Алаш бағдарламасы. Қазақ тілі, 10 сынып, тыңдалым мәтіні. 2 нұсқа.
Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов.
І. Мемлекет қалпы
Ресей демократиялық, федеративтік республика болу. Үкімет басында Учредительное собрание мен Мемлекеттік Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы басқару. Министрлер Учредительное собрание мен Мемлекеттік Дума алдында жауапты болады. Депутаттар өте құпия сайлаумен болады. Сайлау кезінде қан, дін, еркек – әйел талғаусыз болу. Заңды жалғыз ғана Мемлекеттік Дума шығарады. Ол үкімет үстінен қарап, ісін тексереді. Мемлекет салығы Мемлекеттік Думасыз салынбау.
ІІ. Жергілікті бостандық
Қазақстан Ресей Республиканың федерациялық ағзасы болу. Керек кезде, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлессе, керек болмаса, бірден-ақ өз алдына жеке болады. Земстволықты қабыл алу. Қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етеді. «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын халық дамуына салу.
ІІІ. Негізгі құқық
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу.
IV. Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Кіру – шығу жағынан бостандық. Муфтилік қазақта өз алдында болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.
V. Сот және билігі
Әр адамның билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би және судьялар жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі және үкімі жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Халық олардың үкімін сөзсіз және тез орындау. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Присяжныйлар қазақтан алынуы. Қырдығы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
VI. Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
IX. Ғылым – білім үйрету
Оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
Х. Жер мәселесі
Жер жергілікті жұртқа берілу. Жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?