«Қазақ» газеті – Алаштың ұлттық мінбері. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айту, жаңалықтарды хабарлауда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке, жаңалыққа қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады.
Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени мәселелер. Үндеудің мақсаты – жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске жұмылдыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.
Публицистикалық стильдің сипаты:
- Сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылады.
- Сөз экспрессивті, екпінді болады.
- Сөз тыңдаушылары мен оқырманын коммуникативтік байланысқа тартатындай құрылады.
- Публицистикалық стильдің тақырыптары өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді.
- Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.
Тілдік ерекшеліктері . Публицистикалық стильдің өзіндік маңызды ерекшеліктері:
- ақпараттық функциясы (информативтік); Публицистикалық мәтіннің ақпараттылығы арнайы лексика, кәсіби сөздер мен арнайы терминдер қолданылатын деректі-құжаттар негізінде берілуі. Талдау жасалынып, ой жинақталған мазмұнда берілуі. Баяндаудың бейэкспрессивтік лексика қолдану негізінде «бейтарап мазмұнда» болуы.
- әсер ету, ықпалын тигізу функциясы (экспрессивтік). Бағалау қызметі (экспрессия) оң немесе теріс бағалауыш мағыналы зат есімдердің, сын есімдердің, үстеулердің қолданысы арқылы берілетіндігі (тамаша, қызықты, керемет, жеткілікті, заңғар, болып көрмеген т.б.). Сөзжасамдық жолмен де берілуі (қазақшылық, ағайыншылық, көзбряушылық т.б.)
Лексикалық ерекшеліктері. Қоғамдық-саяси лексика. Ауызекі, қарапайым сөздер кірігуі. Неологизмдер. Авторлық жаңа қолданыстар болуы. Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы. Лексикалық қайталаулар. Фразеологизмдер. Мақалдар мен мәтелдер.
Морфологиялық ерекшеліктер. Морфолоиялық формалардың барлық түрі дерлік қолданылатындығы. Осы шақ мағынасындағы етістіктердің ерекше қызмет атақаратындығы (жазамыз келіп жазамыз, нәтиже көрінер емес).
Синтаксистік ерекшеліктер. Хабарлы сөйлем. Сұраулы сөйлем. Бұйрықты сөйлем. Лепті сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Жалаң және жайылма сөйлем. Сөйлемнің бір бөлігін дербес сөйлем ретірнде айрықша бөліп қолдану (Мойныңды созып қарай бересің, оны көру үшін).Қыстырма сөздер мен қыстырма сөйлемдер. Стандартты конструкциялар (өзегін өртеу, бүйрегі шығу).
Мәтіндік ерекшеліктер. Сөйлемдердің қысқа болып келуі. Абзацқа бөлу оқырманға, тыңдаушыға әсер ету мақсатында қолданылуы. Кейде бір сөйлем бір абзац болуы. Тақырып оқырманды, тыңдаушыны алдын ала қызықтырып, мәтіннің мазмұны туралы ақпарат беретіні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?