Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 5 сабақ.


Қазіргі қоғам құндылықтары:

мәдениет және өркениет

Оқу мақсаты: 10.Ж2. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу

Сабақ мақсаты: Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып жазылым жұмысын орындау

Бағалау критерийлері:

Стиль, жанр түрлерін ажыратады;

Тақырыпқа сай материалдарды сұрыптайды;

Тақырыпқа сай көтерілген мәселені талқылайды ;

Стильдік ерекшелігін сақтай отырып интервью жазады.

Қызығушылықты ояту.

Тақырыппен байланыстырып «мен» сөзіне ассоциация құру

Тапсырма:

«Сөздік гол» әдісі бойынша берілген сөздерді түсіндіру, анықтамасымен өз анықтамасын салыстыру

Каталог -

Картотека

Қас қаққанша

Саз

Тақтайша

Сұрыптау

Шиыршықтау

Түтік

Папирус

Атақты

Қыздыру –  

Ұрлық-қарлық

Сарай

Берілген сөздер арқылы не туралы сөз қозғалатынын анықтау.

Тапсырма:

«Сөздік гол» әдісі бойынша берілген сөздерді түсіндіру, анықтамасымен өз анықтамасын салыстыру

Каталог - кітапхана қорындағы баспасөз және басқа қолжазба шығармаларының тізімі

Картотека – карточкаларды сақтауға арналған жәшік, карточкаларды белгіленген топтарға бөліп тұратын картон парақтар. Аты, № көрсетіледі.

Қас қаққанша – жылдам, тез

Саз –су аpаласып, батпаққа айналған топыpақ (батпақ)

Тақтайша – кiшкене тақтай, шағын тақтай.

Сұрыптау – іріктеу, сорттау, екшеу 

Шиыршықтау – оpалып, шиыpматылып, қатты шиыpшықталып, ширатылып, оралған нәpсе. 

Түтік – ішi қуыс, сыpты жұмыp, жiңiшке құбыp. 

Папирус – Тpопиктiк Афpикада өзен, көл жиегiнде өсетiн көп жылдық шөптесiн

Атақты – әйгілі, даңқты

Қыздыру –  қыжылдату, күйдіру

Ұрлық-қарлық – Ұрлық істегендік, біреуді тонаушылық.

Сарай - Ішi әшекейлi әсем, салтанатты ғимаpат.

Берілген сөздер арқылы не туралы сөз қозғалатынын анықтау.

Тапсырма 2: Жағдаят. Сіз үш мәтінде берілген ойын-сауық орталықтарында болдыңыз. Таңдауыңыз бойынша үш мәтіннің біреуінен деректерді пайдаланып жарнама ретінде хабарлап айтыңыз. (Әр топ жеребе тарту арқылы біреуі туралы еркін айтуға тырысады).

Топтар бір – бірінің жұмыстарын бағалау критерийлері арқылы бағалап, кері байланыс береді.

Кітапхананың қазіргі маңыздылығы қандай?

Тапсырма: көтерілген сұрақ негізінде жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып интервью жазу.

«Карусель» әдісі арқылы сағат тілімен айналдыра отырып, бір – бірінің жұмысымен танысып, топ ішінде талқылау, топтан ең үздік жұмысты кез келген топпен жүргізу.

Бағалау: топтардың бағалау критерийлері арқылы бірін – бірі бағалауы, кері байланысы

Рефлексия: 3-2-1

Сабақтың сәтті 3 кезеңі

Сабақтағы маңызды 2 мәселе

Сабақта туындаған 1 сұрақ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу