Тіл және алаш идеясы. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.


Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Ана тілі» өлеңі

№1-тапсырма

  • Өлеңді мәнерлеп бір рет оқып шығыңыз
  • Ақынның көңіл-күйін танытатын тұстарын белгілеп шығыңыз
  • Өлеңнен лирикалық кейіпкердің жан дүниесін сипаттап көріңіз.

«Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутімнен,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.

Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін,

Сол тілменен ойнадым далада еркін.

Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам,

Өмірден, ен даладан ұққам көркін.

Сол тілменен білгіздім тілегімді,

Бірінші сүйген жарға жүрегімді.

Маған қарай тығылып «жаным» деген,

Мойнына апарғанда білегімді.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілменен ұғынды, әдетті мен жаттадым,

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным».

№2-тапсырма

  • Екі шығармада көтерілген мәселе мен негізгі ойды жазыңыз
  • Екі шығармаға ортақ идеяларды анықтаңыз
  • Өз пікіріңізді білдіріңіз

Шығарманың атауы мен авторы

Міржақып Дулатов «Қазақ тілінің мұңы»

С.Торайғыров

«Ана тілі» өлеңі

Көтерілген мәселе

Негізгі ой

Ортақ идея

Менің пікірім

№3-тапсырма

  • Қазақ тілінің атынан монолог жазыңыз
  • Монолог көлемі 70-80 сөз
  • жаңа сөздерді пайдаланыңыз


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу