Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оқылым тапсырмасы

Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы

 Әлихан Нұрмұхамедұлының негізгі бес ұстанымы болған. Оның өзі жеке басына қатысты емес, ел мен жерге қатысты ұстаным еді. Оны жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбай былай деп баяндайды. - «Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. Яғни, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс болған. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал, бесіншісі - ең негізігі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас қуатты империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек». Осы ұстанымы негізінде дербес мемлекет құруды көздеген Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастырады. Артынша, 1917 жылы желтоқсан айында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясын жарияланып, Ә.Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (перзиденті) болып сайланады. Осындағы Алаш деген сөздің мағынасын «Түрік баласы» (лақап ат) 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» делінген.

 Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай Әлихан Бөкейхановтың үш түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады дейді. - Біріншісі оның турашылдығы. Екіншісі болмысынан алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Бұл жайлы Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям Мұқанова, Валентина Николаевна Әуезова естеліктерінде ашық жазған.Тіпті тұтқындауға келген Мәскеудің үлкен лауазымды тергеушілерінің өзі тұтқындайтын кезде артық мінез көрсете алмаған. Лиза Әлиханқызы Бөкейханова былай деп еске алады: «Әкемнің мысы кез-келген адамды басып тұрушы еді. Әкем өзін тұтқындауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспастан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Бұл Мәдениетті кісілер, дәстүр аттамайды», - деді. Олар үндей алмай қалды. Сол паузаны пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» - деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася! Мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат!» - деді де маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барса-келместің» командировкасы» - деді сабырмен. Тергеушілер мұның бәрін үнсіз тыңдап тұрды, үндеуге бата алмады. Мен соған таң қалдым. Әкемнің салауаты оларды еш оғаш қылық көрсетуге мүкіндік бермеді». Бұл әңгімені Лиза Кеңес тұсында Алаш тарихынан жабық тақырыпта докторлық диссертация қорғаған тарихшы Жақсалиевке айтып берген. Әлекеңді көрген адамдар: «Біз Бөкейхановпен еркін сөйлесе алмаймыз. Оның мысы басып тұрады және астарлап сөйлейді», - дейді екен. Әлекең өзінің сырын санаулы ғана адамдарға айтқан. «Мен тек Байтұрсыновпен, Дулатовпен ғана ұлт туралы ашық сөйлесе аламын», - дейтіні сол. Үшінші қасиетін айтар болсақ, сондай Ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған. Лиза Бөкейханқызы: «Әкем Смағұл жан тапсырғанда қатты қайғырды. Өзі барып, оның денесін көрқаптан алып, мәйітін медициналық тексеруге апарды. «Өндірістік улану» деген диагноз қойыпты. Денесін крематорииге өртеді. Бұл оның жанына қатты батты», - деп еске алады. Менің ойымша Бөкейханов Смағұл Сәдуақастың қазасына тек күйеу баласы ретінде қабырғасы қайысып отырған жоқ, өз идеясын, Алаш идеясын алға апаратын үмітті шәкіртінен айырылған ауыр қайғыдан егілді. Алаш идеясы өлген сияқты көрінді. Міне, осындай жаны нәзік адам. Осы үш мінез Әлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами болмысын тереңірек танытады.

«Сарбаз» газеті,

Арай Сүгірбай

29 ақпан, 2016 жыл

Оқылым тапсырмасы

1-тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Әлихан Бөкейхановтың алғашқы ұстанымы не туралы болды?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • «Қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс»,-деп, Әлихан Бөкейханов не айтқысы келді?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Әлихан Бөкейхановтың қай ұстанымымен толықтай келісесің? Неліктен?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

  • Лиза Әлиханқызы өз әкесін қалай еске алады?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Әлихан Бөкейхановтың бауырмал, сезімтал болғандығын қай тұстан көруге болады? Мәтіннен дәлел келтіріңіз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша кемінде 4-5 сұраққа жауап бере алады;
  • Өз ойын дәлелдер келтіре отырып білдіре алады.

2-тапсырма: Семантикалық картаны толтырыңыз. Қай көркемдегіш құрал түріне жататынын анықтаңыз.

Көркемдегіш құралдар

Теңеу

Эпитет

Метафора

Мето

нимия

Нақыл сөз

Тұрақты сөз тіркесі

Ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған.

«Біз Бөкейхановпен еркін сөйлесе алмаймыз. Оның мысы басып тұрады және астарлап сөйлейді»

«Қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс»

Ең негізігі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген.

Екіншісі болмысынан алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі.

Алаш идеясын алға апаратын үмітті шәкіртінен айырылған ауыр қайғыдан егілді.

Ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған.

Әкем Смағұл жан тапсырғанда қатты қайғырды.

Осы үш мінез Әлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами болмысын тереңірек танытады.

Бұл оның жанына қатты батты.

Алаш идеясын алға апаратын үмітті шәкіртінен айырылған ауыр қайғыдан егілді.

Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас қуатты империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек

3-тапсырма: төмендегі көркемдегіш құралдардың мағынасын түсіндіріп жазыңыз, мысал келтіріңіз.

Көркемдегіш құралдар

Көркемдегіш құралдардың мағынасын жазыңыз, мысал келтіріңіз.

Дескриптор:

  • Кемінде 8-9 көркемдегіш құралдардың түрлерін ажыратып, жаза алады.
  • 4-5 көркемдегіш құралдың мағынасын ашып, түсіндіре алады, мысал келтіріп жаза алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу