Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 3 сабақ. 1 нұсқа.
1-таратпа
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ДЕҢГЕЙІ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруде «ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі» алғашқы орынды алатыны сөзсіз. Жалпы, ұлттық экономика - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Ұлттық эконoмиканың қызмет ету деңгейі яғни, ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық қызмет ету деңгейінің, бағыттарының бірі болып табылады.
Экономикалық теорияда шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әрі қилылық мына жайлармен байланысты:
Біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау;
Екіншіден (бұл бірінші жағадайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан метологиясы;
Үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудаған бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз - сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара иәуелділікті сипаттайды.
Қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларының құрылуы - объективті экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық процесс. Оны орнату, ұстау, өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал етеді және өз кезегіндесол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына, өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне, ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен ауқымына тәуелді.
Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
- Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім меғн ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
- Салааралыққа – қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
- Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);
- Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекемен өндіріс салаларының сандық арақатынасы.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады. Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады.
2-таратпа
Мәтін тақырыбы | Сабақ тақырыбымен байланысы | Тілдік ерекшеліктері |
Ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі | ||
3-таратпа
Мәтіннің басы | Мәтіннің ортасы | Мәтіннің соңы |
4-таратпа
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?