Алаш идеясы жайында. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал.
Қосымша материал
Жанша Досмұхамедов (Жаһанша) (1886 Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы № 1 ауылы - 1937), Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
- 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан[1].
- 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары.[2] 1-Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған.
- 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
- 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
- 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
- 1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.
Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.
Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.
- Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.[5]
Дереккөздер ғаламтордан алынды. https://kk.wikipedia.org.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?