Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.
І топ.
Мәтінді мұқият оқып, топта өздерің оқыған оқиғалармен бөлісіп және өз дәлелдеріңді келтіріп, маңыздылығы бойынша орналастыр. Көтерілген мәселені анықтап, жеткізу құралдарын таңдап алыңыз (телевизия жаңалықтары, баспасөз, порталдар. т.б.). Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; театр мен өнер саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар
Бөлім: Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет
1-мәтін. Қазақстанда BBC мен CNN сынды телеарналар ашу ұсынылды Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тілінде жаңалықтар тарататын телеарналар ашу ұсынылды. Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады. "Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен Russia Today United Kingdom телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары арқылы эфирге шығады. Russia Today телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700 миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі", - дейді Әлиев.Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. "Қазақстанның позитивтік имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады. Осыған байланысты Russia Today, BBC және CNN сынды қосымша телевизиялық ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын The Times, Die Welt, Daily Telegraph сынды қазақстандық ақпараттық басылымдарды ашуды ұсынамыз", - дейді мәжілісмен өзінің сауалында. Депутаттың ойынша, Қазақстанның позитивті имиджі жаңа инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездететін және туризмді дамытатын алғышарт бола алады. |
ІІ топ.
Мәтінді мұқият оқып, топта өздерің оқыған оқиғалармен бөлісіп және өз дәлелдеріңді келтіріп, маңыздылығы бойынша орналастыр. Көтерілген мәселені анықтап, жеткізу құралдарын таңдап алыңыз (телевизия жаңалықтары, баспасөз, порталдар. т.б.). Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; театр мен өнер саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар
2-мәтін. ҚазАқпарат агенттігі
Осыдан 95 жыл бұрын бірінші қазақ ақпараттық агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы» құрылды. 2002 жылы қарашаның 8-інде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) болып қайта құрылған. Бүгінгі таңда компанияның 110-ға жуық қызметкері бар. «ҚазАқпарат агенттігі» жоғары билік буындарындағы тағайындаулар мен өзгертулер, президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жөнінде дәл ресми ақпарат беріп, республиканың барлық облыстарының экономикалық, мәдени ең соңғы жаңалықтарын ұсынады. Қазақстан, Орталық Азия, Еуразия Экономикалық қауымдастық, ТМД және Балтық жағалауы елдері жаңалықтары қазақ, орыс тілдерінде, Қазақстан мен Орталық Азия жаңалықтары ағылшын тілінде жедел таратылып тұрады.
ҚазАқпарат - РАТА-ТАСС, «Жаңалықтар» РАА, Синьхуа, Би-Би-Си, Кабар, БелТА, УкрИнформ сияқты ақпарат агенттіктердің серіктесі. Бүгінде агенттік ТМД аумағында жұмыс істейтін 527 жаңалықтар веб-сайты рейтингінде алдыңғы қатарларға шығып отыр. «ҚазАқпарат» Қазақстандағы ең ірі және таралымы жоғары ақпарат агенттігі болып табылады. Елдің барлық облыстары мен қалаларында меншікті тілшілері бар. Республикамызға стратегиялық маңызы бар таяу және алыс шетелдердің астаналары мен қалаларында да арнайы тілшілер жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі жаңалықтар академик Ә.Қайдар әдісі нұсқасы негізінде латын қаріптерімен де беріледі. Осының арқасында шет елдерде тұратын және кирил әрпін білмейтін қандастарымыз өздерінің тарихи отандарында болып жатқан оқиғалардан хабардар болу мүмкіндігіне ие.
ҚазАқпарат бүгінде On-line режимінде қазақ, орыс, ағылшын және араб тіліндегі қазақстандық және әлемдік жаңалықтардың шұғыл, обьективті және эксклюзивті таспасы. Қазақстанның барлық аймақтарының, Орталық Азияның және әлемдік қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салалары бойынша анық та сарапталған нақты ақпараттар береді.Агенттіктің орталық кеңсесі Астана қаласында орналасқан.
ІІІ топ. 3-мәтін
Мәтінді мұқият оқып, топта өздерің оқыған оқиғалармен бөлісіп және өз дәлелдеріңді келтіріп, маңыздылығы бойынша орналастыр. Көтерілген мәселені анықтап, жеткізу құралдарын таңдап алыңыз (телевизия жаңалықтары, баспасөз, порталдар. т.б.). Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; театр мен өнер саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар
Алматыда «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді
Қазақстан жаңалықтары Алматы халықаралық жыршылар фестивалі жыршылар Алматыда 24 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді. Жыр кешінде көрермен тек қазақстандық өнерпаздардың ғана емес, алыс-жақын түркі халықтары жыршыларының да өнерін тамашалай алады. Нақтырақ айтқанда, Сыр, Орал, Маңғыстау өңірінің жыраулық өнерінің хас шеберлері, бүгінгі қазақ жыршыларының ақсақалдары Хатимолла Бердіғалиев, Бидас Рүстембеков, Өсербай Сәрсенбаев бастаған жыршы-термешілерімізбен қатар, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан елдерінен келген жыршылар да өнер көрсетеді. Сахнада Мұрат Мөңкенің «Үш қиян» дастаны, Сүгірдің толғауы, Нартайдың бастауы, Майлықожаның «Жақсы бір адам қартайса» термесі, Балтабасов Түменнің «Маңғыстау» дастаны орындалады. Өзбекстаннан келген Шодмон Хужамбердиевтің орындауындағы «Көрұғлы» дастаны, қарақалпақстандық Бақберген Сырымбетовтің орындауындағы «Халық термесі» көрермен көңілінен шығары сөзсіз. Түрікменстандық жыраулардың орындауындағы «Көроғлы» жыры атадан балаға мұра боп, бүгінгі заманға жетті. Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдына шықпақ. Нақтырақ айтқанда Уатхан Шаттық, Жұлдыз Ысқақова және Рауан Әбілбаев ұлт мұрасының тұнығынан нәр татырмақ.Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/206749-almatyda-ly-dala-eli-khaly-araly-zhyrshylar-festivali-tedi
IV топ. 4-мәтін
Мәтінді мұқият оқып, топта өздерің оқыған оқиғалармен бөлісіп және өз дәлелдеріңді келтіріп, маңыздылығы бойынша орналастыр. Көтерілген мәселені анықтап, жеткізу құралдарын таңдап алыңыз (телевизия жаңалықтары, баспасөз, порталдар. т.б.). Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; театр мен өнер саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар
Халықаралық «Шабыт» фестиваліне 500-ге жуық жас өнерпаз қатысады
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне 500-ге жуық адам қатысады. Бұл туралы ұйымдастырушылар өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды. Астанада өтетін өнер сайысы қарашаның үші мен жетісі аралығында өтеді. Биыл шығармашыл жастар фестивалі жиырмасыншы мәрте өткізілмек. Астананың намысын жүзге жуық қатысушы қорғайды. Қалғандары елдің өзге өңірлерімен, тіпті шет елден келеді деп жоспарланған. Олардың ішінде Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения елдері бар. Әділ қазылар алқасының сапына танымал өнер майталмандары шақыртылған. Нарима Мұxамбеталина, Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары: Биылғы "Шабыт" мерейтойлық болған соң, өзгерістер де бар. Үздік әдеби шығарма бойынша, шығарма жасөспірімдерге арналған. Және "актерлік шеберлік" деген жаңа номинация бар. Қазылар алқасы да жан-жақтан келген мықтының мықтысы деп айтуға болады. Несіпбек Айтұлы, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері: Жалпы жаман емес. Шығармаларды саралап, пікіріміз бір жерден шығып, 6 адамға бәйге бермекпіз. Оны енді бесі күні анықтаймыз. Қазір енді іріктеп алдық. Ғалымдар соңғы кезде жастар поэзиясының дамығаны, есесіне проза жанры кенжелеп қалғанын айтады. Дегенмен биылғы фестивальге 40-қа жуық проза жанрындағы шығарма түсіпті. Оның 20-сы іріктеліп алынған. Алда уақытта жеңімпаз анықталады. Бәйгеде алғашқы 4 орынның иегерлеріне сыйлық тағайындалған. Сондай-ақ Бердібек Соқпақпав атындағы жүлде мен Астана қаласы мәдениет басқармасынан бір жүлде тігіліп отыр. http://www.astanatv.kz/news/show/id/61956.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?