Алаш ғылымы. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

белгілі бір

ғылым

туралы,

сол ғылымды

дамытқан

ғалымдар

жөнінде

жазылған

шығармалардың

жалпы атауы.

анықтамалық

бағытта

шығарылатын

ғылыми

басылым

мерзімді,

уақытша

не

бір рет қана

шығатын

басылым. 

(бұл сөздерді шығарып, бөлек қиып қою керек)

2-қосымша

ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Ақпараттың толыққанды берілуі;
  • Ақпараттың жүйелі түрде ұсынылуы;
  • Ғылымилығы, яғни жалпы ғылымда және қоғамда тұрақталған терминдер мен ұғымдар, автордың гипотезалары мен болжамдары, авторлық неологизмдер қолданылмайды.
  • Деректердің дәлдігі.
  • Әр мақалада дефиницияның (анықтама) болуы;
  • Фактілерге жеке эмоциялық (жағымды да, жағымсыз да) баға берілмейді
  • Көп томдық әмбепап және салалық энциклопедиялар (сөздіктер) қажетті ғылыми-анықтамалық аппаратпен жабдықталуы тиіс: сілтемелер, библиографиялық және этимологиялық анықмалықтар.
  • Ескерту. Әмбепап энциклопедияның тезаурусы өзіне негізгі 4 элементті қосады: ұғымдар (терминдер), оқиғалар, нысандар, библиографиялық мақалалар.

(Тезаурус - бір тілдің бүкіл лексикасын сипаттауға арналған сөздік; ғылымның бір саласының адам не ұжым жинаған ұғымдарының жиынтығы)

ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ӘДЕБИЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Ғылыми-көпшілік әдебиет, негізінен, сол саланың маманы емес адамдарға түсінікті тілмен жазылады. Тақырыбы жағынан ғалымдар ғұмырнамасын, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласын, жиһанкездер саяхатын, т.б. қамтиды. Ғылыми-көпшілік әдебиет ғылымның жетістігін көпшілік қауымға насихаттаушы болып табылады.

БАҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процестер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
  • БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
  • БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
  • БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

3-қосымша

4-қосымша

 Оқылым тапсырмасы. Мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

 «Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш — халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.

 Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі.

 Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.

 Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды.

 Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.

 Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.

 Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды.

 «Ана Тілі» газеті

 Азамат Әбілдаев,Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаты

 Қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми басылымдар ХХ ғасырдың басында жарық көргенін біз тек тәуелсіз кезде білдік. Оған дейін бәрін тек совет өкіметі тудырды деп келген едік. Ж.Аймауытұлы «Психология» (1926), М.Жұмабай «Педагогика» (1927), М.Әуезов «Новый аул. Русский букварь для казахских детей» (1929), Ә.Ермеков қазақтың тұңғыш есеп оқулығы, Ж.Ақпай құқық беру саласы бойынша тұңғыш ғылыми басылымдардың авторлары болып табылады.

 Ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының ағартушылықты қазақ халқын жарқын болашаққа бастаудың сара жолы деп білген. Оның «Алашорда» үкіметінің басшылары құрамында оқулықтар жөніндегі комиссияға сайланып, 1920-1921 жылдары Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болды. Белгілі тарихшы К.Нұрпейіс бұл істі – Қазақ ғылым академиясының құрылған кезі деп санайды. 1921-22 жылдары Өлкелік халық Комиссарияты жанындағы Академиялық орталықтың төрағасы болып қызмет атқарды.

 «Ұлт ұстазы» аталып, қазақ қоғамы мен мәдениетінің ілгері дамуына орасан зор үлес қосқан көсемдеріміздің бірі Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуы үшін көп және нақты еңбек сіңірген қайраткер. Ол өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі», – деп жазып, оқудың қоғамды өзгертуші күш екендігін, әділетсіздіктің көбі білімсіздіктен туындап отырғандығын тап басып, дұрыс көрсетеді.

 А.Байтұрсынұлы осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Әдебиет танытқыш» (1920), «Баяншы» (1926) атты тұңғыш оқулықтарымен бірге Т.Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын жазды. Бұл басылымдар бастауыш мектепте оқытылатын қазақ тілінде оқу, жазу, ұлт тілі, ділі, ұлт тарихы, жағырапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс, т.б. ғылым салалары жайынан көп мазмұнды мағлұматтар беріп, балаларды оқыту ісі барысында маңызды рөл атқарды.

 Сол кезеңдері Ахмет Байтұрсынұлының «Жастардың оқу тәрбиесі түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген даналық сөзі қанатты қағидаға айналғаны белгілі. Қазақ халқының тарихындағы Шоқан, Ыбырай, Абай жүргізген отаршылдыққа оңдырмай тойтарыс беріп, қазақ баласын өз ана тілінде сауат ашуына негіз қалаған ұлттық білім беру ренессансының бастауы бола білген А.Байтұрсынұлы 15 әліппе-оқу құралдарының авторы екені айқын. Бұған қоса Т.Шонанұлымен бірге жазған үш «Оқу құралы» және бар. Сонда барлығы 18 кітап екені бүгін мәлім («Тіл құралын» есептемегенде)...

Ісімақова А.

Тәуелсіздік және Алаш ғылымы: Зерттеулер, мақалалар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. – 288 б.

 Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.

 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.

 

 

 

Сұрақ

Жауап

Ахмет Байтұрсыновтың қандай еңбектері бар?

«Алаш» ұғымын қалай түсінесің?

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің ағартушылық қабілетін қандай мақсатта қолданды?

Алаш зиялыларының белгілі бір ғылыммен айналысу себебі неде деп ойлайсың?

Егер сен сол кездің Алаш зиялысы болсаң, өз еліңе қандай пайдаң болар еді?

Ахмет Байтұрсынұлының «Жастардың оқу тәрбиесі түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген даналық сөзімен қаншалықты келісесің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу