Тіл және алаш идеясы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары 1-тарау. Тіл және алаш идеясы (9 сағат)
САБАҚ: 3,4 | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты: | |||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | ||||||||||
Бұл сабақ бойынша оқу мақсаттары | 10.О2. Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) 10.О7. БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы таниды (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын үйренеді | |||||||||||
Жетістік критерийі: | 1. стиль элементтерін ажыратады 2. деректерді ала біледі, сілтеме жасайды. | |||||||||||
Осыдан бұрын алған білім | Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырды; Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтады және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтты. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған заттар | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||||||
Басы [10 минут] | Оқушыларды қарсы алу, өз еріктерімен топқа бөлінеді. Қызығушылық тудыру «Негативтен позитвке»! Оқушылар ойын арқылы бір-бірінің көңіл күйін көтеруге тырысады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады, талданады. | слайд | ||||||||||
Ортасы [10] [20] [10] [10] [15] | «Миға шабуыл» Тапсырма: Сұрақтар бойынша ой бөлісіңіздер: Кім? Қашан? Қайда? Не істеді? Тапсырма: «4 сөйлем» Мәтін негізінде өзіндік ой білдіріңіз Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз... Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық... Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр... Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы» екенін ұмытпасқа керек. Һәркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Со ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу, оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің асыл тәртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларды айтуға жарайды. Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек. Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек». БК: деректерді ала біледі, сілтеме жасайды; Тапсырма: «Сұрақ-жауап» Мәтін бойынша сыныпқа 1 ашық, 1 жабық сұрақ құрастырыңыздар. Тапсырма: мәтіндерді оқып, стилін анықтаңыздар. 1-топ:Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді. 2-топ:Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет қағазға түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни, Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда, саясатпен айналысып, ұлт үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті өмірге қолданып жүр деп айту қиын. 3-топ: Болашақта Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен ой-идеяларын бүгінгі күнге практикалық тұрғыдан тиімді пайдаланудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін ойластырғанымыз жөн. Мысалы, мен өз басым сонау тоқсаныншы жылдардың басында белгілі қазақ тарихшылары Әбу Тәкенов пен Мәмбет Қойгелдиев дайындаған Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен» атты кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып әкелдім. Бұл еңбекте Мұстафа Шоқай Қазақстан ерте ме, кеш пе әйтеуір тәуелсіздік алатынына кәміл сенген және тәуелсіздік алған жағдайда Қазақстан не істеу керек, қандай саясат жүргізу қажет дегенді жан-жақты талдап, атап көрсетіп берген. 4-топ: Тағы бір таңқаларлығы, Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді ғана тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп отырған саясаты мен ұстанымдары бір-біріне өте жақын, ұқсас еді. Мысалы Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста болу керек; Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда қазір айна-қатесіз толығымен жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі туралы да осыны айтуға болады. БК: стиль элементтерін ажыратады Кері байланыс Тапсырма: Тақырып бойынша SWOT талдауын жасаңыздар Т/А/5
|
http://bilim-all.kz/article/4299-Alash-qairatkerlerinin-til-turaly-aitqan-ulagatty-sozderi http://abai.kz/post/1883 | ||||||||||
Соңы 5 минут | Рефлексия «Жұлдызды алып тастаймын»
Үйге тапсырма: тақырып бойынша мақал-мәтелдер, цитаталармен танысуды жалғастыру | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциалау 3 түрді мәтін ұсынамын.
| Бағалау Концептуалдық кесте арқылы жеке жұмыс тапсырмасын ұсынамын. | Пән аралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер: Мағына сілтемелері | ||||||||||
Қабілеттері жоғары оқушы үшін сыныптастарын үйрету және қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету үшін қабілеттері аралас жұптар құру . | Оқушылар өз кестелерін толтырғаннан соң оқушылар бір- біріне комментарийлер береді. Мұғалім кестені зерттеу және жұмыс жасау барысында жұптарды бақылайды және егер қажет болса, қолдау көрсетеді/бағыттайды Прогресті және оқу мақсаттарын түсінгенін тексеру үшін пленарлық отырыста сұрақ/жауап | Бұл сабақта НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар? Оқушылар сыныптасын және өзін-өзі бағалау үшін бірге жұмыс жасайды. Оқушылар өз зерттеулерін орындау үшін АКТ қолданады. Оқушылар мейірімді ортада бірге жұмыс істеу үшін және барлық адамдардың қосатын үлесін бағалап, мейірімді болу қабілеттерін дамытады. Мұнда тарих пәнімен пәнаралық байланыс. | ||||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| |||||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?