Астана дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал.


Оқылым тапсырмасы.

Елордамызды тұрғындар үшін қалай мұнан да ыңғайлы, қолайлы жасауға болады? Қаланы дамытудың 5 жылдық кешенді жоспарының негізіне қандай стартегиялық және тактикалық міндеттер енді? Қаладағы мәселелердің қайсысы ең өзекті, күрделі? Астана қаласы әкімдігі тұрғындарға ашық болуы үшін қандай шаралар қабылдауда? Осы және өзге де сұрақтарға Астана қаласының әкімінен жауап алуды көптен бері ойластырып жүр едік. Соның сәті енді түсіп, газеттің кезекті нөміріне осы сұхбат дайындалып жатқанда, Әсет ИСЕКЕШЕВ Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Осы жылдың сәуір айында Елбасы Астананың жүйелі дамуы бойынша арнайы жиын өткізген болатын. Бірнеше міндеттер мен тапсырмалар берілді. Осы тұрғыда қала тұрғындарын Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы қызықтырады.

– Елорда – еліміздің мақтанышы, Елбасымыздың төл туындысы. Сондықтан қаланың даму барысы әрдайым ел басшылығының ерекше назарында болары сөзсіз. Жалпы, Астана қаласында да басқа қалалар сияқты күнделікті мәселелер мен жүйелі түрде шешілетін мәселелер бар. Елбасы берген тапсырмалар аясында біз басым бағыттар мен бағдарламаларды, қаланы басқару жүйесін қайта қарастырып шықтық.

– Әрине, ауқымды жұмыстарды бір ауызбен айтып шығу мүмкін емес. Бірақ қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысына қалай сипаттама беруге болады?

– Осы жылы экономиканың базалық салаларында өсудің оң динамикасы байқалады. Өнеркәсіптің өсу қарқыны – 2,6 пайыз (381,4 млрд теңге). Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға (317 млрд теңге) өсті.

Жыл соңына дейін машина жасау, металлургия мен сусын шығару көлемін арттыру есебінен өсімді 11 пайызға көбейтуді жоспарлап отырмыз. Қалаға 580 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайыз жоғары. Бұл ретте тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 158,4 млрд теңгені құрады. Мұны өткен жылмен салыстырғанда үш есе өсті деуге болады (2017 жылдың 8 айы – 51,7 млрд теңге). Биыл өткен екі жылдағыдай елордада салық түсімдері бір триллион теңгені құрайтынын айта кеткен жөн.

Астана қаласының жалпы республикалық құрылыс көлеміне қосып отырған қарқынын ерекше атауға болады. Өткен 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3 млн 170 мың шаршы метр көп қабатты тұрғын үй салынған болса, оның 42 пайызы Астана қаласында пайдалануға берілді. Бұл – біздің құрылысшыларымыздың үлкен еңбегі. Жалпы, соңғы 3 жылда (2016-2018 жж.) елордамызда 7 млн шаршы метр баспана, яғни 100 мың пәтер салынды. Бұл – бір орташа облыс орталығымен бірдей көрсеткіш.

– Шағын және орта бизнес қалай дамып жатыр?

– Жақында 2017 жылдың қорытынды деректері шықты. Қала экономикасындағы ШОБ үлесі 54,4 пайызды құрады. Әр ай сайын 1400 жаңа кәсіпорын ашылуда. Ал жыл басынан бастап Астанада 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға көп. Оның 10,9 мың орны – шағын және орта бизнес саласында.

 Тапсырма.

  • Мақсаты
  • Мақсатты аудиториясы
  • Стилі
  • Жанры

 Дескриптор.

  • Мәтіннің мақсатын анықтайды.
  • Кімге бағытталғанын анықтайды.
  • Стилін анықтап, дәлел келтіреді.
  • Жанрлық ерекшелігін дәлелдеп айтады.

 

 Тапсырма.

  • Мәтіннің жанрлық ерекшелігін жұпта талқылаңыз.
  • Интервьюдің құрылымы сақталған ба?
  • Рәсімделуіне баға беріңіз.

 

 Оқылымнан кейінгі тапсырма.

 Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі. Оқушылар жұпта «Болашақтың Астанасы» тақырыбында Астананың құрметті бір тұрғынымен интервью құрап жазады.

 

 Дескриптор.

  • Интервью құрап жазады.
  • Құрылымын сақтап жазады.
  • Талапқа сай рәсімдейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу