Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 3-4 сабақ.


№1 кесте.

Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:

Мәтін

Қарастырылатын сұрақтар

Мәтінді талдауда ұстанатын қағидалар

Қолданылатын сөйлем үлгілері, сөз тіркестері, сөздер

түрі

Мәтін түрі қандай? Кімге арналған? Қандай үлгіде жазылған?

Ресми ( биресмилік) ерекшілігіне қарай қандай мәтінге жатқызасыз?

Мәтін стильдік, құрылымдық ерекшелігіне қарай ........ жатады.

мақсаты

Автордың мақаланы жазудағы мақсаты қандай?

Осы мәтін арқылы қай мәселеге көңіл аударады?

Бұл мақалада ....... мәселесін көтереді........ оқырманды ...... Осы мақала арқылы ...... шақырады (үндейді)

Автордың мақсаты.......

мазмұны

Көтерген негізгі сұрақтары қандай? Логикалық бірізділік сақталған ба?

Мәтіннің логикалық бірізділікпен құрылғандығына, ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарының қолданысына дәлел келтіріңіз

Логикалық бірізділікпен баяндалған: ..........

Нақты деректермен, атап айтқанда, ......... бекітіп , ...... өзіндік көзқарасын ұсынған.

стилі

Қай стильде жазылған? Сол стильге тән белгілерді тізіп шығыңыз.

Әлеуметтік (академиялық , іскерлік) мақсаттағы ресми (биресми) стильде кездесетін тілдік формаларды дәлелге келтіріңіз

Образдылық, (эмоционалдық, бағамдау, үндеу, жалпылық ) байқалады.

тілі (кездесетін тілдік құралдар)

Қандай лексика, көркемдеуіш құралдар, сөйлем түрлері, синтаксистік құрылымдар кездеседі?

Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында кездесетін құралдарды дәлелге келтіріңіз.

Саяси-әлеуметтік лексика, эпитет, теңеу, қайталау, термин кездеседі. Риторикалық сұрақтар, қаратпа, қыстырма сөздер кездеседі.

Мәтін мазмұны

на қосатын өз ойың

Мәтіндегі мәселені өзгертуге қандай ұсыныс жасар едіңіз?

Аталған мәселеге байланысты басқа дерек не креативті ой айтыңыз.

Менің ойымша, ......

 І топ. 1 –мәтін

 "Қазақпарат" агенттігі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына, сондай-ақ ынтымақ пен бірлікті нығайтуға қандай үлес қосып келеді?

 Қазақ ақпарат агенттігінің қарқынды өсіп-өркендеуі үшін бірінші кезекте мемлекет тарапынан қолдау жасалды.

 Агенттік мұның сыртында сыртқы саясатты, соның ішінде геосаяси мүдделерімізді ақпараттық қолдау мақсатында өзінің шетелдердегі тілшілер қосынын да біртіндеп кеңейтіп келеді. Қазір агенттіктің меншікті тілшілері Нью-Йорк, Брюссель, Бейжің, Мәскеу, Магдебург, Ташкент, Баку, Бішкек секілді қалалардан тұрақты хабар беріп келеді. Таяу уақыттарда Вена, Сеул, Кабул, Теһран қалаларынан тілшілер қосынын ашу да ойымызда бар.

 Агенттіктің "Зияткер ұлт" жобасын бөле-жара айтуға болады. Бұл жоба Қазақ елін, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени-рухани жәдігерлерімізді, айтулы тұлғаларымызды әлем жұртшылығына танытуға жұмыс істейді.

 Іс жүзінде тағы үш сайттың жүгін арқалаған бұл жоба қазақ мемлекеттігін қалыптастыруға, мәдениеті мен руханиятын дамытуға ерен үлес қосқан, қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандар мен билер, батырлар мен бектер, ғұлама ғалымдардан бүгінге дейінгі ұлы перзенттері хақында, қазақ жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен рухани жәдігерлер турасында энциклопедиялық-танымдық материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шетелдік аудиторияның назарына ұсынады. Оқырман "Ұлттың ұлы тұлғалары", "Халық қазынасы" және "Болашақ - кемел білім бастауы" бӛлімдерінен қазақ халқының кешегісі мен бүгіні, болашағы туралы қызықты мағлұматтар табатыны анық. Сонымен қатар, агенттік "Таңғы жаршы", "Ресми жаршы", "Ел, шетел хабарлары", "Бизнес жаршы", "ҚазАқпарат-анонс" секілді жаңалықтар топтамалары мен "Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер" күнтізбесі сияқты ақпараттық-коммерциялық өнімдер де шығарады. "ҚазАқпарат-фото" жеке сайтының жұмысы да қарқын алып келеді

ІІ топ. 2-мәтін

Француздың алғашқы газеті

Француздардың алғашқы ресми газеті 1631 жылы 30 мамырда жарық көреді. Оның атауы «La Gazetta» зерттеушілердің пікірінше венециялықтар қолжазба «Аvvisi» үшін төлеген күміс тиыннан шықса керек. Теофраста Ренадоның ықпалымен дәл осы «газет» сөзі көптеген Еуропа елдерінде қолданысқа ене бастады. Ренадо өз басылымын құдіретті кардиналдың көмегінсіз ұйымдастырды дегенге сену қиын. Себебі, дәрігер Ренадоға Париждің тұйықталған баспасөз әлеміне кіруі қиынға соққан. Ренадоның тұсында баспагерлер мен кітап шығарушылар корпорацияларының шығарған статусы бойынша сапалы білім алған, грекше оқи алатын және де осы қызметпен айналысуға құқық беретін Париж университетінің сертификатына ие болуы тиіс болған. Парижде кітап сататын дүкен ашу үшін осы қалада кем дегенде төрт немесе алты жыл өмір сүруі міндетті шарт болып есептелген. 1630 жылы Ришельенің қолдауымен Теофраст Ренадо адрестік бюроға иелік етуге ресми рұқсат алады. Сол арқылы ол бүкіл Франция аумағындағы ақпаратты жинап, қызмет ету мүмкіндігіне ие болады. Ақпарат жинауға монополияны қолға түсіргеннен кейін ғана Ренадо өзінің жеке басылымын шығаруға талпыныс жасайды.

«La Gazetta» төрт бет болып аптасына бір рет шығып отырған. Алғашқы нөмірі Рим, Прага, Константинополь жаңалықтарынан (көбіне екі апта бұрынғы) құралған. Негізгі тақырыбы сауда, соғыс, сарайлық хроника, дипломатиялық жаңалықтардан тұрған. Алғашқы жылдары газет таралымы 1200 данадан аспаған. Шығарылымның бірыңғай нөмірленуі сақталып отырған. Ал бір жыл өткен соң «Recuiel des gazettes», «La Gazettaның» жылдық шығарылымы жарық көрген. (204 сөз)

Шындалиева Меңдігүл, «Шетел журналистикасы “ Оқулық, 2013 жыл

 

 3 топ. №3 мәтін.

Әлемді әр түрлі қызық заңдар бар.

Сингапурде: 1- көшенің тап-тазалығы соншама, егер біреу көшеде сағыз шайнап жүргенін көрсе, 400 доллар айыппұл салады. Бізде сағыз шайнап жүргенімен қоймай, қоқыс салатын жәшікке де тастамайды. 2- Қоғамдық жердегі дәретханаға отырған соң, суды ағызбаған адамға 500 доллар айыппұл салады екен. 3- Егер айыппұлмен де түзелмей, тағы да үш рет қоқыс тастаса, заң бойынша мойынына "мен қоқыс тастағышпын" деген жазуды іліп жүріп, көшені тазалап жудырады және жергілікті телеарналардан көрсетіп, масқарасын шығарады.

Таиландта: 1-Ұлттық ақшаны, тиынды басуға болмайтыны туралы заң шыққан. Өйткені ақшада патшаларының суреті басылған. Осындай жағдаймен сырттан келетін туристер көбірек заң бұзады екен. Сондай-ақ ақшаны шалбардың артқы қалтасына салу да заң бұзушылық болып саналады. 2-көліктің тізгініне жоғарғы жағыңызды жалаңаштап отырсаңыз да (жейде, футболка т.б. кимей) айыппұл төлеткізеді.

3-көшеде жалаңаштанып жүрген адамға да жаза бар.

Италияда: 1-Эболи деген қаланың көшесінде немесе көліктің ішінде сүйіскендерге 500 евро айыппұл салады. 2- Тауардың түпнұсқасының көшірмесін жасаған адамға 10000 евроға дейін айыппұл салады. 3-Форте-деи-Марми курорт қаласында тынығу уақытында туристердің мазасын алмау үшін мото-шөпшапқышты қосқандарға да айыппұл салады.

Ұлыбританияда: 1- велосипедпен адамдар жүретін тротуармен жүрген азаматтарға 100 евро айыппұл салады. 2- Көшеде тоқтап тұрған, автокөлігінің моторын 3 минуттан астам сөндірмей, оталдырып тұрған жүргізушілерге 120 евро айыппұл салады.

 

4 топ. №4 мәтін.

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр

Жапон жұрты бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді деп хабарлайды 24.kz

 Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен әйгіленген хризантеманың ендігі атауы - «Президент Назарбаев».

 Оны Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. Бақыт гүлінің жаңа түрі "Президент Назарбаев деп аталады. Осы уақытқа дейін бірде-бір әлемдік саясаткер мұндай құрметке ие болмаған. Елбасының есімі берілуінде айтарлықтай құпия жоқ. Жапондықтар Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітсүйгіш президент ретінде таниды. Сол себепті бұл атақты елбасыға лайық көрген.

 "Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынсының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық", - дейді гүл өсіру өндірісінің президенті Жунсуке Кишиваки.

 Іс-шараға келген тұрғындар «Президент Назарбаев» гүлінің сұлулығына таңдай қақты. Гүлдің ұзындығы 1 метр 85 сантиметр болса, диаметрі 30 сантиметрден асады.

https://www.nur.kz/kk/1308007

№2 кесте.

2- тапсырма. Сұрақтар бөлігін толтырып, өзіңнің қалауың бойынша тапсырмалардың біреуін орында

Сұрақтарға жауап бер

Тапсырмалар

Баспасөз деген не?

1. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді теріп жаз.

Баспасөз түрлеріне не жатады?

Бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып, 3 сөйлем құрастыр.

Баспасөздің көне түріне не жатады?

2. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз.

Алғашқы газеттер қай елдерде шыға бастады?

Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыр.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары туралыөз ойыңды білдіріп жаз.(5-6 сөйлем)

Қосымша мәліметтерге өз көзқарасыңды білдір. (3 сөйлем)

Бағалау (үштік кеңес)

Бағалау. «Үштік кеңес» оқушының жұмысын үш оқушы оқып, пікірлерін жазғаннан кейін, оқушы өзін-өзі бағалайды.(топтық және өздік бағалау)

Газет тарихынан

 Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетеньдер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл- мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.

Қосымша мәлімет

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу