Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : 7 | Мектеп: | |||||
Күні : | Мұғалім: | |||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | 3-бөлім: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 10.ӘТН2. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану | |||||
Сабақ мақсаты: | Айтылым, оқылым барысында интонацияны сауатты қолдану. | |||||
Пәнаралық байланыс: | әдебиет,тарих | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал | |||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды. Пән лексикасы және терминология: құндылық, мәдениет, өркениет, жәдігер, даму, бәсекелестік ... Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, ..................................., Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________. | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Мәдениет – өркениет көрсеткіші (шығармашылық жұмыстарын талқылау) | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 5 мин. | Өткен сабақта қарастырған шығармашылық тапсырмаларын ортаға салу, талқылау Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. | |||||
Сабақтың ортасы 3 мин 2 мин 15 мин 5 мин 5 мин | Қызығушылығын ояту:
«Кітап –білім бұлағы» немесе «Кітап –ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді 6 бөлікке бөліп, оқушыларға таратып беру А)Конгресс кітапханасы Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон. Ә)Британдық кітапхана Британдық Кітапхана - Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр. Сонымен қатар Google қолданушылары кітапхана ақпараттарын қарай алады және оларға керекті мәліметтерді көшіруге мүмкідік берілген. Б)Александрия кітапханасы Атағы жер жарған бұл кітапхана – көненің көзі әрі антикалық мифтердің ғылыми және мәдени орталығы саналады. Б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда көрнекті ғалымдардың қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған. Алғашқы кездері Египетте кітапханалар ғибадатханаларда салынған және оларға абыздар қарауылдайтын болған. Ол кездері кітаптардың пішіні орам тәрізді болған және папирустардан жасалынған деседі. Өз заманында Александрия кітапханасы ең алып кітапхана саналып, онда 750 000 шиыршық жинақталған екен. Қазір бұл - Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал. Кітапхана ғимараты Жерорта теңізі жағалауындағы Александрия қаласында орналасқан. В)Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры - көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға жуық кітап болған көрінеді. 1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады. Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы - бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады. Г)Стокгольм кітапханасы Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады. Ғ)Копенкагендегі Корольдік кітапхана Копенкагендегі Корольдік кітапхана - Данияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды басылымдардың үлкен мөлшердегі қоры сақталған. Корольдік Кітапханада XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған. Д)Отырар кітапханасы. Әлемнің Алексанриядан кейінгі екінші үлкен білім бұлағы - қазақ жеріндегі Отырар қаласындағы Отырар кітапханасы болған. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды. Отырар – 12 әл-Фарабидің Отаны. Солардың ішіндегі ең атақтысы – біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, орта ғасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Бұл кітапхана Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. «Джигсо» әдісі. Алдымен сынып 6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4,5,6-ға санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5, 6 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 6 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4,5,6 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Айтылым барысында интонацияны сақтап, кідірістерге, әуезге мән беріңіздер. Айтылым. Еліміздегі кітапханаларды әлемнің ең танымал кітапханалары сияқты атақты ету үшін қандай жұмыстар жүргізер жүргізер едіңіздер. Кем дегенде 10 іс-шара жазыңыз және оны атқару жолдарын көрсетіңіз. Бағалау: топтар бірін – бірі бағалау критерийлері арқылы бағлап, кері байланыс береді. Сөйлеу барысындағы интонацияның қойылуына мән береді. | |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Бір сөзбен» әдісі -Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, *Сенімсіздік, *Рахаттану. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | ||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?