Алаш қозғалысы. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.


Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.

Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.

Тапсырма. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

  • «Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой», - деп Жамал даусын солғындау шығарды.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: «Ұят болды. Өзім де өкіндім».

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • «Өз өлеңім емес, - деді мынау үлкендердің шамасын біраз қылжақ еткендей боп, - бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі».

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу