Этика заңдылықтары. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: Этика заңдылықтары | Мектеп: Орал қаласындағы НЗМ | ||||||||||||
Мерзімі: | Оқытушы аты-жөні: Мунбаев С. Х. | ||||||||||||
СЫНЫП: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: 0 | |||||||||||
Сабақтың оқу мақсаттары | 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтінде көтерілген мәселені анықтау; Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. | ||||||||||||
Тілдің мақсаттар | Энциклопедия, ғылыми-көпшілік әдебиет, БАҚ, Айтқандай, көрсеткендей, айтуынша, деп айтқандай, оның пікірінше және т.б. | ||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | ||||||||||||
Алдыңғы сабақта | |||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздері | |||||||||||
10 минут | Қызығушылық ояту Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөледі. Тақтадан бос ұяшықтарды көрсетеді. Барлығ сыныпқа бір сұрақ қойылады. Әр топ кезек-кезек бір әріптен айтып отырады («Поле чудес» ойыны сияқты). Сұрақ: Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға осы нормалармен жетекшілік жасайды. Егер оқушылар қиналып жатса: Зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Бұл сөзі көбінесе мәдениетпен байланыстырамыз. Оқушылар сөзді тапқан соң, сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады. Мұғалім оқушыларға бағалау критерийлеріне қатысты сұрақтар қояды:
| Презентация | |||||||||||
10 минут 10 минут 5 минут | Тыңдалымалды тапсырма Мұғалім оқушыларға интербелсенді тақтадан (немесе қағазға шығарып) бірнеше суретті көрсетеді. Оқушылар сол суреттердегі әрекет этикаға жататынын, не жатпайтынын айтады, өз ойларын дәлелдейді. Тапсырма дескрипторлары:
Тыңдалым тапсырмасы Мұғалім оқушыларға «Этика заңдылықтары» тақырыбында бейнеролик көрсетеді. Оқушылар 5 адамнан құралған топтарға бірігеді. Нақтылаушы, түсініктеме беруші, шығармашылық, бағалаушы және тәжірибелік сұрақтар құрастырады. Сұрақтар мәтінде көтерілген мәселені анықтау үшін және автор мен оқырманның мәселеге қатысты көзқарасын анықтау мақсатында құрастырылады. Әр оқушы өзіне тиесілі сұрақ құрастырады. Кейін ортақ параққа жазылады. •Нақтылаушы сұрақтар. Мәтін мазмұнын түсіну деңгейіндегі сұрақ. Бұл «иә» немесе «жоқ» жауаптарын қажет ететін, мәтін мазмұны бойынша оқушының түсіну деңгейін тексеру сұрақтары. …екені рас па? Егер мен дұрыс түсінсем, ...сияқты формада берілуі мүмкін. Сұрақтарға жауап беру барысында оқушы өз жауабын дәлелді түрде жеткізуі қажет. •Түсініктеме беруші сұрақтар. Мәтін мазмұнына анализ жүргізу мақсатында қойылатын сұрақтар. Әдетте «Неге?», «Неліктен?» деп басталады. Сұрақтар себеп-салдарлық мәнді анықтау мақсатында қойылады. Ескерерлік жайт, бұл сұрақтардың жауаптары мәтінде нақты көрсетілмеуі керек, оқушының сыни ойлауына бағыттаңыз. •Шығармашылық сұрақтар. Мәтінге синтез жүргізуге көмектесетін сұрақтар. Әдетте келер шақты меңзеп қойылады, болжамды қамтиды. Мысалы, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік органы ретінде қабылдау қалыптасса, проблемалық мәселелер шешімін табар ма еді? •Бағалаушы сұрақтар. Іс-әрекетті, оқиғаны, деректі бағалауға бағытталған сұрақтар. … деген қарым-қатынасыңыз қандай? … іс-әрекеті дұрыс па? сияқты формада берілуі мүмкін. •Тәжірибелік сұрақтар. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты анықтауға бағытталған сұрақтар. Мысалы, Басты кейіпкердің орнында мен не істер едім? Егер мен журналист болсам, қоғамдағы қандай өзекті мәселелерді көтерер едім? Оқушылар құрастырған сұрақтарын сағат тілі бойынша келесі топқа ұсынады. Топқа арналған тапсырманың дескрипторлары:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Оқушылар өзге топтың құрастырған сұрақтарын талдайды. Сұрақтың дескрипторға сай құрастырылуын бағалайды. | Презентация | |||||||||||
5 минут | Рефлексия «Үш ССС» Оқушылар сабақта сәтті шыққан үш әрекетін айтып, келесі сабақта жұмысты жақсарту үшін жасалатын бір әрекетті көрсетеді. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі. АКТ байланыстары. Құндылықтар байланыстары. | |||||||||||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?