Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : 5

Мектеп:

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

3-бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

10.Ж2. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу

Сабақ мақсаты:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып жазылым жұмысын орындау

Пәнаралық байланыс:

әдебиет,тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал

Бағалау критерийлері:

  • Стиль,жанр түрлерін ажыратады;
  • Тақырыпқа сай материалдарды сұрыптайды;
  • Тақырыпқа сай көтерілген мәселені талқылайды ;
  • Стильдік ерекшелігін сақтай отырып интервью жазады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды.

Пән лексикасы және терминология:

құндылық, мәдениет, өркениет, жәдігер, даму, бәсекелестік ...

Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша, ...................................,

Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәдениет – өркениет көрсеткіші

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин.

Тақырыппен байланыстырып «мен» сөзіне ассоциация құру

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

5 мин

10 мин

5 мин

«Сөздік гол» әдісі бойынша берілген сөздерді түсіндіру, анықтамасымен өз анықтамасын салыстыру

Каталог - кітапхана қорындағы баспасөз және басқа қолжазба шығармаларының тізіміКартотека – карточкаларды сақтауға арналған жәшік, карточкаларды белгіленген топтарға бөліп тұратын картон парақтар. Аты, № көрсетіледі.

Қас қаққанша – жылдам, тез

Саз –су аpаласып, батпаққа айналған топыpақ (батпақ)

Тақтайша – кiшкене тақтай, шағын тақтай.

Сұрыптау – іріктеу, сорттау, екшеу 

Шиыршықтау – оpалып, шиыpматылып, қатты шиыpшықталып, ширатылып, оралған нәpсе. 

Түтік – ішi қуыс, сыpты жұмыp, жiңiшке құбыp. 

Папирус – Тpопиктiк Афpикада өзен, көл жиегiнде өсетiн көп жылдық шөптесiн

Атақты – әйгілі, даңқты

Қыздыру –  қыжылдату, күйдіру

Ұрлық-қарлық – Ұрлық істегендік, біреуді тонаушылық.

Сарай - Ішi әшекейлi әсем, салтанатты ғимаpат.

Берілген сөздер арқылы не туралы сөз қозғалатынын анықтау.

Сұрақтар арқылы талқылау:

1.Кітапхана қашан пайда болғанын білеміз бе?

2.Алғашқы кітапхана қашан пайда болған?

3.Қандай атақты кітапханаларды білесіздер?

Ой қозғау. Шолып оқу стратегиясы бойынша мәтінді оқып, деректермен танысу.

«Кітапхана қашан пайда болған?»

Іздегенімізді қас қаққанша интернеттен тауып үлгергенімізбен, кітаптың жөні бір бөлек. Адамның рухани азығы, айнымас алшысы осынау кітаптың өркениеттің алғашқы сатысы болып қала беретіндігіне дау жоқ. Әрі оның баға жетпес құндылығын бәріміз де мойындаймыз. Ал қандай елге, қандай қалаға жолымыз түссе де, алдыңыздан мен мұндалап шығатын мәдени орындарының ішінде кітапханалардың маңызы зор. Адамзат тарихында кітапхана қалай пайда болып еді?

Кітапхана қашан пайда болғанын білесіз бе? Ең алғашқы кітапхана осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Месафатами тұрғындары жазуды саздан жасалған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталап, сосын түтік сияқты оралған папирусқа қыздырып жазды. Б.д.д. 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген. Б.з.д. ІV ғасырда Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген. Ал орта ғасырларда университеттер жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықтарды болдырмау үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған. Енді сіз білесіз!

  • Кітапхананың қазіргі маңыздылығы қандай?

Тапсырма: көтерілген сұрақ негізінде жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып интервью жазу.

«Карусель» әдісі арқылы сағат тілімен айналдыра отырып, бір – бірінің жұмысымен танысып, топ ішінде талқылау, топтан ең үздік жұмысты кез келген топпен жүргізу.

Бағалау: топтардың бағалау критерийлері арқылы бірін – бірі бағалауы, кері байланысы

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: 3-2-1

  • Сабақтың сәтті 3 кезеңі
  • Сабақтағы маңызды 2 мәселе
  • Сабақта туындаған 1 сұрақ

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу