Этика заңдылықтары. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.


Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз. Назарларыңызға күнделікті өмірде қажет болатын этика нормаларын ұсынамыз.

1. Мақтау сөзді дұрыс қабылдай білу Егер біреу тағамыңызды мақтаса, азық-түлікті қай дүкеннен алып, қанша сағат дайындағаныңызды баяндай жөнелмеңіз. Жай ғана «рақмет» деудің өзі де жеткілікті.

2. Өзіңіз жайлы жиі айта бермеу Біреуге сіздің өміріңіз, жұмысыңыз, туыстарыңыздың халі, ауру-сырқау туралы әңгіме қызық болады деп ойласаңыз да, бұл тақырыпты жиі қозғай бермеңіз. Сұхбаттасыңыз сұрақ қойса ғана жауап беріп отырыңыз. Өзіңізге қатысы жоқ нәрселер жайлы әңгімелескен дұрыс.

3. Қонаққа ескертусіз келмеу Біреудің үйіне ескертусіз бармаған жөн. Себебі ол адамның өз жоспарлары болуы немесе жай ғана шаршап, ертерек жатып, демалғысы келуі мүмкін.

4. Қолшатырды тек үйде кептіру керек Көбіміз кеңседе, қонақта қолшатырды жайып, кептіруге қоямыз. Бұл этикалық нормаға кереғар. Оны жинап, бір жерге іліп қою керек.

5. Сөмкенің орны кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек.

https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/29951/

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға 3-4 сөйлеммен жауап беріңіз.

  • Мәтіндегі қай норманы ұстанып жүрсіз? Мысал келтіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Айналаңыздағы адамдар көбінесе қай норманы сақтамайды? Шынайы өмірден мысал келтіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Осы нормаларға тағы да не қосар едіңіз? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу