Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Индустрия ландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті (1-нұсқа) | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдауға үйрету. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: ауыз толтырып айтуға болады, көз тартар, көздің жауын алар, молекулалық сито, бестроник аппараты т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша… | |||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Ұлттық құндылықтарды білудің маңызы, оны дәріптеуге тәрбиелеу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Экономика | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 9-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылығын ояту. «Түртіп алу стратегиясы». Оқушылар видеоны көре отырып, ондағы ақпараттарды түртіп алады, сабақтың тақырыбын болжайды. Түртіп алғандарын ортаға салады. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | Видео | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 3 минут 8 минут 7 минут 5 минут | Тыңдалымалды тапсырмасы. «Миға шабуыл» Еліміздегі ұлттық өндірісті дамыту үшін сен қандай үлес қосар едің? Оқушылар өз идеясын стикерлерге жазады да, тақтаға іледі. «Идеялармен таныс» Оқушылар тақтаға ілінген идеялармен танысады, үздік идеяларды анықтайды. ЖЖ. Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Тыңдау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Алматы қаласында индустрияландыру бағдарламасына енген 532 млрд теңгенің 29 жобасы бар. Бірінші бесжылдықта осы жобалардың 21-і іске қосылды. Олардың жалпы құны 280,04 млрд теңге. Сәтті жүзеге асқан жобалардың бірі – қалада орналасқан «Қаз Шыны Құрылыс» зауыты. Аты айтып тұрғандай, зауыт шыны шығарумен айналысады. Кәсіпорын екі ауысымда тәулік бойы тыным таппай жұмыс істеп, 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыттан шыққан инновациялық өнімдер 100 пайыз ішкі нарық сұранысын қамтиды. Мұны ауыз толтырып айтуға болады. Зауытта өндірістің бірнеше циклы бар: шыныны шынықтыру мен кесу, арнайы аппаратпен шыныға сурет салу және кәдімгі терезеге қажетті шыны пакеттер шығару. Кесу үстелінің үстінде ауыр шынылар суда қалқыған қағаздай сырғиды, арнайы тесіктерден қатты үрлеген ауа шыныны үстел бетімен жеп-жеңіл жылжытып отырады. Кесу кезіндегі тағы бір маңызды нәрсе – шынының сапасын қадағалау. Бұл жұмысты кәсіпорындағы арнайы зертхана мамандары атқарады. Пешке кірген шыны керегінше 650-ден 7000 градусқа дейін қыздырылады. Шыны жоғары температурада балқып, жұмсақ күйге енеді. Осы сәтте оны керегінше дөңес немесе жартылай иілген пішінге келтіруге болады. Пештен шыққан шыны болаттай болмаса да, айтарлықтай мықты болады. Шыныдан әртүрлі өнім алуға болады. Зауыттағы робот аппараттар алюминий қаңқалар құрастырады. Оған молекулалық сито деп аталатын арнайы құм құйылады. Ол терезені ылғалданудан сақтайды. Бестроник аппараты – шыныны бір-біріне беттестіріп, оған герметикалық резина жағып, кәдімгі терезе істейді. Зауытта көркемдеу – фотобаспа бөлімі бар. Мұнда шыныға көз тартар суреттер салынады. Тұрмыс пен күнделікті өмірде таптырмас бұйымдар осында жасалады. Шыныдағы көздің жауын алар суреттер елу жылға дейін түсін жоғалтпайды. Осындай инновациялық әдістерді кәсіпорынға енгізгені үшін, бірнеше рет мемлекеттік грант берілді. https://www.com/watch?v=5I5V3u30mb0 Тыңдалым тапсырмасы. Кестені толтырыңыз. Жеке жұмыс.
Дескриптор:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Әр оқушы «Еркін микрафон» әдісі арқылы «Ұлттық өндіріс және Қазақстан болашағы» тақырыбында бір пікір білдіреді. Оқушы сөзінде берілген тірек сөздер, терминдер, тілдік оралымдар қолданылуы тиіс. Тірек сөздер: тер төгу, тыным таппау, жарғақ құлағы жастыққа тимеу, жаны ашу, жан-тәнімен берілу, индустрия, ұлттық өндіріс, өндіріс салалары, ел экономикасы, қаржы айналымы, сүттен жасалған тағамдар, киім –кешек, шикізат, талапқа сай өнімдер, қарыштап даму т.б. «Сен маған, Мен саған…» әдісі арқылы оқушылар білімін бағалау | Тыңдалым материалы | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?