерборлық «Империал» шапито циркінің ұжымы өнер көрсетуде.Ресейліктер өнерпаздардың бұл Қызылжар өңіріне алғашқы сапары емес, бұған дейін облыс орталығында бірнеше рет өнер көрсеткен. Бұл жолы олар жаңа бағдарлама ұсынып отыр. «Империал» цирк құрамында 40 адам еңбек етеді. Оның 16-сы әртістер.  

Цирк бұған дейін Қазақстанның барлық қалаларында өнер көрсетіп үлгеріпті. Сондықтан, шаһарымыздағы қойылым қорытынды болып табылады.  Айта кеткен жөн, биыл «Империал» шапито циркіне 10 жылтолыпты. Олардың бағдарламасында жан түршіктіретін: «Ғашықтар», «Жұлдыз», «Өлімдоңғалағы» атты нөмірлер бар. Сахнаға ең бірінші болып, Хасан Мирсаидов атты даршы шықты. Ол сақтандырусыз 15 метрлік арқанды бағындырды.

«Империал» шапито циркінде 14 үйретілген жануар бар. Африкалық арыстандар қойылымның басты жыртқыштары. 8, 6 және 5 жастағы Бала, Дуся және Зита, бір қарағанда,  өте мейірімді болып көрінеді. Бірақ, жаттықтырушының айтуынша, жыртқыш аң қауіпті болып қала  береді. Сол себепті, оларға сыпайлық көрсетіп, жақсы жағдайлар жасау қажет.

«Жастар» стадионында бой көтерген Цирк қаламыздың  кішкентай көрермендеріне толы болды.  Қойылым барысында олардың көңілін, Моня атты, клоун көтерді.

Түрлі аңдардың қатысуымен жүргізілген қойылымдар балақайлардың жүрегіне жол тапты. Ал түйелер мен аң патшасы арыстандар көрермендердің көзайымына айналды.

Шытырманға толы Сант-Петербургтік «Империал» шапито циркі ұжымының өнерін қала тұрғындары мен қонақтары қыркүйектің 25 дейін тамашалай алады.

 

http://petropavltv.kz/kz/news/culture/petropavlga-reseilik-imperial-shapito-cirki-keldi

Құрастырған сұрақтарын бір – біріне қойып, жауаптарын бағалайды.

Ортақ сұрақтар:

1. Неліктен үш түрлі мәтін берілді? (болжау мақсатында ойларын жеткізеді)

2. Мәтіндердің мақсаттары қандай?

Жағдаят. Сіз үш мәтінде берілген ойын-сауық орталықтарында болдыңыз. Таңдауыңыз бойынша үш мәтіннің біреуінен деректерді пайдаланып жарнама ретінде хабарлап айтыңыз. (Әр топ жеребе тарту арқылы біреуі туралы еркін айтуға тырысады).

Топтар бір – бірінің жұмыстарын бағалау критерийлері арқылы бағалап, кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері:

телехабарландыру стилін сақтап жазды;

Сезімін қызықты етіп жеткізе білді;

Жаңа сөздерді мағынасына сай қолданды;

Грамматикалық норманы сақтап, сауатты жазды.

3 бейнежаңалық ұсынылады

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

  • сабақта нені сәтті орындадым?
  • сабақта маған не қызықты болды?
  • сабақта маған не қиындық туғызды?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу