Тіл және алаш идеясы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Сабақ жоспары: қазақ тілі
САБАҚ: 9 | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||||
Сынып: 10 Т1 | ||||||||||
Оқушылар саны: | Қатысты : |
| Қатыспады: | |||||||
Бөлім/сабақтың тақырыбы: | 1-тарау. Тіл және алаш идеясы (9 сағат) | |||||||||
оқу мақсаты | 10.ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады | |||||||||
Жетістік критерийі | 1.орфографиялық нормаға сай жазады | |||||||||
құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, ортада өз ойларын нақты әрі ашық жеткізе білуге баулу. Сындарлы көзқарас, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Айтылым және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, оның себебі, осы мақсатта, міндеті, салыстырып қарағанда, бұдан шығатын қорытынды | |||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдарды бойынша өзін қызықтыратын тақырыпқа пікір білдірді. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз/ құралдар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1.Оқушыларды қарсы алу. 2.« Бұл менің сүйікті бұйымым, себебі ... » ойыны арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату және топтастыру. 3. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен жетістік критерийін таныстыру, келісу. | Слайд оқушылардың бұйымдары | ||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | «Білгенің жөн» Орфография – тіл мәдениетінің аса маңызды мәселесінің бірі. Бірақ ол көп жылдар бойы ерекше зерттеу объектісі болмады. 1930 жылдардан кейін сөздердің дұрыс айтылуы бізде орфографиялық ережелермен байланысты қаралып келсе, 1965 жылғы “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деген кітапта, 1966 жылғы М. Дүйсебаеваның “Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының негізгі мәселелері” деген кандидаттық диссертациясында және 1972 жылғы “Тіл мәдениеті және баспасөз” деген жинақтағы Қ. Неталиеваның мақаласында (“Орфоэпия нормалары туралы”) бұл мәселе бірсыпыра дұрыс бағытта зерттелген болатын. Солардың бәрі тіл мәдениетінің аса бір маңызды мәселелерін зерттеудегі игілікті бастама деуге болады. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар. Алаш зиялыларының қазақ тіліне жасаған зор, тіпті ұлы еңбектері қай жағынан алсаңыз да тарихи миссия. Оның серпіні бүгінгі күнделікті еңбектеріміздің екпініне ұласуы қажет һәм міндетті деп ойлаймыз. Бізге Алаш зиялыларының тілдік мұрасы осыны үндейді. Ол ұланғайыр мұрамен танысу, білу, біздің ойымызша, бастапқы қадам ғана. Алаштың аяулы азаматтарының еңбегіне лайықты баға беріп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын да ойластырып, әрекет жасағанымыз абзал. Көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: «Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни, ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет.Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені, Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харекеті» /3,29/.Бұл Алаш мұрасы мен мұратын танудың терең толғамы. Алаштың құндылығы хақындағы осы толғамы Алаш қайраткерлерінің тілдік мұрасына да әбден қатысты деуге болады. 1-тапсырма: мәтінді түсініп оқып, жазылым жұмыстарыңызға тезис немесе арқау болар негізгі ойға қатысты бір ашық сұрақ құрастырыңыздар 2- тапсырма: тілші образында болып, сұрақ - жауап үрдісіне қатысыңыздар Кері байланыс 3-тапсырма: сұрақтарға берілген жауаптар негізінде қорытынды ой жазып, өзара тексеріңіздер БК:орфографиялық нормаға сай жазады | http://emle.kz/articles/get/103 | ||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Рефлексия « 5 қадам» Үйге тапсырма: тақырып бойынша қызықты мақалалар оқуды жалғастыру. | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
. | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?