Ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Индустрияландыру:ұлттық өндіріс

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық өндіріс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

Т/А4 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.

Сабақтың мақсаты

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.

 Бағалау критерийлері

-мәтіндегі көтерілген мәселені анықтай алады

- автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере алады

- сұрақтар құрастырып, бағалай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің білетінім...

Менің ойымша...

Екінші жағынан...

Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін...

Менің пайымдауым бойынша...

Осыған дейін меңгерілген білім

Өз сөздік қорларын дамытады және грамматика мен пунктуация аспектілерін жақсартады. Оқушылар бұл бөлімге өздерінің шынайы өмірдегі, индустрияландыру:ұлттық өндіріс туралы мағлұматтарын ортаға салады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Сәлемдесу.

Оқушылар туған күндерінің күніне байланысты ретімен сапқа тұрып үш топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту:

Ой сергек

Берілген сурет бойынша тақырыпқа болжау жасайды.

Сабақтың ортасы

 Тыңдалым тапсырмасы

Топтық жұмыс

1-тапсырма.

Әр топқа үш салаға байланысты бейнебаян таратылады. Берілген бейнебаяндағы көтерілген мәселені анықтайды. Бейнебаянға байланысты автор мен көрерменнің қарым-қатынасын топта талқылап,талқыланған ақпаратты сабақ тақырыбымен байланыстырып қорғайды.

1-топ

«Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс». «Брандо» медициналық тауарлар шығаратын зауыт

https://www.youtube.com/watch?v=5BlDHTgmQJI

2-топ

«Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс». «Сәуле» тоқыма-тігін фабрикасы

https://www.youtube.com/watch?v=IkF7EjZYz58

3-топ

«Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс». «Danone Berkut» сүт өндірісі кәсіпорны

https://www.youtube.com/watch?v=-a8IPFIp4QM

Тапсырма 2.

Топтық жұмыс

Айтылым тапсырмасы

3 топқа өндіріс ошақтары туралы мақалалар таратылады.

1-топ

«Ірі өндіріс ошағы»

http://archive.zhetysu-gazeti.kz/index.php/item/1473-%D1%96%D1%80%D1%96-%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81-%D0%BE%D1%88%D0%B0%D2%93%D1%8B

2-топ

«Алматыда аяқ киім шығаратын ошағы іске қосылды»

http://www.inform.kz/kz/almatyda-ayak-kiim-shygaratyn-ondiris-oshagy-iske-kosyldy_a2952655

3-топ

«КӨНЕ ӨНДІРІС ОШАҒЫ ЖАҢА ЖЕРГЕ КӨШЕДІ»

http://atamekenim.atameken.kz/kk/news/24785-znamya-kachestva

Оқушылар қазіргі қоғамдағы өндіріс ошақтары жайлы ақпарат берерін мақалалармен танысады. Мақаласындағы автор пікіріне өз көзқарастарын білдіріп, топта талқылайды. Топта талқыланған пікірлеріне сүйене отырып, әр топ келесі топқа бір-екі сұрақ құрайды.

Сұрақ алған келесі топ сабақ барысында алған ақпататтарын пайдалана отырып, өз ойлары мен көзқарастарын білдіреді

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын анықтайды

1

Мәтінде көтерілген мәселені толық түсінеді

Автор мен оқырманның

қарым-қатынасын

анықтай алады

Ойы жинақы

Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты сұрақтар құрастыру және бағалау.

2

Мәтіндегі мәселеге

байланысты әр келесі топқа

сұрақ құрай алады

Берілген сұраққа нақты жауап

беріп, бағалай алады

Кері байланыс: 

Оңай болғаны....

Қиын болғаны.....

Маған ..... назар аудару керек.

Үйге тапсырма: Ұлттық өндіріс туралы ақпараттар жинақтап келуге .

1-топ

https://www.youtube.com/watch?v=5BlDHTgmQJI

«Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс». «Брандо» медициналық тауарлар шығаратын зауыт

2-топ

«Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс». «Сәуле» тоқыма-тігін фабрикасы

https://www.youtube.com/watch?v=IkF7EjZYz58

3-топ

«Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс». «Danone Berkut» сүт өндірісі кәсіпорны

https://www.youtube.com/watch?v=-a8IPFIp4QM

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Оқушылардың өздігінен өзденіп жұмыс жүргізуіне ықпал етемін.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Сырттан бақылау арқылы, өз-өздерінің бірін-біріне бағалату арқылы тексеремін.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс

Өз бетімен топта тиімді жұмыс жасауға, өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттілігін сезінуге ықпал етемін.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

1 мәтін Ірі өндіріс ошағы

http://archive.zhetysu-gazeti.kz/index.php/item/1473-%D1%96%D1%80%D1%96-%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81-%D0%BE%D1%88%D0%B0%D2%93%D1%8B

Қапшағай қаласындағы Ермек Мусин басқаратын «Ермин» компаниясы Қазақстанға танымал ең ірі өндіріс ошақтарының бірі. Бүгінде оның құрамына бірнеше кәсіпорын кіреді. Соның бірі «Қапшағай құрылыс комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кеңес кезеңінен бері жұмыс істеп келе жатқан зауыт темір-бетон бұйымдары мен металқұрылымдарын өндіруге бейімделген. Қазір де құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысады.

Бүгінде береке-бірлігі жарасқан ұжымның өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Біз бұған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен жете танысқанда көз жеткіздік. Құрылыс индустриясының дамуына үлес қосып жатқан еңбеккерлер тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында дамыл таппай еңбек етуде. Өндіріс орнының басшысы Сәуле Мусинаның айтуынша, қазір мұнда отыз шақты адам жұмыспен қамтылыпты. Ал жазғы маусым кезінде олардың саны тіпті артатын көрінеді. Ішкі нарықпен бірге жақын шет мемлекеттерде де үлкен сұранысқа ие зауыт өнімдері Астана сияқты ірі қалалардың көркеюіне де атсалысуда. Мәселен, Астанадағы орталық алаңға төселген плиткалар, жаңа бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер, Астана әуежайы аумағына салынған ғимараттар, тағы сол сияқты нысандардың құрылысына қолданылған бұйымдардың басым бөлігі осы кәсіпорын-дыкі.

Өнімдерді алматылықтар мен талдықорғандықтар және қапшағайлықтар да кеңінен тұтынады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланатындардың да қатары көп. Еңбеккерлер әсіресе құрылыс материалдарын өндіруде сапаға көп мән береді. Серіктестік басшылығы тапсырыс берушілердің жағдайына қарай жеңілдіктер көрсетуден де еш жалыққан емес. Әсіресе, қыс айларында. Өндірісте қазір бес цех жұмыс істеп тұр. Онда темір-бетон, ағаш бұйымдары, жолға төсейтін тротуарлар мен металқұрылымдар, үй жиһаздары шағарылады. Ескірген қондырғылар да барынша жаңартылып, шетелдік қондырғылармен жабдықталуда. Германиялық, ресейлік құрылғылар үздіксіз іс атқарады. Сондықтан да болар, өнім сапасының жоғары бағаланатыны. Әрине, мұның бәрін білікті мамандардың көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін емес.

Бұл жерде өз кәсібін жетік меңгерген Бота Нұрғалиева, Елена Коптілеуова, Надежда Пушкарева, Галина Вострикова, Александр Харченко, Зағира Оразбаева, Семейхан Атабаев секілді тәжірибесі мол байырғы мамандар еңбек етеді. Олар өз білгендерін жастарға үйретіп, тәжірибелерімен бөліседі. Кәсіптік техникалық училищені бітірген соң бірден осы кәсіпорынға келіп дәнекерлеуші және арматуршы болып жұмысқа орналасқан Владислав Дергачев пен Александр Романов екі қолға бір күрек тапқандарына дән риза. Ел бойынша қазір осындай бұйымдар өндірумен айналысатын он шақты кәсіпорын бар. Құрылыс нысандарын өз елімізден шыққан сапалы өнімдермен қамтамасыз етуде мұндай зауыттардың алатын орны ерекше. Осыны жақсы білетін кәсіпорын қызметкерлері қажет болған жағдайда тәулік бойы еңбек етуге әзір.

2мәтін

Алматыда аяқ киім шығаратын өндіріс ошағы іске қосылды

http://www.inform.kz/kz/almatyda-ayak-kiim-shygaratyn-ondiris-oshagy-iske-kosyldy_a2952655

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Индустрияландыру картасы аясында Алматының Медеу ауданында аяқ киім шығаратын кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлады қалалық әкімдік Instagram-дағы өз парақшасында. «Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында Медеу ауданында құны 80 млн. теңгені құрайтын аяқ киім шығаратын кәсіпорын жаңғыртылып, іске қосылды. Кәсіпорын еліміздің арнайы күш-қуат құрылымдары ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық гвардиясы үшін және мұнай мен тау-кен өндіру саласы мамандары үшін арнайы мақсаттағы аяқ киімдерді шығарады әрі сатады», - делінген хабарламада. Фабриканы жаңғырту оның өндірістік қуатын жылына 350 мыңнан 700 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ондағы қазақстандық қамту үлесі 95 пайыздан асты. Кәсіпорында 230 адам жұмыс істейді, оның ішінде 30 жұмыс орны жаңа өндіріс желісін қосудың арқасында құрылды. Instagram пайдаланушыларының көпшілігі қазақстандық аяқ киімнің бағасына қызығушылық танытқан. Жалпы, әлеуметтік желіні пайдаланушылар жаңа өндіріс ошағына қолдау білдіріп, алдағы уақытта кәсіпорын халықтың барлық санаты үшін аяқ киімдер шығаратындығына сенім артқан.  

3мәтін

http://atamekenim.atameken.kz/kk/news/24785-znamya-kachestva

КӨНЕ ӨНДІРІС ОШАҒЫ ЖАҢА ЖЕРГЕ КӨШЕДІ

Алматы ауыр машина жасау зауыты 75 жылдық мерейтойын атап өтуде

Алматы ауыр машина жасау зауыты – Қазақстандағы ең көне өндірістік кәсіпорындардың бірі. Ол 1941 жылы Украинадан эвакуацияланған Луганск паровоз жасау зауытының негізінде ашылған еді. 1941 жылы желтоқсан айында Алматыға пойыз арқылы алғашқы жабдықтар әкелініп, 1942 жылдың ақпанында зауыт жасаған алғашқы миналар мен снарядтар соғысқа жөнелтілді. Соғыстан кейінгі жылдарда зауыт бейбіт өнім шығаруға көшті.

Бүгінгі таңда Алматы ауыр машина жасау зауытының өнімдерін әлемнің 32 мемлекетінде – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия және көптеген басқа елдерде пайдаланады. Машина жасау өнімдері үнемі Ресейге (Северсталь), Украинаға (Запорожсталь), Өзбекстанға (Узметкомбинат), Қырғызстанға (Электрические станции), Белоруссияға (Минсккабель), оған қоса Үндістан мен Пәкістанға жөнелтіліп отырады. Тығырыққа тіреген экономикалық жағдайдан шығу үшін зауыт даму бағытын өзгертіп, өнім көлемін көбейтуге басымдық беруге мәжбүр болды. Өндірілетін өнімдер тізімі өте көп, дегенмен ең бастылары ауыр машина құрастыруға керекті жабдықтар, арасында жекелей сызбаларға қарап та жасалатындары бар. Бүгінгі таңда кәсіпорында 700 адам жұмыс істейді.     

«Ауыр машина жасау зауытының бас директоры Едігенов Жетпісбай Кәрібайұлына өз ісіне деген адалдығы, құлшынысы, біліктілігі, машина жасау зауытын сақтап қалғаны, цехтарды қоймасы көп көтерме-реттеуіш базаға айналдырып жібермегені үшін ерекше алғысымызды айтамыз. Кәсіпорын өзі жүрген саланың көшбасшысына айналып, клиенттерін жоғары сапамен қуантып келеді. Алматы ауыр машина жасау зауыты 90% қазақстандық шикізатты қолданады. Өндірісте құю, сығымдау, термиялық, технологиялық үдерістерді механикалық өңдеу операциялары жүргізіліп, бір өнімнің құрамдас бөлшектері мен түйіндері жасалады, бұның бәрі оңай шаруа емес! Алматы ауыр машина жасау зауыты – «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» аталымы бойынша бірнеше мәрте дипломант, жеңімпаз атанған», – деді зауытқа саяхат барысында Кәсіпкерлар палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Бүгінгі таңда Алматы ауыр машина жасау зауыты өндіріс ошағын Алматы қаласының Алатау ауданындағы өндірістік аумаққа көшіруді жоспарлап отыр. Жаңа кешенді салуға тартылатын инвестиция көлемі 170 миллион доллардан кем емес.  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу