Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2- тарау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

 Сабақтың мақсаты

Көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

 Бағалау критерийлері

  • Кестені толық толтырады
  • Мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды
  • Кестеге сүйене отырып мәтіннің құрылымы мен рәсімделуіне назар аударады
  • жанрлық ерекшеліктерін талдайды
  • Өз пікірін жүйелі жеткізеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: оқылым мәтіні, талдау, т.б.

Пән лексикасы және терминология: мәтін жанры, құрылым, мәтін түрі, абзацтар арасында логикалық байланыс

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: мәтінді талдау барысында, кілт сөздер, т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

графиктік мәтіндегі деректерді салыстыру

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Мақсаттар туралы айтып береді,

Күтілетін нәтижелерді белгілейді. Оқушыларды санау арқылы топқа бөледі.

Сабақтың ортасы

5 минут

5минут

7 минут

10 минут

7 минут

Оқылым алды тапсырмасы

Кез келген МӘТІНГЕ талдау 3 деңгейде жүргізіледі. Мәтін: сөз деңгейінде, сөйлем деңгейінде, мәтін деңгейінде

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Мәтін

Түрі

Құрылымы

?

?

Логикалық байланыс

?

Өз жауабыңызбен салыстырыңыз.

  • Мәтіннің түрі: пайымдау(қалай?), сипаттау(қандай?), баяндау(не істеді?)
  • Мәтін құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім

Ескерту: оқушыға мәтін толық ұсынылмауы мүмкін. Кіріспесіз немесе қорытынды бөлімсіз келетін мәтіндер сіздерге ұсынылуы мүмкін.

  • Мәтінде абзацтар арасында логикалық байланыс болуы мүмкін. Оны мәтіннің толық мазмұнын ашатын көпір іспеттес КІЛТ СӨЗДЕР байланыстырады.

Танысыңыз. Мәтін жанры

Оқылым.

Ұлттық өнім әлем дастарқанына жол тартады

Ақтөбе облысы Сарбие ауылдық округінің «Жақып» шаруа қожалығы таяуда Турин қаласында өткен халықаралық аграрлық көрмеге қатысып қайтты.  160 мемлекет қатысып, бас қосқан үлкен жиында әр ел өзінің таза аграрлық, табиғи тағамдарын таныстырды.

Шаруа қожалығы бұл әлемдік шараға Астанада ауыл шаруашылығы өкілдері қатысқан халықаралық конференциядан кейін жолдама алған. Сол жиында тағамның құндылығы, адам ағзасына тигізер пайдасы талқыланып, химиялық қоспасы жоқ таза өнімдер таныстырылған еді. Жұртшылық назарына «Жақып» шаруа қожалығын тарысы да ұсынылған болатын.

«Италия сапары біз үшін жаңа тәжірибе, жаңа бастама болды. Көрмеге тары, талқан апардық және жент те жасап алдық. Шетелдіктер үшін біздің тары жаңалық болды. Тарының 200 грамын 1 еуродан, бір қорап жентті 6 еуродан алды, осылайша алғашқы күні-ақ әп-сәтті 30 келі тары сатылып кетті. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея кәсіпкерлері біздің тарыға қызығушылық танытты. Сол елге шақырту алдық. Сапарамыз 2017 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Бұйырса, келісімшарт жасау жоспарымызда бар. Қазір Италиямен де, Кореямен де келісім жасау үшін құжаттар реттелуде. Өндірісімізді әлемдік стандартқа сай реттеу жұмыстарымен айналысып жатырмыз», – дейді шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Жақып.

«Жақыптың» тары жармасы – отандық жаңа өнімнің сапалы шикізаты. Ал шоколадты жент Ақтөбенің жаңа дәміне айналды.

Индира Кереева

Тапсырма.

ЖЖ

Ұсынылған ұлттық өндіріс тақырыбындағы мәтінді мұқият оқыңдар. Кестеге сүйене отырып мәтіннің құрылымы мен рәсімделуіне назар аударып, жанрлық ерекшеліктерін талдаңдар

Мәтіннің құрылымы

Рәсімделуі

Жанрлық ерекшелігі

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Т

Оқушылар оқылым тапсырмасын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды

1

2

Кестені толық толтырады

Мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды

Кестеге сүйене отырып мәтіннің құрылымы мен рәсімделуіне назар аударады

жанрлық ерекшеліктерін талдайды

Өз пікірін жүйелі жеткізеді

http://atameken.kz/kk/news/24636-ltty-nm-lem-dastaranyna-zhol-tartady

Ұлттық өнім әлем дастарқанына жол тартады

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

  • Бұл сабақта сіздер үшін не маңызды болды?
  • Бүгінгі сабақтан не білдіңіз?
  • Нені жетілдіру керек деп ойлайсыздар?

Үйге: Кез-келген үзіндіні алып, мәтін деңгейінде талдау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу