Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, нұсқаулық. 3 сабақ. 2 нұсқа.


«Джиксо» әдісі

Оқушылар төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды (мәтін төрт бөлікке бөлінеді). Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Бағалау «Көршіңе тапсыр» атты әдіспен жүргізіледі. Топта сағат тілі бойынша көрші сыныптасына өз жұмысын береді, бағалау жазу ережесі мен дескриптор басшылыққа ала отырып, жүргізіледі.

Рефлексия

 Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: • оқу материалы мазмұнының рефлексиясы, • көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы, • іс-әрекет рефлексиясы. Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе, баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.

https://cpm.kz/upload/iblock/3bb/refleksiya-_-m_alimni_-o_ytu-zh_ne-o_u-t_zhiribesin-zhetildiru-_raly-v-pomoshch-uchitelyu.pdf

https://ust.kz/word/5_adisten___50_adiske-14480.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу