Қиырдағы қазақтар. Қазақ тілі, 10 сынып, үлестірме.


Дю Солей (Cirque du Soleil) циркінің 45 DEGREES командасы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы әзірленген REFLEKT эксклюзивтік шоуын дайындады. Шоуды дайындау үдерісі жайында оның авторлары «ҚазАқпаратқа» берген эксклюзивтік сұхбатында айтты. Шоу  режиссері Фернанд  Райнвильдің (Fernand Rainville) айтуынша,  шоу тұжырымдамасы өткен шақ  пен қазіргі сәт болашақты жасайды деген идеяға негізделген.   «Шоу, әсіресе, болашақ энергиясы контексінде адам энергиясын негізге алған. Басты кейіпкер - уақыт аралығында  саяхаттайтын археолог Арман.  Оның саяхаттау жолы арқылы көрермендер ұмыт болған өткен шақтың  бүгінгі технологиялық  дәуірмен   бетпе-бет келген тұсын тамашалай алады», - деді ол. Режиссер шоуды әзірлемес бұрын  қазақ мәдениеті жайлы шала білгенін атап өтті. Шоуды қалыптастырудың белсенді фазасына кірісу үшін Фернанд Райнвиль 2016 жылғы тамыз, қыркүйекті Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерделеуге арнады.  «Сақтардың тарихы, аттарды үйретуі, сол уақыттағы олардың ықпалы мені ерекше таңғалдырды», - деп атап өтті ол.

Жобаның директоры Бернард  Пуарьемен бірге ол екі рет Қазақстанға барды. Фернанд ұлттық киімдер мен жәдігерлерді көру үшін Қазақстанның мұражайларын аралады. Ол Канадаға көптеген суреттер мен анықтамалар әкеліп, осы  идеяларын іске асыру үшін дизайнерлерге жүгінді. «Мен үшін  жобада көрменің «Өмір энергиясы» - Күн, қазақтардың рухын ашу маңызды болды. Маған Самұрық құсы туралы аңыз, қазақстандық ту элементтері қатты ұнады. Осының барлығын дизайнерлер мен суретшілер образ, декорациялар  арқылы алып шығуы тиіс болды», - деді ол.

Астана сәулеті - футуристік. Мұнда  айналар көп,   әдемі жарықтандырылған. Осы сәулет  шоу «Reflekt» (көрініс)  тақырыбына арқау болды.  «Reflekt» идеясы айнаға қарап өз бейнеңді көру дегенді білдіреді. Бұл сырт келбеттің көрінісі ғана емес, яғни, сіз ішкі әлеміңнен шыққан энергияны көре аласыз», - деп түсіндірді режиссер.

Оның айтуынша, шоуды жасаушылар оны деректі фильмге айналдырғысы келмеді. «Мұнда оқиға  тарих аясында шектелмейді, біз тек Қазақстан тарихына тоқталып өтуді ғана мақсат тұттық. Костюмдер әр түрлі. Бірақ олар қазақтардың  тарихы мен мәдениетінің әсерімен әзірленді. Костюмдер бойынша суретші Джеймс Лавуа (James Lavoie) екеуміз де шоуға «Алтын Адамды» кірістіргіміз келді. Біз оны көшпелі ұлттың рухын сезіндіру үшін ерекше етіп жасауға тырыстық», - деді Фернанд Райнвиль. Жобаның директоры Бернард  Пуарьенің айтуынша, тұтастай, қазақстандық шоу үшін арнайы дайындалған костюмдер 300 ерекшеліктен тұрады.

 «Барлық костюмдер, техникалық жабдықтар мен декорациялар Қазақстанға 25 контейнермен жеткізілді. Бір бөлігі Қазақстанға кемемен, тағы бір бөлігі - жүк көліктерімен әкелінді», - деді ол. Мұндай ауқымды  шоуды әзірлеу көп уақытты қажет етеді. Мысалы, бұған музыканы  композитор Саймон Карпентье (Simon Carpentier) осы жылғы қаңтардан бастап жазды. «Бұл таза қазақ әуені емес, алайда композицияға заманауи дыбыстармен, аранжировкамен қоса, домбыра үні де қосылған. Музыка өте әсерлі шықты», - деді режиссер. Тұтастай, шоуға 120 адам жұмылдырылған. Премьерадан кейін Қазақстанда 80-ге жуық адам қалып, қалғаны Канадаға кетеді. Қазақстанда премьерадан кейін цирктің 38 әртісі, өндірістік және техникалық персоналдан 40-қа жуық адам қалады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/dyu-soley-cirki-shouynyn-komandasy-oz-dayyndyktary-zhayynda-aytyp-berdi_a3035307



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу