Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Қазақ тілі, 10 сынып, нұсқаулық.


 Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

  • Мәтіннің мазмұны бойынша тірек сөздер:

 

 Индустрияландыру – бүкіл қазақстандықтардың ісі. Өйткені бұл – күрделі жағдайды бастан кешіріп отырған жаһандық даму үдерісіндегі біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін, даму мүмкіндігін айқындайтын маңызды шара.

 Бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады, бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлдем жаңа 400 өнім түрі игерілді. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70% - ына жуығын өңдеуші сектор осы индустрияландырылудың бірінші бесжылдығында иеленді. Бұдан бөлек индустрияландырудың нәтижесінде 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылып, мүлдем жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орын құрылды. Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады.

 Сонымен қатар Елбасының индустрияландыру саясатының арқасында өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 60%-ға артты. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанға қадам басты. Нарыққа “Airbus”, “GeneralElectric”, “Alstom”, “Eurocopter”, “Toyota”, “Ssang Yong”, “LG” секілді әлемге танымал компаниялар енді. Олар бірлескен қазақстандық өнімнің нарыққа жол ашуына өз септігін тигізіп те келеді.

Индустрияландыру аясында инфрақұрылым базасы кеңейіп, 4 мың шақырымнан астам автожолдар, 1700 шақырым теміржолдар салынды.

Индустрияландырудың алғашқы кезеңінде отандық құрылыс материалдары 2 есеге артып, қазіргі таңда құрылыс материалдарының 80% - ы елімізде шыға бастады.

Ауылшаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келеді. Мәселен, агроқұрылымды 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50% - ға артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен.

  • Лұғат сөздіктерін пайдаланып, анықталған тірек сөздердің синонимдері:

жаһандық даму - ғаламдық қарыштау

даму мүмкіндігін – өсіп-өркендеуге жол ашу

өндірілмеген тауарлар – шығарылмаған заттар

өнім түрі – түсім түрі

жаңа кәсіпорын – тың кәсіп/іс/ өнеркәсіп

ірі индустриялық алпауыттары - көлемді индустриялық ақшалылар

нарыққа - тауаp айыpбасының айналымына

инфрақұрылым базасы – инфрақұрылым қоры

Мәтіннен теріп жазылған сөздерді сөз құрамына талдау

жаһандық даму -

даму мүмкіндігін -

өндірілмеген тауарлар -

өнім түрі -

жаңа кәсіпорын -

ірі индустриялық алпауыттары

нарыққа -

инфрақұрылым базасы -

өнеркәсіп -

  • Сол тірек сөздерді кірістіріп және мәтін мазмұнын сақтай отырып, жинақы мәтін (тезис) жазады.

Жинақы мәтін туралы не білесіз?

Жинақы мәтін құрастыру туралы ақпарат

Жинақы мәтін дегеніміз - оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі.

Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігі сақтала отырып, оқырман үшін басы артық элементтер алынып тасталады.

Жинақы мәтін - негізгі мазмұн сақталған екіншілік өңделген мәтін.

 Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен қысқаша бекіту үрдісі.

 Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады.

 Тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі.

Жинақы мәтін формалары:

 Тезис

 Аннотация

 Презентация

 Конспект

 Кесте

 Схема

 Тезистік жоспар

 Ықшамдалған мәтін

Жинақы мәтін құрастыру жолдары:

Мазмұндық өңдеу:

 Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

 Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

 Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

 Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.

Мәтінге тілдік өзгерістер енгізу:

 алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы:

 Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;

 Сөздерді синонимдермен алмастыру;

 Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.

 Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.

 Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.

 Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.

Жинақы мәтін жазудағы мақсат – оқырманды мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны оқуға кететін уақытын үнемдеу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу