Мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.


Тиімді тыңдалым əдіс-тəсілдері

 Кез келген басқа дағдыдағы сияқты, тыңдалымның мақсаты айқын анықталуы тиіс. Бұл оқушыларға қысқа мерзімді жадыда сақталатын ақпараттың көлемін кеміте отырып, тыңдалған нəрсенің белгіленген мақсатқа қатысы бар бөлігін таңдауға көмектеседі.

 Оқушылар тыңдалымның мақсатын білгеннен кейін, олар ең бір лайықты əдіс-тəсілдерді таңдап, оларды интербелсенді режімде икемді пайдалана алады. Мағынаны құру үшін бір уақытта əртүрлі əдіс-тəсілдер қолданылғанда, түсіну жақсарады жəне сенімділік артады.

 Мұғалімдер оқушылардың түсінгенін тыңдалым кезінде жəне тапсырма аяқталған соң тексеруі тиіс. Бұл мұғалімге оқушылардың қате түсінген жерлері бар ма екенін анықтауға көмектесіп, əртүрлі əдіс-тəсілдерді пайдалануға жетелейді.

Тыңдаушыға негізделген əдіс-тəсілдер

 Тыңдаушы тақырып, жағдай немесе мəнмəтін, мəтіннің не тілдің түрі туралы

бастапқы білімін барынша қолданады. Осы бастапқы білім тыңдаушыға тыңдағандарына түсініктеме беруге жəне əрі қарай не болатынын күні бұрын білуге көмектесетін болжалдарды жандандырады:

• Негізгі идеяны ұғыну үшін тыңдау

• Болжау

• Қорыту

• Қорытынды шығару.

Мəтінге негізделген əдіс-тəсілдер

 Тыңдаушы хабарламаның тіліне, яғни белгілі бір мəн беріп тұрған дыбыстардың, сөздердің қолданысына жəне грамматикаға сүйенеді:

• белгілі бір мəселелерді ұғыну үшін тыңдау;

• төркіндес сөздерді анықтау;

• сөздер орналасу ретін анықтау.

Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту əдіс-тəсілдері

Оқушылар жаттығуды бастамас бұрын, олардың бұған дейінгі білімдерін жандандыру арқылы дайындаңыз.

  • Нақты тақырып беріңіз немесе тыңдалымды құрылымдаңыз.
  • Есеп берудің нақты əдіс-тəсілдерін пайдаланыңыз, мысалы, əртүрлі жолдармен топтастыру (мысалы, Джигсо, өкіл, кемпірқосақ). Бұл жоспарлы əңгіме жəне ауызша мазмұндауға жол ашады, соның нəтижесінде жазбаша жұмыстың нəтижесі жақсарады.
  • Көптеген жаттығулар сабақтың қысқа бөліктеріне тамаша сай келеді, мысалы, ширату жаттығулары.
  • Тиісті ақпаратты немесе салалық тілдің нақты бір ерекшеліктерін естіген кезде оқушылардан дене қимылымен жауап беруді сұраңыз, мысалы, қол көтеру, орнынан тұру.
  • Оқушыларды 1-ден ...-ге дейін нөмірлеу арқылы бірлесе жазба жазуды ұйымдастырыңыз. 1 нөмірлі оқушылардың барлығынан ақпаратты тыңдап, кейбір элементтерін жазуды, 2 нөмірлі оқушылардан – басқа нəрсеге баса назар аударуды жəне т.б. сұраңыз. Топтар ақпарат жинап, оны керекті нысанда – ауызша немесе жазбаша ұсыну үшін пікір алмасады.
  • Оқушылардан əңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мəселелерді талқылауы тиіс. Оқушылардан мəтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын (жəне одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз.
  • Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, қашан, қалай жəне неліктен немесе себебі, салдары, əсері, орналасқан орны).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу