Ұлттық өнім: индустриялық даму. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
2.Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті. Сөз дәлдігі | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | ҰЛТТЫҚ ӨНІМ: ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Тыңдалым мәтінімен жұмыс жасау арқылы көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатысын ескеріп, сұрақтар құрауға, өзіндік баға беруге үйрену. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның көзқарасын ескеру арқылы сұрақтар құрастырып, баға бере алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар | Өндіріс пен қаржы саласына қатысты сөздерді анықтау арқылы мәтін мазмұнын болжайды; Автор мен оқырманның көзқарасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады. Мәтінге байланысты сұрақтарға сүйеніп, өзіндік баға береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік дағдылар | Ұлттық өнім, даму бағыты, индустрияландыру, индустриялық держава, шикізаттық экспорт, болашақ экономика. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Экономика, география. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, экономика, қаржы салалары бойынша білімдерін толықтырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Мәтін алдындағы тапсырма Т.Ж. Оқушыларға тыңдалым мәтінінен бірнеше сөздер беріледі. Олар сөздердің мағыналарын анықтап, өндіріс және қаржы салаларына қарай топтастырады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар тыңдалым мәтінінің мазмұнын болжайды және мәтінді оңай түсінуге мүмкіндік алады.
Сөздер: банкрот, шикізат, индустрия, өнеркәсіп, рецессия, азық-түлік, ауылшаруашылығы, инвестиция, өңдеу.
| Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 5 минут 10 минут | Тыңдалым тапсырмасы Ж. Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып тыңдауға шақырады және мәтінге байланысты тапсырмалар орындайтындықтарын ескертеді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. 1-тапсырма Ж.
2-тапсырма Ж.Ж. «Жауап. Баға. Пікір» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды тапсырма орындауға шақырады.
| «Ұлттық өнім: индустриялық даму» https://www.youtube.com/watch?v=Ni2rJKKJbbM (1.00-5.00 минут аралығы) | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды. «Дауыстап айтылатын ой» стратегиясы арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын ортаға салады. | Түрлі түсті қағаздар | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?