Сөз дәлдігі. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ. 1 нұсқа.


  Сөз дәлдігі

 Тіл ғасырлар бойы, замандар бойы жасалып қалыптасады. Халықтың әр кезеңдегі тарихының, шаруашылық, тұрмысының көрінісі. Ұлттың дәстүр, салт, әдет-ғұрып, тарих, шаруашылық-тұрмыстық өзгерістер, ерекшеліктер, таным, сенім тілде сақталады. Тіл - сонысымен қадірлі. Онда біздің ата-бабаларымыздың ойы, пікірі, жаны мен қаны бар. Тарих тілдің сол тілде сөйлеуші ұлт ерекшелігіне қарай жүйесін қалыптастырады. Тілдік жүйені дыбыстың айтылуы, өзара үндесуі, сөз мағынасы, оның өзгеруі, мағына өзгеруінің әдіс-тәсілдері мен жолдары, қосымша, сөздердің тіркесуі, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі т.б. құрайды. Адам ойы тіл арқылы айқындалады. Сөздің өзі - адам санасындағы ұғым, түсініктің көрінісі. Сондықтан да сөз бен ұғымның арасында алшақтық, қарама-қарсылық болмауы керек. Сөз дәлдігі сол сөздің ұғымына сай келетін мағынаны дәл тауып беруімен анықталады. Сөз дәлдігін айтар, жазар ойға ұштастыруда төмендегі ерекшеліктер, ескерілуі керек.

  • Әр сөздің жеке  тұрғандағы  мағынасымен  бірге  басқа сөздермен тіркескенде өзгерер ерекшеліктерін, қызметін, стильдік сипатын, қолданылу аясын да ескеру;
  • Қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін жетік білу;
  • Орфоэпиялық норманы меңгеру: әрбір дыбысты, сөзді, тіркесті дұрыс айту, екпінді нық қою, сөздер арасындағы кідіріс, ырғақты дәл беру;
  • Қосымша қимыл-қозғалыс, ым-ишараны дұрыс, орнымен пайдалану.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу