Ахмет Байтұрсынов және Алаш тағылымы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Тіл және Алаш идеясы. Сөз мәдениеті | МЕКТЕП: Орал қаласы ФМБ НЗМ ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ мен ӘДЕБИЕТІ | ||||||||
КҮНІ: | МҰҒАЛІМ: Сралиева М.Б. | ||||||||
СЫНЫП: 10 Т1 | ОҚУШЫ САНЫ: | КЕЛМЕГЕНДЕР: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов және Алаш тағылымы | |||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) | ||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
| ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Құндылықты дарыту | Жарқындылық, бір-біріне деген құрмет | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||
Басы 5 минут Ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 5 минут 7 минут | Оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың тіл туралы айтқан нақыл сөздері беріледі. Оқушылар кімнің сөзі екеніне болжау жасайды.
Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады. Оқылым тапсырмасы: Оқушыларға оқылым мәтіндері таратылады. Ахмет Байтұрсынов және Алаш тағылымы Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Қалың ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген талантты тілші, шебер аудармашы, түркі тілдес халықтар тұлға тұтқан түрколог қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) небір тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға. 1873 жылдың қаңтар айының соңғы күндерінің бірінде бұрынғы Торғай уезі Тосын болысына қарайтын Ақкөл жанындағы Сартөбек деген жерде Байтұрсын шаңырағында Ахмет есімді сәби келеді дүниеге. Текті тұқым, жақсы тәрбие, құнарлы топыраққа түскен дән тәрізді, жемісін молынан береді емес пе? Ахмет те тумысынан зейін де зерек бала болып өседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші Ахаң ең алғашқы тағлымды, жөн-жосықты өз шаңырағынан алады. Өз әкесі Байтұрсын, оның әкесі Шошақ Үмбетей еліндегі көзі ашық, көкірегі ояу, пікірін ашық та айқын айта білетін өте батыл болғанға ұқсайды. Әуелі Шошақ, кейін Байтұрсын балаларын Араб елдері мәдениетінен сусындатқысы келген. Иран, Түркияға жіберіп те оқытуды ойлаған. 1-тапсырма: оқылым мәтіні бойынша класстерді толтырыңыз. Тапсырма дескрипторы:
2-тапсырма: Мәтінде кездесетін тілдік оралымдарды пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз. Тапсырма дескрипторы:
3-тапсырма: Мәтіндегі асты сызылған тілдік оралымдардың мағынасын түсіндіріңіз. сары масадай ызыңдаған – түн ұйқысын төрт бөлген – текті тұқым - жарық жұлдыздай жарқырап – тар жол, тайғақ кешу – Тапсырма дескрипторы:
| №3,4 таныстырылым Оқылым мәтіні «Ахмет Байтұрсынов және Алаш тағылымы» мақаласы Таныстырылым | |||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия | ||||||||
Қосымша | |||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері | |||||||
Рефлексия Сабақмақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неліктен? | |||||||||
Қорытынды бағалау | |||||||||
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) | 1: 2: | ||||||||
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) | 1: 2: | ||||||||
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?