Жыл қайыру. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Сабақтың тақырыбы

Жыл қайыру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

 Сабақтың мақсаттары

Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды тапсырмаларды орындау арқылы анықтайды.Мәтін мазмұнын түсінгенін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Оқушының барлығы

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді;

Оқушылардың көбісі

  • Сұрақтарға дәлелдермен жауап береді.

Кейбір оқушылар

  • Жобалық жұмыста мінездемелерге дәлел келтіреді.
  • Тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын ашады.

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнын түсінеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Жобалық жұмыс жасайды.

 Құндылықтар

Өзгенің көзқарасын құрметтеу, отандық прогресске, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру

 Пәнаралық байланыс

Тарих, этнография

 АКТ дағдылары

Тақырыпқа қатысты таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Тілдік міндеттер

Жыл қайыру, мүшел жас, қоян жылы, жұт

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

1.Ұйымдастыру. Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушылар қазақша жыл қайыруды ескере отырып, шешімін айтады. Сөздерін дәлелдеуге тырысады.

Ата жасы

- Ата, нешедесіз? - Үш жылдан соң бұдан үш жыл бұрынғы жасымнан екі есе артық болады. Сонда ата нешеде болғаны?

Жауабы: тоқсанда болғаны.

Жыл қайыру

- Нешедесін деді ақсақалға жігіт ағасы - Төрт жылқы, тоқтымын – деді Тəттімбет күйші, сонда Тəттімбет нешеде болғаны? Жауабы: Тəттімбет күйші өзіне төрт мүшел толғандығын айтты.

Сабақтың мақсатын, бағалау критерийлері мен дескрипторларды талқылайды.

ТҰЛҒАНЫ ТƏРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ Базарбаев А.Ж Ы.Алтынсарин ат.Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, математика мамандығының 2-курс студенті

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

5 мин

10 мин

Тыңдалымалды тапсырма

Оқушылар жұпта сурет бойынша естеріне ертегіні түсіріп, талқылайды.

Талқылау сұрақтары:

  • Жылдарды неге жануар атауларымен байланыстырған деп ойлайсың?
  • Бұл ертегі бойынша қандай ойды анықтауға болады?
  • Ертегіден әділетсіздікті байқадың ба?
  • Басқаша қалай болуы мүмкін?
  • Тышқан жылының орнында түйе жылы болса, ол адам қандай қасиеттерге ие болуы мүмкін?
  • Туған жылыңның мінезге әсері болуы мүмкін бе?
  • Қазақтар қай жылды жақсы көреді, қай жылдан сақтанады? Неге?

Мұғалім талқылаудан соң, «Жыл сүреңі» атты жырды оқиды. Оқушыларға халық даналығын ұғындыруға тырысады. Оқушылар жырды тыңдай отырып, көз алдарына елестетеді.

Жыл сүреңі

Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар.

Құлағы – тышқан,

Бақайы – сиыр,

Тірсегі – барыс,

Еріні – қоян,

Төбесі – жылқы,

Тісі – қой,

Жүні – мешін,

Мойыны – тауық,

Шөккені – ұлу,

Көзі – жылан,

Табаны – ит,

Құйрығы – доңыз.

Тыңдалым тапсырмасы

Қоян жылы Барыстан кейінгі төртінші жыл. Қазақ тарихында жұт, аштық, ауыртпалық, жайлаған алмағайып жылдар осы Қоян жылына тура келеді. 1867-1868 жылдардағы – «Жалпақ қоян» жұты, 1879-1880 жылдардағы – «Үлкен қоян» жұты, 1891-1892 жылдардағы – «Кіші қоян» жұты, 1915-1916 жылдардағы «тақыр қоян» жұты кезінде қазақ елінің басына ауыр күндер келген. Мал қырылып, халық ашаршылыққа тап болып, ауыр күйзеліске ұшыраған. Халқымызды «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуіріне ұшыратқан 1723 жыл да Қоян жылы болатын. Бұл апатты жылдар өз кезінде ақын-жыршылардың қаламынан да қағыс қалмаған.

Болмаса түлкі алдырған, қасқыр атқан,

Бір қазақ таба алмайсың қысты ұнатқан.

Өтіпті «ақ қояндай» қырғын қыстар,

Түкірік түспей қатқан, жұт жұтатқан.

І.Жансүгіров

Жұт көрдім жеті жаста «қоян» деген,

Адал қыс емес-ті қоян деген.

Қызарып, қымыз ішіп ұйықтағанда,

«Абайла, аштық келді, оян!»-деген.

Ә.Нұртазаұлы

Абылай хан осы Қоян жылы дүниеге келген. (1711)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін не туралы?
  • Қазақтар Қоян жылынан неге сақтанады? Тарихтан дәлелдер келтір.
  • «Жұт» деген не?
  • Автор «Жұт көрдім жеті жаста «қоян» деген» деп нені айтты?

Жобалық жұмыс

Оқушылар топта сыныптағы оқушылардың не топ мүшелерінің көпшілігі қай жылдан екендігін анықтайды. Сол жылда туғандардың мінезіне сипаттама жасайды. Оны өзге топтардың алдында қорғайды.

Дескриптор:

  • Жылды анықтайды.
  • Ортақ мінездемелерді атайды.
  • Әр мінездемеге топ мүшелерінің жасаған істерін келтіре отырып дәлелдейді.

Презентация

«Қазақ этнографиясы», Зейнолла Сәнік, 430 бет.

«Қазақ этнографиясы», Зейнолла Сәнік, 425 бет.

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс.

Сабақтан не үйрендім?

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – робототехника, биология

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу