Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сөз дәлдігі

10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

 Сабақтың мақсаттары

Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын дұрыс жүйелеп жазу, мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

 Бағалау критерийі

Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойын дұрыс жүйелеп жазады.

Мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Индустрия, өндіріс, өнім, бағдарлама, өнеркәсіп

Қажетті сөздер мен тіркестері:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…

Құндылықтарды игерту

Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы туралы

білудің маңызы

Пәнаралық байланыс

Экономика

Бастапқы білім

Оқушылар 9-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылығын ояту.

Оқушылар сурет бойынша сабақтың тақырыбын болжайды.

 

 

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

таныстырылым

Сабақтың ортасы

7 мин

15 мин

8 мин

Жазылым алды жұмысы

Оқушылар мәтіннен әр абзац бойынша индустрияландырудың Қазақстанның дамуына ықпалын дәлелдейтін ақпараттарды анықтап, кестеге толтырады.

Абзацтар

Маңызды ақпарат

1-абзац

2-абзац...

Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығының ішінде өңдеуші секторға жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың 17,6 млрд АҚШ доллары тартылған. Инфрақұрылымдық мәселелердің көпшілігі шешілді. Бизнесті қолдау үшін арнайы бағдарламалар әзірленді. Қазақстанда жаңа индустриялық база пайда болды, ол еліміздің көптеген өңірлерінде өнімді жұмыспен қамтуды және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Өңдеу саласының 26 жаңа секторы пайда болды. Экспортталатын өнім номенклатурасы 777-ден 824 тауарға дейін көбейген.  

2015 жылы индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталды. Индустрияландыру картасы аясында 815 млрд теңге сомасына 128 жоба енгізілген, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Бағдарламаны түзету кезінде Дүниежүзілік банктің, жетекші шетелдік сарапшылардың ұсыныстары мен жаһандық трендтер ескерілді.  

2016 жылғы 10 ай ішінде 179,2 млрд теңге сомасына 63 жоба енгізілген, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Индустрияландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс есебінен өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді. Металлургия мен тамақ өнеркәсібінің күшті салаларының қатарына қосымша жаңа, динамикалық дамып келе жатқан салалар қосылды.

2016 жылғы 6 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында 23 ауқымды өндірісті іске қосты. Мемлекет басшысы индустрияландыру күнінде күрделі мемлекеттік қолдауға сүйенетін ауқымды индустрияландыру Қазақстанды дамыған елдердің қатарына шығаратынын, әлеуметтік мәселелерді шешіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтере алатынын атап өтті. Қазіргі уақытта индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында 11 трл теңге сомасына 400-ге жуық жоба іске асырылу кезеңінде.

Жазылым жұмысы

Мәліметтерді қолдана отырып «Индустрияландыру Қазақстанның дамуына қалай әсер етті?» тақырыбында жазба жұмысын жазыңыздар.

Жазылым барысында ойды жүйелі жеткізуді, абзацқа бөлуді, тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп қолдануды есте сақтаңдар.

Жазба жұмысына түзетулер енгізіп, редакциялаңдар.

Оқушылар өз қалаулары бойынша жазылым жұмыстарын оқиды.

Өзара бағалау

Дескриптор:

Мәтіннен әр абзац бойынша негізгі ойды дәлелдейтін ақпараттарды анықтай алады.

Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойын жүйелеп жаза алады.

Мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялай алады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар мәтін тақырыбына қатысты пайымдаулар жасайды.

куәлік

пайымдау

шешім

Егер Қазақстанда ... дамыса, ...

... онда еліміздің экономикасы дамиды.

https://strategy2050.kz/news/42069/

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушылар сабақ тақырыбына қатысты 5 сөз жазып, мәнін түсіндіреді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу