Әлихан Бөкейханның нақыл сөздері. Қазақ тілі, 10 сынып, Үлістеме.


Оқылым алдындағы тапсырма. Тобыңызбен талқы жүргізіңіздер.

  • Стильдің неше түрі бар?
  • Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
  • Стиль түрлерін қалай ажыратамыз?
  • Қандай оралымдар қай стиль түрлеріне тән?

Дескриптор:

  • Стиль түрлерін біледі;
  • Әр стильге тән тілдік оралымдарды түсіндіре алады.

Оқылым тапсырмасы

1-тапсырма.

Мәтіннің мазмұнын топта талдаңыздар.

  • Мәтін не туралы?
  • Кейіпкер туралы не білдіңдер?

Дескриптор:

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
  • Ұлт көсемі турасында ақпарат біледі.

2-тапсырма

Рөлге еніп, мәтін бойынша талдау жүргізіңіздер.

Рөлдік тапсырма:

Талқы себепшісі: (Мәтіннің өзектілігін анықтап, мәтіннің мазмұны негізінде топта талқылауға арналған 2 немесе 3 сұрақ қояды);

Белгілеуші: (Мәтіндегі терминдер, тілдік оралымдар, өзге стильдің элементтерін белгілеп шығады);

Байланыстырушы: (Мәтіндегі тілдік оралымдардың қолданылуын қазіргі өмірмен байланыстырады);

Ұсыныс беруші: (Мәтіндегі тілдік оралымдарды қазіргі уақытта белсенді қолдануға ұсыныс тастайды.);

Қорытындылаушы: (Мәтін бойынша алдыңғы жұмыстардың бәрінің қорытындысын шығарып, түйінді ой айтады).

Дескриптор:

  • Тілдік оралымдарды таба алады;
  • Стиль түрлерін ажырата біледі.

Әлихан Бөкейханның сан салалы ғылыми және рухани мұрасы ұлттық жаңару мен жаңғырудағы белесті кезеңдерді тануымызға әрі келер күндері алар асуларымызды бағамдауда өзінің өлшеусіз қызметін атқаруда. Ел мен жер тағдыры, ұлт азаттығы мен рухани кемелділігі, ана тілі мен ата тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, саяси және оқу-ағарту саласындағы реформалар, экономикалық даму мен аграрлық мәселелер, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен теңелуге нақтылы теориялық және практикалық бағыт-бағдар берген зерделі ойлары мен өзекжарды толғамдары бүгін де, ертеңгі күнде де маңызды болмақ.

Алашорда үкіметінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист ғалым Әлихан Бөкейхан – ұлттық және әлемдік ой-сана биігіндегі алып тұлға. Тарих толқынындағы жанкешті арпалысқа толы ұлттық бұлқыныстар мен азаттыққа ұмтылған көтерілістердің жеңісі мен жеңілісіндегі тағылымын бойына сіңірген қыр перзенті жаңа тұрпаттағы қайраткерлік күресінде зайырлы ұстанымдағы реформаторлық әдіске иек артты. Қарқаралыдағы мектепте, кейіннен Омбы техникалық училищесінде білігін ұштаған дарын Санкт-Петербургтегі (Петербордағы) Орман шаруашылық институтын «экономика» мамандығы бойынша тамамдады. Ұшан-теңіз білім мен заманауи ғылымның терең қатпарларын еркін игерген Алаш ұлы зияткерлік білік пен санаткерлік берендігімен күйреген қазақ хандығының ордасын ұлттық мемлекет ретінде қайтадан қалпына келтіру үшін қызмет атқаруға кіріседі. 

«Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» («Ашық хат. Жаһанша Əлмұхамедұлы Сейдалинге») деген қыр перзенті «Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену мақсат» («Сусағанның түсіне су кіреді») екенін сенімді үзеңгілестері мен соңынан ерген ізбасар інілеріне кемел істерімен көрсетті. Майданның қара жұмысындағы қандастарына қорған болып, жандарынан табылды. Сталиндік қара түнек жылдары қуғын-сүргінге түскен мұраттастарына көмек қолын созуда аянып қалғаны жоқ. Сталиндік қаран түнек жылдары сағы сынбаған ол «Алаш ісі» бойынша жер айдалған серіктерінің жігерін жанитын аталы сөзін айтты. Ел үшін атқарылған кемел істің әділдігі мен өміршеңдігіне иландырды. Алаш идеясына адалдығын сақтап, оларға рух берді. 

Әлихан Бөкейхан Алаштың жасампаздығына, ұлттық бірегейлігін сақтап қалудағы қазақтың жанкештілігіне сенім артты. «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар, төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге тырмысалық» («Құрметті оқушылар!») деген ұлағатымен елдіктің айқын жолдарын нұсқады.

Ата тарихын қадірлеуде «Дүниеде өңге жұрттар қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дəрежесінде ұғып білуге тиіс болады» («Қазақтың тарихы»), ана тілін ардақтауда («Мұсылман сиезі»), туған жерін қастерлеуде «Жер ұжмағы – Түркістан»(«Жалпы Сібір сиезі»), «Қан төгіп, кір жуып, кіндік кескен атақонысымыз Ертіс» («Екі жол») сипатындағы кемел ойларымен «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» («Қазақтың тарихы») деп түйді. «Қазақ жұрты мал бағуға жалпы шебер» («Жауап хат») екенін мақтан тұтты. «Мал бақ, егін сал, әдіс қыл, амал қыл, шебер бол, мерген бол, еңбекке, білімге жалын» («Тозған егістікке жоңышқа салсаң, бидай жақсы өседі») деп қалың елін кәсіби шеберлікке баулыды.

Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұл

«Алаш» мәдени және рухани даму институтының қызметкері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу