Алаш қозғалысы. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация.
Алаш қозғалысы
Сабақ мақсаттары:
Газеттен, энциклопедиядан және ғылыми-көпшілік әдебиеттен алынған деректерді ажырата білу;
Деректерден алынған ақпараттарға сілтеме жасай білу.
Өздеріңізге қажетті ақпараттарды қайдан аласыздар? Неліктен? Бұл әдістің тиімділігі неде?
ТАҚЫЛАУ СҰРАҒЫ
Сіздің ойыңызша, ақпаратты алудың ең сенімді тәсілі қандай? Топпен ақылдасып, бір тәсілді анықтаңыздар.
ТАҚЫЛАУ СҰРАҒЫ
Оқылымалды тапсырмасының дұрыс жауабы
Оқылым тапсырмасының дұрыс жауабы
Сілтеме (Ссылка; the reference, link) — 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру
Айтқандай, көрсеткендей, айтуынша, деп айтқандай, оның пікірінше және т.б.
1.Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған - дық, - дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады, толықтауыш болады. Мысалы: Мен бұдан артық қуаныш бар демеймін, - деді қатты толқығанын жасырмаған Жазира. Жазира қатты толқып тұрып, бұдан артық қуаныш бар деп білмейтіндігін жеткізді.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы, болмаса туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.Мысалы: Сен осыны қорықпай айт, - деді де, кетуге рұқсат еткен ишарат білдірді. Ол осыларды батыл жеткізуі қажеттігі жайында бұйырып, кетуіне рұқсат еткен ишарасын да білдірді.
3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркесіп екенін деген көмекші етістік айтылады. Мысалы: - Естігендеріңіздің бәрі - шындық, - деді де, кетуге рұқсат еткен ишарат білдірді. Сәт екілене сөйлеп, естігендерінің бәрі шындық екенін, шындыққа әділ төрелік керек екенін де айтып өтті.
4.Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады. Мысалы. - Бірінші келген желаяққа заттай сыйлық дайын, - деп сайыстың демеушісі жарысқа қатысушыларды ынталандырды. Сайыс жемеушісі жарысқа қатысушыларды ынталандырып, бірінші келген желаяқтарға заттай сыйлық дайын екенін ескертті.
5. Төл сөз құрамында сұрау есімдіктері бар сұраулы сөйлем болса, төлеу сөзде сұрау есімдігі сол күйінде қалады. Мысалы: - Бұл мәтінді қалай меңгердің? - дедім таңданған мен. Ол таңданыс білдіріп, бұл мәтінді қалай меңгергенін сұрады.
6. Егер сұраулы сөйлем - ма, -ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды - болымсыз немесе антоним түрінде қосарланып айтылады. Мысалы: - Сен осының бәрін түсіне алдың ба? - деп сұрады сабырлы ұстаз. Ұстаз байсалды қалыпта, осының бәрін меңгере алған - алмағанын сұсрады.
7. Төл сөзде белгілі бір жақта ( І не ІІ жақта) тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан айтылады. Мысалы: (І жақ) Мен келдім, - дедім күндегі әдетіммен есікті ашып еркелей. (ІІ жақ) Ол күндегі әдетімен есікті ашып еркелеп, өзінің келгенін хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?