Әлем жаңалықтары: өркениет және мәдениет. Қазақ тілі, 10 сынып, оқылым мәтіні.


1-мәтін

  Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында қазіргі әлем өнерінің көрнекті хас шеберлерінің қатысуымен  «Әлемдік балеттің жұлдызы» гала-концерті өтті.  Гала-концерт 2005 жылдан бері Қазақстанның жас астанасының өзіндік мәнеріне айналғандай. «Опералия» фестивалінің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары жыл сайын атақты опера әншілері мен әлемнің ең үздік балет өнеріне қанығады. Фестиваль бағдарламасы жылдан-жылға қызық бола түсуде. Биылғы жылы фестиваль ең жоғары деңгейлі әртістердің басын қосты. Олар - Жапонияның, Германия мен Ресейдің, Нидерланды Корольдігі мен Қазақстанның бишілері.  Ұйымдастырушылар Нидерланды Корольдігінің ұлттық балетінің ең үздік бишілері - Метью Голдинг  мен Анна Цыганкованы шақырып, астаналықтарға үлкен тарту жасады.  Бишілер П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен Pas de deux мен С. Прокофьевтің «Күлше қыз» дуэтін ұсынып, жанкүйерлерді риза етті.  Үлкен театрдың әртістері  Анжелика Воронцова мен Карима Абдуллинаны да көпшілік алақан қыздыра қол соғып, жылы қарсы алды. Гала-концерттің ең күтулі қонақтары Одесса Ұлттық академиялық опера және балет театрының бишілері  Тэрада Мидори мен Окава, Мемлекеттік Бавар балетінің бишілері Люсия Лаккара мен Марлон Дино болды.  Биылғы жылы  «Ресей балетінің жұлдыздары» фестивалінде екі биші өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсті. Олар - Уорреннің «Гламурын» көрсеткен  Михайлов театрының өкілі Оксана Бондарева мен  Г. Леонид Сарафанов. Көрермендерді қазақстандық балет жұлдыздары да бей-жай қалдырған жоқ. Әсіресе, «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының бишілері  Мәдина Басбаева мен Рустем Сейтпеков, Таир Гатауов пен Әйгерім Бекетаева, Гаухар Усина мен Сержан Кауков жоғары өнерлерін көрсете білді.  Концерт соңында барлық қатысушылар Л. Минкустың «Дон кихотынан»  Grand Pas  балетін орындап, Опералия әуесқойлары көңілінде жақсы әсер қалдырды. Музыкалық кеш өте табысты өтті. «Опералия» Қазақстанның жас астанасы үшін маңызда да мәнді бренд ретінде жатталып қалатын болды.  Астанаға алғаш келген әртістер өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. 

 «Қала жаңа, бізге тазалығымен, сұлулығымен ұнады. Мен шаһарды түгел аралап шыға алмады. Алайда, оның заманауи талаптарға сай, қазақы үлгіде салынып жатқан қала екендігін түсіндім»,- деп astana.kz сайтына өз ойын білдірді Михайловский театрының әртісі Леонид Сарафанов.

 «Мен Астанаға алғаш келдім. Керемет сәулет өнеріне тап боламын деп ойламап едім. Менің ойымша, Астана - болашақтың қаласы» - деп әріптесін қолдады Михайловский театрының бишісі  Оксана Бондарева.

 Жоғары деңгейдегі мереке елордада одан әрі жалғасуда. Астаналықтар опера өнерінің інжу-маржандарынан әлі де сусындай береді.

 29 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында VIII халықаралық «Опералия» музыкалық фестивалінің «Әлем операсының жұлдыздары» гала-концерті өтеді.

 

 

 

 

 

 

2-мәтін

«Жыр бастау» концерті

Сіздерді Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы 17 ақпан күні сағат 19.00-де «Астана» концерт залында өтетін «Жыр бастау» концертіне шақырады.Концерттік бағдарламаны ұсынатындар:халық ән бөлімінің жеке орындаушылары Жақсыкелді Маясаров, Перизат Тұрарова, Жазгүл Данылбаева, Секен Сыздық, Жалғас Сұлтан және т.б.;Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің көркемдік жетекшілігімен «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы;Мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеевтің жетекшілігімен «Шалқыма» халық би ансамблі.Қазақ халқының фольклоры – қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің байлығы мен бірегей мұрасы. Халық өнерінде дәстүрлермен бірге шеберлік, бейнелер, ұнамды мақамдар, көркемдік қағидалар мен әдістер де беріледі. Дәстүрлер халық өнерінің ерекше өміршеңдігін анықтайды. Қазақ фольклоры – ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың бағалы мұрасы. Баяндаушының, музыканттың, әншінің және ақынның бұл тұлғада үйлесуі дәстүрге айналған және қазақ халқындағы музыкалық өнердің барлық даму кезеңдерінде байқалған. Осының арқасында бізге музыкамен байланысты көне поэзиялық шығармашылықтың ауызша тамаша үлгілері жеткен.Ауызша әдебиет құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа талантты адамдар, яғни ақын-жыраулар, әншілер мен суырып салма жыршылар қалдырып отырған. Елордалық филармонияның «Жыр бастау» концертіне келіңіздер және қазақ халқының көне фольклорын сезініңіздер! Концерт жыр-терме жанрларын білмейтін жандар үшін өте пайдалы әрі қызықты болмақ. Ал қазақ мәдениетін құрметтеушілер мен бағалаушылар үшін есте ұзақ сақталатыны сөзсіз.

Өткізіп алмаңыздар! Билет бағасы 1000 тг. Билеттер «Астана» концерт залы кассаларында сатылады.

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Кенесары, 32Тел: (8 7172) 75 23 60 (жарнама-ақпараттық бөлімі), 75 23 83 (касса)Факс: (8 7172) 32 51 34www.philarmonic-astana.kzе-mail: astana-philharmonic@mail.ru

3-мәтін

 Қазақ циркіне – қырық жыл. Алматыдағы Абай даңғылында орын тепкен ақ үйде ұланасыр той. Осынау сиқырлы цирк өнері қазақтың қанында бар ма дерсіз?! Құралайды көзге атқан мергендер, түйе палуандар, желмен жарысқан желаяқтар, ол аз десеңіз, Парижде ұлы палуан Қажымұқанның шойын жолды мойынына галстукше байлап әлемді мойындатқанына тарих куә. Қала берді, қазақтың саятшылық салты мен құсбегілік дәстүрінде де цирк өнерінің сарқыншақтары бардай.

 Қанда бар қызық өнерді дамытып, қазақ циркін құру идеясы Гүлжихан Ғалиеваға 1967 жылдың басында келсе керек. Ел басшысы Дінмұхаммед Қонаев пен сол кездегі Мәдениет министрі Ілияс Омаров бұл ұсынысты қуана қолдап мемлекеттік деңгейде «Союзгосцирктің» құрамында қазақ циркінің ұжымын құру шешімі бір күнде қабылданды. Дереу болашақ қазақ циркінің әртістерін дайындау жұмыстары басталып кетті. Гүлжихан Мәскеудің Владимировск жылқы зауытына аттанады. Ол жакта нағыз цирк үшін жаралғандай сұлу сәйгүліктер бар делінетін. 15 арғымақты алдына салып, өзі мінген пойыздың вагондарына тиеп, Алматыға алып келді! Цирк үшін Гүлжихан Ғалиева жеті қат жердің астындағыны жеткізуге бар-тұғын. Ол аздай Жамбыл облысындағы Луговой шаруашылығынан да ауыздығымен алысқан асау арғымақтарды сатып алу үшін үкіметтен 40 мың сом бөлгізді. Бұл ол кезде қыруар ақша болатын. Студияны бітірген алғашқы түлектердің цирк өнерінде тәжірибесі аздау еді. Оның үстіне жаттығу жасайтын залдар тарлық етті. Сол сәттерде Гүлжихан Ғалиеваның қолдауымен бір топ қазақ жастары Мәскеу, Саратов қалаларына дайындыққа аттанды. Бұл уақытта цирктің алғашқы қойылымының бағдарламасы дайындалып жатты. Оның қоюшысы атақты Г.Перкун мен И.Дубинский еді. Осындай цирк өнерінің майын ішкен мамандарды тартқанымен Гүлжихан Ғалиева қазақ циркінің қанатқақты қадамында ұлттық ойындар мен салттардың көрініс табуын талап етті. Цирк бағдарламасына «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге ілу» секілді ұлттық ойындарды енгізіп үлгерген Гүлжихан Ғалиева тұрмыс-салт пен ұлттық менталитеттен көріністер көрсетуді қолға алды. Әсіресе оның назарынан төрт түлік пен саясатшылық дәстүрлері сырт қалмады. Димаш ағамызға Маңғыстаудың түйесін, қырдың қызыл түлкісін, алтайдың ақиығын алдыртуға қолқа салды. Алғызды да. 1967 жылы Саратов қаласында қазақ циркінің тұңғыш қойылымы өтті. Томағасын сыпырған қыранның жемтігіне құлдилай шүйілгенін көргендер таңғалғандарын жасырмай қиқуласты. Соғылған қол мен «Браво!» дескен қошемет сөздер қазақ әртістерін арқаландырып жіберді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-мәтін

«Қазақ хандығы: алмас қылыш» фильміндегі тарихи қателік

 Ильяс Есенберлиннің 1971 жылы жарық көрген «Алмас қылыш» атты романы кейін «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімін құраған. Ол Қазақ хандығы құрылуы туралы фильмге әдеби негіз болды. «Көшпенділер» бойынша кино түсіру талпыныстары бұдан да бұрын болған. Трилогияның «Жанталас» атты екінші бөлімі «Көшпенді» фильміне әдеби негіз болды. «Көшпенді» фильмі сапасы нашарлау өнім деп танылды, бірақ екінші тылпыныс біріншіден де сәтсіз болып шықты. Кезінде «Көшпенділер» трилогиясы Қазақстан жазушылары арасындағы «бәйгенің» басын алған болатын. Бұл трилогия Қазақстан және Қазақ ССР-інің бүкіл өмір сүру уақытындағы ең танымал әрі кең таралған туынды болуы әбден мүмкін.

 Ильяс Есенберлиннің кітабын классикаға айналған сапалы туынды деуге болса (бірқатар тарихи қателеріне қарамастан), оны экранда жандандыру әрекеттері ауладағы жігіттердің Моцарт не Бетховенді ешбір аспапсыз қолда бар нәрсемен ойнау әрекеттеріне құсайды.

 Бұл пікірімізде фильмнің көркемдік жағын емес, тарихи қателіктерін қарастырамыз. Кей тарихи сәйкессіздіктерді Асқар Құмыран Фейсбуктағы парақшасында атап өтті. Сонымен қатар кей тарихшылар да фильмнің шынайылығына қатысты өз пікірлерін айтты.

Дегенмен, біздің ойымызша, фильмнің ең маңызды тарихи қателіктерінің бір бөлігі айтылмай кеткен. Фильмде тарихи қателіктер жетерлік, бірақ біз тек оның 20-сына тоқталамыз. Кеттік:

1. Асан қайғы (қос өркешті түйедегі қария) фильмде Жәнібек пен Керейдің замандасы ретінде көрсетілген. Бірақ тарихшылардың көбісі оны 1342-1357 жылдары билік еткен Әз-Жәнібектің замандасы болған деп санайды.

2. «Ақ Орда» ұғымы ескі сәбеттік дәстүр бойынша мемлекет ретінде көрсетілген. Бірақ негізінде ол мемлекеттің атауы емес, Жошы ұлысы билеушілерінің ордасы болатын.

3. Тулар. Фильмдегі Қазақ хандығының байрағын 1980 жылы түрік суретшісі ойлап шығарғаны туралы Асқар Құмыран өз мақаласында айтып кетті. Басқа тулар да солай. Әсіресе 1979 жылға дейінгі Иранның туына ұқсайтын Моғолстанның туы.

4. Бір тараптан Керей мен Жәнібекпен, ал екінші тараптан Есенбұғамен келісімшартқа қол қойылуы толық ойдан шығарылған үзінді. Осыдан шығатыны, Есенбұғаның ұлы Досмұхаммед болмаған келісімшартты бұзуы мүмкін емес.

5. Өзтемір тайшы ойраттарымен болған шайқас қате көрсетілген. Біріншіден, бұл шайқасқа Жәнібек те, Керей де қатыспаған. Екіншіден, бұл шайқас Әбілқайырдың жеке қасіреті болатын. Себебі онда оның қатты жақсы көретін ұлы Ахмет пен інісі Бақтияр қаза тапқан. Сонымен қатар Керей мен Жәнібектің 1465 жылы Өзтемір тайшы мен ойраттарға қарсы соғыс жүргізгеніне ешқандай дәлел жоқ.

6. Әбілқайырды фильмде Әбілқайыр Шайбан немесе Шайбан деп атайды. Тарихта бұл Әбілқайырдың Шайбан деген есімі не қосымша атағы болмаған. Шайбани деп оның немересін атаған, алайда фильмде оның есімі де қате берілген. Ал егер басқа тұсынан қарасақ, Әбілқайыр ханның атасының есімі Шибан болған, бірақ бұл оның есімінің бір бөлігі емес.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу