Өнер және мәдениет. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 9 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Өнер және мәдениет

Оқу мақсаты: ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ мақсаты: Жазу емлесі, орфографиялық норма, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздер, күрделі сөздер ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Бағалау критерийлері:

1 - тапсырма.

жазу емлесі, орфографиялық нормаға сай жазады;

ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөз, күрделі сөздер ерекшелігін ескереді

2- тапсырма.

жазылым жұмысында қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратады;

үндестік заңдылығына сәйкестігіне баса назар аударып, бір -бірінің жұмысын тексереді;

түпнұсқамен салыстырады, сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеп, қайта жазады

Екі түсті асықтарды алу арқылы екі топқа бөліну.

«Айғай ма, әлде айқай ма?»

Бұл сөздің орфографиялық нормаға сай жазылуы жайлы жұпта ой бөліс.

Орфографиялық сөздіктен қарап, дұрыс нұсқасын жаз.

1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Өнер, халық, мәдениет, өнер үлгісі, құндылық, өркениет сөздерінің бірін қатыстырып сөйлем құрау.

Осы сөйлемдерін екі жаққа бөлініп тұрып «Айғайлау диктанты» түрінде жазамыз. (Диктантты орфоэпиялық нормаға сай оқуға тырысыңыз).

Бір- бірін тексеріп, бағалау.

Бағалау критерийлері:

жазу емлесі, орфографиялық нормаға сай жазады;

ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөз, күрделі сөздер ерекшелігін ескереді

2 – тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ тапсырмасы: - Сіздер қазақ халқының ұлттық мәдениет көрмесіне шақырылған журналистерсіздер. Көрмеден соң газеттеріңізге мақала жазу тапсырылды. Не жазасыз?

2-топ тапсырмасы: Мектебіңізде қалаңыздағы «Өнер және мәдениет мұражайынан» көрме ұйымдастырғыңыз келеді. Мұражай директоры сізге арнайы қызметтік хат жазу арқылы ғана көрмені сұрата алатыныңызды айтты. Сіз не істейсіз?

ЕСКЕРТУ:

Жазылым барысында үндестік заңына сәйкес ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздер, күрделі сөздер ерекшелігін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады.

Бір абзац жазған соң.

Қайта жазу. Өз жазғандарының ішінен өзіне ұнамаған сөздерді басқа сөздермен алмастырып, мәтіндерін қайта өңдеп жазып шығады.

Жұптағы бағалау

Бағалау критерийлері:

жазылым жұмысында қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратады;

үндестік заңдылығына сәйкестігіне баса назар аударып, бір -бірінің жұмысын тексереді;

түпнұсқамен салыстырады, сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеп, қайта жазады

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша өз еркімен 2- 3 оқушы жазғандарын сынып алдына шығып оқып береді.

Оқу барысында қандай сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, ауыстырғанын талдап беру.

КЕРІ БАЙЛАНЫС.

Үйге тапсырма:

Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек.

Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз.

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері. О. Сүлейменов.

Үш тақырыптың біріне монолог жазу. Орфографиялық сөздіктен тақырыпқа қатысты 10 сөз алып қолданып, жазылуын түсіндіру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу