Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі Т1

Мектеп: ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Оқу бағдарламасына сілтеме

О1. Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

Құндылықтар

Ұлттық мәдени мұраларымызды құрметтеуге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар

Индустрияландыру, сандық көрсеткіш, кесте, сызба, статистикалық көрсеткіштер, ағым.

Алдыңғы білім

Бөлім бойынша білімдер

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Миға шабуыл: Тақтаға түрлі диаграммалар мен сызбалар, жылдар көрсетілген парақтар мен плакаттар ілінеді. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Диаграмма, сызбалар не үшін қажет?
  • Жылдарды көрсетудің маңыздылығы бар ма әлде бұл жай ресми көрсеткіш пе?

Топқа бөлу. Ұзын, орташа, қысқа жіптерді суыру арқылы сынып 3 топқа бөлінеді.

Парақтар, плакаттар

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Тапсырма: Әр топтың алдына тапсырмасына сәйкес сызбалар таратылып беріледі.

І топ. Уран өндірісі бойынша берілген екі сызбаны негізге ала отырып, көрсеткіштерді мәтіндік ақпаратқа айналдырып жазады. (6 сөйлемнен кем емес)

Жетекші уран өндіретін елдер 2015 ж

Жетекші уран өндіретін компаниялар 2015 ж

ІІ топ: Мұнай өндірісі бойынша берілген диаграмманы сүйеніп, компанияларды өндірілген мұнай көлемі бойынша ретпен орналастырыңыз, түсіндіріңіз.

Шартты қысқартулар:

ӨМГ – ӨзенМұнайГаз

ЕМГ – ЕмбіМұнайГаз

ҚГМ – Қазгермұнай

ПҚИ ПетроҚазақстан.Инк

CCEL -Қаражанбасмұнай

ІІІ топ: Берілген мәтінге сүйене отырып, Қазақстанның тау-кен металлургия өндірісіне сызба немесе диаграмма құрастырыңыз.

Қазақстанның ТМК саласы туралы

Тау-кен металлургия кешені – бұл Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Онда негізгі кәсіптегі 164,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазақстанда хром кенінің әлемдік қорының 30%-ы, марганец кенінің - 25%-ы, темір кенінің -10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10% және 13%-ын құрайды. Қазақстан Республикасының жалпы геологиялық көмір қоры мен болжамды ресурстары 150 млрд. тоннаға бағаланады. Осылайша Қазақстан мырыш, вольфрам, және бариттің барланған қоры бойынша бірінші орынды, күміс, қорғасын, хромиттер мен уран бойынша – екінші, мыс бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші, кобальт бойынша – бесінші, алтын мен көмір бойынша алтыншы, алтын бойынша – жетінші орынды иемденеді. Менделеев кестесінің 105 элементі ішінде Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70 элемент бойынша қорлары барланған, 60-тан астам элемент өндіріледі.

Бағалау: Бес саусақ

Бағалау дескрипторлары:

  • Кесте, сызба түрде берілген мәтіндерді талдай алады
  • Графиктік мәтіндерді талдап, ақпаратты сараптай алады
  • Мәтін түрінде берілген мәліметтерді графиктік мәтінге айналдыра алады

Таратпа қағаздар

Бағалау смайликтері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Ауызша комментарийлер беру

Рефлексия: Алма ағашы

Үйге тапсырма: Қазақстанның ұлттық өндірісінің халықаралық экспорттағы рөлі тақырыбында мәлімет жинақтау

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Жауаптар төмендегідей болуы мүмкін:

І топ:

2015 жылы әлемде табиғи уранды өндіру және құны

  • 2015 жылы табиғи уранға споттық бағасының күнделікті индикаторының (TradeTech и UxC) орташа мазмұны 36,80$/фунтU3O8, ал уранға ұзақ мерзімді құны 46,70$/фунт U3O8 құрады.
  • WNA деректері бойынша 2015 жылы әлемде уранды өндіру 60,5 мың тоннаны құрады.
  • Қазақстан 2015 жылдың қорытындысы бойынша Канада мен Аустралияны артқа тастап, әлемде алдыңғы орынды алады.
  • 2015 жылы Қазақстан, Канада және Аустралия әлемдік уран өндіру көлемінің шамамен 70 % өндірді (тиісінше 39 %, 22 % және 9 %).
  • 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірген уран 12,9 мың тонна немесе әлемдік уран өндіру көлемінің 21 % құрады.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран нарығындағы негізгі бәсекелестері мыналар:Cameco - 10,9 мың. тонна, 18%;AREVA – 9,4 мың. тонна, 16%;Росатом (АРМЗ және UraniumOne өндіру) – 7,8 мың. тонна, 13%.

ІІ топ

АО ҚМГ БӨ компаниясы негізгі құрамы АО ӨзенМұнайГаз (ӨМГ) және ЕмбаМұнайГаз (ЕМГ) активтерінен тұрады. ӨМГ-нің үлесіне, ӨМГ және ЕМГ- нің мұнай қорларының 70.6% (2016 аяғындағы мәлімет бойынша) тиеді және 2016-шы жылдың ӨМГ және ЕМГ мұнай өндіру көлемінің 66.2 % тиді. Казіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Мұнай өндіруді арттыру технологиясы қолданылады.

ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.

1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.

Қазгермұнай

Қазгермұнай компаниясы Қазақстан Республикасына Германиядан инвестициялар тарту мақсатында 1993 жылы құрылды. Қазгермұнайдың Құрылтай шартына сәйкес, ол Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында 2024-жылдың 1-наурызында бітетін 30 жыл мерзімге барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған эксклюзивті құқықтар мен лицензиялар алды.

Қазгермұнай компаниясы өзінің қызметін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады. Қазгермұнайдың мұнай кен орындары 897 шаршы километр алаңды алып жатыр. 2016 жылы Қазгермұнайдың өндіру көлемі 1,5 миллион тонна  мұнай құрады.

CCEL (Қаражанбасмұнай)

CITIC Канада Петролеум Лимитед (бұрынғы Nations Energy Company Ltd) бүкіл дүниежүзі бойынша мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі халықаралық жобаларды сатып алуға арналған жеке канадалық компания ретінде 1996 жылы құрылған. 1997 жылы Nations Energy Company Ltd Қазақстан Үкіметінен «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы 100% бақылауды білдіретін 94.62% акционерлік капиталды сатып алды.

2020 жылға дейін Компанияға Қазақстанның батыс бөлігіндегі Қаражанбасмұнай кен орындарын игеруге арналған 100% құқық тиесілі. 2016 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ 1,1 млн. тоннаға мұнай өндірді.

ПетроҚазақстан Инк. (ПҚИ)

Көмірсутегін барлау және өндірумен, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сатумен айналысатын компаниялары тобы . «ПетроҚазақстан Инк.» 16 кенорнында үлесі бар, оның 11-і игерудің әртүрлі сатыларында тұр.2016 жылы ПҚИ өндіру көлемі 1,2 млн. тонна мұнайды құрады.

ІІІ топ:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу