Алаш бағдарламасы. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 2 нұсқа.


Міржақып Дулатов

«Алашқа» өлеңі

№1-тапсырма

  • Өлеңді мәнерлеп бір рет оқып шығыңыз
  • Ақынның көңіл-күйін танытатын тұстарын белгілеп шығыңыз
  • Өлеңнен лирикалық кейіпкердің жан дүниесін сипаттап көріңіз.

Көк майса бетегелі жерің қайда?

Күмістей толқындаған көлің қайда?

Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен,

Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда?

Көтерген ақ киізге ханың қайда?

Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда?

Түнерген сыртқа айбынды іргең бүтін,

Бір кезде басқа қонған бағың қайда?

Қақ жарған қара қылды биің қайда?

Ақ орда би түсетін уйің қайда?

Салтанат Сарыарқада құрған қазақ,

Толықсып жүрген кеше күнің қайда?

Шаң жұтқан текежәуміт атың қайда?

Қалдырмас жауға тастап жақын қайда?

Ұшқыр ат, түзу мылтық, болат найза,

Киінген көк дулыға батыр қайда?

Қамығып канға толған жүрек қайда?

Бұрқ еткен бір ауыздан тілек қайда?

Жаяуға ат, жалаңашқа киім болып,

Қарасқан нашарыңа көмек қайда?

Бермейтін ел намысын ерің қайда?

Сүйенер қысылғанда белің қайда?

Өйткені айтқаны екі болмайтұғын,

Асыл зат артық туған бегің қайда?

Шалдырмас топтан тура шешен қайда?

Ұлықпен ел бастаған көсем қайда?

Қазағым, қазақшылық қалпың менен

Даңғыл жол сайрап жатқан көшең қайда?

Кемеңгер дұғалы ауыз кәрі қайда?

Дертіңе шипа болар дәрі қайда?

Масайрап кімге сеніп қарысасың,

Жауап бер, осылардың бәрі қайда?

Жауап сол: өткен дәурен қайта келмес,

Қаншама өксігенмен тағдыр көнбес.

Бұл күнгі қарашыл қарт, парашыл би

Өткендер келгенмен де орын бермес.

Сөйткенмен, қазақ көшін оңға бастап,

Жүруді өздігінен тағы білмес.

Мейлің көн, мейлің, жыла соңғыларға,

Қайтсын-ай, қамықты-ау деп, көзіне ілмес.

«Ішкен мас, жеген тоқтың» заманы бұл:

Ашыққан, ащынғаның түкке жүрмес.

«Мал құмар, малдың қолы» деген ақын,

Кім қақса «жемтігінен» соған күндес.

Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:

Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.

Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,

Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес.

Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,

Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес!

№2-тапсырма

  • Өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан баға беріп көріңіз;
  • Міржақып көтеріп отырған өзекті мәселе бүгінгі күні әлі де өзекті ме?
  • Өз ойыңызды 100-120 сөз көлемінде білдіріңіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу