Өнер және мәдениет. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- тарау. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Өнер және мәдениет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ мақсаты:

Жазу емлесі, орфографиялық норма, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздер, күрделі сөздер ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Бағалау критерийлері

1 – тапсырма.

  • жазу емлесі, орфографиялық нормаға сай жазады;
  • ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөз, күрделі сөздер ерекшелігін ескереді

2 – тапсырма.

  • жазылым жұмысында қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратады;
  • үндестік заңдылығына сәйкестігіне баса назар аударып, бір -бірінің жұмысын тексереді;
  • түпнұсқамен салыстырады, сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеп, қайта жазады

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: Жазу емлесі, орфографиялық норма, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздер, күрделі сөздер

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы жазылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге Ұлттық мәдени мұраларымызды құрметтеуге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде географиямен, елтанумен, этномәдениетпен, өнермен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады

Алдыңғы білім

Өткен сабақта өз тобында берілген мәтіндер бойынша өзінің жазып келген сыни ойымен бөліседі.

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Сыныпты екі түсті асықтарды тарату арқылы екі топқа бөлу.

«Айғай ма, әлде айқай ма?» оқушылар бұл сөздің орфографиялық нормаға сай жазылуы жайлы жұпта ой бөліседі. Орфографиялық сөздіктен қарап, дұрыс нұсқасын жазады.

Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау.

Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау

Оқушы дәптері

А4, маркерлер

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

5 мин

Мағынаны тану.

1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Өнер, халық, мәдениет, өнер үлгісі, құндылық, өркениет сөздерінің бірін қатыстырып сөйлем құрау.

Осы сөйлемдерін екі жаққа бөлініп тұрған сынып оқушылары «Айғайлау диктанты» түрінде жазады. (Диктантты орфоэпиялық нормаға сай оқуға тырысады). Бір- бірін тексеріп, бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • жазу емлесі, орфографиялық нормаға сай жазады;
  • ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөз, күрделі сөздер ерекшелігін ескереді

2 – тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ тапсырмасы: - Сіздер қазақ халқының ұлттық мәдениет көрмесіне шақырылған журналистерсіздер. Көрмеден соң газеттеріңізге мақала жазу тапсырылды. Не жазасыз? Көрме ретінде қазақ халқының ұлттық мәдениеті туралы суреттер топтамасы ұсынылады.

2-топ тапсырмасы: Мектебіңізде қалаңыздағы «Өнер және мәдениет мұражайынан» көрме ұйымдастырғыңыз келеді. Мұражай директоры сізге арнайы қызметтік хат жазу арқылы ғана көрмені сұрата алатыныңызды айтты. Сіз не істейсіз?

Бұл тапсырманы топта талқылайды. Сонан соң топ ішінде өзара шағын топтарға бөлініп, тапсырманы орындайды.

Жазылым барысында үндестік заңына сәйкес ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздер, күрделі сөздер ерекшелігін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады.

Бір абзац жазған соң.

Қайта жазу. Өз жазғандарының ішінен өзіне ұнамаған сөздерді басқа сөздермен алмастырып, мәтіндерін қайта өңдеп жазып шығады.

Жұптағы бағалау

Бағалау критерийлері:

  • жазылым жұмысында қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратады;
  • үндестік заңдылығына сәйкестігіне баса назар аударып, бір -бірінің жұмысын тексереді;
  • түпнұсқамен салыстырады, сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеп, қайта жазады

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдына шығып оқып береді. Оқу барысында қандай сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, ауыстырғанын талдап береді.

Слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Кері байланыс ПОПС әдісі арқылы бүгінгі сабақта жасаған жұмыстарын бағалайды.

1. Менің ойымша….

2. Мен мұны былай дәлелдеймін…..

3. Мен бұған мынандай мысалдар келтіремін….

4. Мен мынандай қорытынды шешімге келдім…

Үйге тапсырма:

Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек. Уинстон Черчилль

Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз. Сергей Капица

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері. О.Сүлейменов.

Үш тақырыптың біріне монолог жазу. Орфографиялық сөздіктен тақырыпқа қатысты 10 сөз алып қолданып, жазылуын түсіндіру

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу