Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Тұрақты_сөз_тіркесі
Терминдер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер.Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай: а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек. ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Термин сөздер ғылымның барлық саласында кездеседі:
1.Әдебиет пен өнерге байланысты терминдер: роман,театр,филармония, актер, образ, дирижер, режиссер.
2.Лингвистикаға байланысты терминдер: лексика, фонетика, морфология,синтаксис,омоним,орфография,архаизм,бастауыш,баяндауыш т.б.
3.Спортқа байланысты терминдер: футбол, баскетбол,волейбол, ,хоккей, щахмат, бокс, акробат т.б.
4.Ғылымға байланысты терминдер: математика, синус,биссиктриса, көбейту,косинус,химия,азот,хлор,азон т.б.
Қосымша: Интернацианалдық термин – әлемнің көптеген елдерінде бір атаумен қолданылатын термин.Мысалы, фонетика,грамматика,экология,бизнес т.б.
https://baribar.kz/student/10809/termin-soezder/
Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Сөз_мәдениеті
Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
Алматы қаласында индустрияландыру бағдарламасына енген 532 млрд теңгенің 29 жобасы бар. Бірінші бесжылдықта осы жобалардың 21-і іске қосылды. Олардың жалпы құны 280,04 млрд теңге. Сәтті жүзеге асқан жобалардың бірі – қалада орналасқан «Қаз Шыны Құрылыс» зауыты. Аты айтып тұрғандай, зауыт шыны шығарумен айналысады. Кәсіпорын екі ауысымда тәулік бойы тыным таппай жұмыс істеп, 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыттан шыққан инновациялық өнімдер 100 пайыз ішкі нарық сұранысын қамтиды. Мұны ауыз толтырып айтуға болады.
Зауытта өндірістің бірнеше циклы бар: шыныны шынықтыру мен кесу, арнайы аппаратпен шыныға сурет салу және кәдімгі терезеге қажетті шыны пакеттер шығару.
Кесу үстелінің үстінде ауыр шынылар суда қалқыған қағаздай сырғиды, арнайы тесіктерден қатты үрлеген ауа шыныны үстел бетімен жеп-жеңіл жылжытып отырады. Кесу кезіндегі тағы бір маңызды нәрсе – шынының сапасын қадағалау. Бұл жұмысты кәсіпорындағы арнайы зертхана мамандары атқарады.
Пешке кірген шыны керегінше 650-ден 7000 градусқа дейін қыздырылады. Шыны жоғары температурада балқып, жұмсақ күйге енеді. Осы сәтте оны керегінше дөңес немесе жартылай иілген пішінге келтіруге болады. Пештен шыққан шыны болаттай болмаса да, айтарлықтай мықты болады.
Шыныдан әртүрлі өнім алуға болады. Зауыттағы робот аппараттар алюминий қаңқалар құрастырады. Оған молекулалық сито деп аталатын арнайы құм құйылады. Ол терезені ылғалданудан сақтайды.
Бестроник аппараты – шыныны бір-біріне беттестіріп, оған герметикалық резина жағып, кәдімгі терезе істейді.
Зауытта көркемдеу – фотобаспа бөлімі бар. Мұнда шыныға көз тартар суреттер салынады. Тұрмыс пен күнделікті өмірде таптырмас бұйымдар осында жасалады. Шыныдағы көздің жауын алар суреттер елу жылға дейін түсін жоғалтпайды. Осындай инновациялық әдістерді кәсіпорынға енгізгені үшін, бірнеше рет мемлекеттік грант берілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?