Алаш қозғалысы. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Алаш қозғалысы

Мектеп: Орал қаласындағы НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні: Мунбаев С. Х.

СЫНЫП: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың оқу мақсаттары

10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

 Сабақтың мақсаттары

Газеттен, энциклопедиядан және ғылыми-көпшілік әдебиеттен алынған деректерді ажырата білу;

Деректерден алынған ақпараттарға сілтеме жасай білу.

Алдыңғы сабақта

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

10 минут

Қызығушылық ояту

Мұғалім оқушыларды 3 оқушыдан топтарға бөледі. Презентация арқылы кезек-кезек сұрақтарды көрсетеді. Әр топ осы сұрақ аясында 1 минут талқылау жүргізеді. Талқылау барысында әр оқушы өзінің ойын айту керек.

Талқылау сұрақтары:

  • Өздеріңізге қажетті ақпараттарды қайдан аласыздар? Неліктен? Бұл әдістің тиімділігі неде?
  • Сіздің ойыңызша, ақпаратты алудың ең сенімді тәсілі қандай? Топпен ақылдасып, бір тәсілді анықтаңыздар.

Оқушылар талқылап болғаннан кейін әр топ өзінің нұсқаларын айтады. Қажетінше сыныпта шағын пікірталас болуы мүмкін.

Топқа бөлу әдісі:

Мұғалім оқушыларға рет бойынша сандар береді. Кейін кездейсоқ сандар генераторы арқылы оларды топтарға бөледі.

Барлық топтар жауап берген соң, мұғалім оқу мақсатын түсіндіріп, оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын талқылайды.

https://randstuff.ru/NUMBER/

5 минут

10 минут

10 минут

Оқылымалды тапсырма

Оқушылар «Энциклопедия», «Газет» және «Ғылыми-көпшілік әдебиет» сөздерін анықтамаларымен сәйкестендіреді.

Дұрыс жауап:

Энциклопедия

анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым

Газет

мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. 

Ғылыми-көпшілік әдебиет

белгілі бір ғылым туралы, сол ғылымды дамытқан ғалымдар жөнінде жазылған шығармалардың жалпы атауы. 

Мұғалім бірнеше оқушыдан сұрап, дұрыс жауаптарды айтады.

Оқылым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға 3 оқылым мәтінін таратады. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, қай мәтіннің қай дерек түріне жатанын анықтайды.

Дескриптор:

  • Энциклопедиялық деректі табады;
  • Газет бетінде жарияланған мәтінді табады;
  • Ғылыми-көпшілік деректі анықтайды.

Оқылымнан кейінгі жұмыс

Мұғалім оқушыларға эссе жазу барысында сілтеме жасаудың маңыздылығы мен тәсілдері жайлы презентация көрсетеді. Бекіту сұрақтарын қояды.

Үлестірме парағы

Үлестірме парағы

Презентация

5 минут

Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылар рефлексия парағын толтырады.

Үй тапсырмасы

Оқушылар «Алаш қозғалысы жайлы менің ойым» тақырыбында 120-140 сөзден тұратын шағын дискуссивті эссе жазады.

Дескрипторлар:

  • Эссенің құрылымын сақтайды;
  • Мәселе жайлы өзінің ойын жазады;
  • Жұмысында кемінде 1 сілтеме жасайды.

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу